عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِي الْأَسْنَانِ خَمْسٌ خَمْسٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Әр тіс үшін бес түйеден құн төленеді», – дегенін жеткізеді1.
Түсіндірме
1. Әбу Дәуіт пен Нәсәиде бұл хадис Амр ибн Шұғайыбтың әкесінен, оның атасынан жеткізу тізбегімен берілген. Хадис ғалымдарының көпшілігі осы тізбекпен жеткен риуаяттардың бастауында Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас тұрғанын қабылдаған. Тізбекке қатысты кей ғалымның күмәнін № 1900 хадисте айтқанбыз.
2. Хадистегі «бес-бестен» дегені – әр тіс үшін бес түйеден құн төленеді деген сөз. Алдыңғы, артқы, үстіңгі не астыңғы болуына қарамай, барлық тістің құны бірдей.
- 1Әбу Дәуіт, «Дият», 20-тарау, № 4563. Нәсәи, «Қасама», 41-тарау (8/55).