وَعَن بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَكَا خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ الْمَخْزُومِيُّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا أَنَامُ اللَّيْلَ مِنَ الْأَرَقِ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَقُلِ: اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ وَمَا أَظَلَّتْ، وَرَبَّ الْأَرَضِينَ وَمَا أَقَلّتْ، وَرَبَّ الشَّيَاطِينِ وَمَا أَضَلّتْ، كُنْ لِي جَارًا مِنْ شَرِّ خَلْقِكَ كُلِّهِمْ جَمِيعًا أَنْ يَفْرُطَ عَلَيَّ أَحَدٌ، أَوْ أَنْ يَبْغِيَ عَلَيَّ، عَزَّ جَارُكَ، وَجَلَّ ثَنَاؤُكَ، وَلَا إِلَهَ غَيْرُك، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ».«الْأَرَقُ»: السَّهَرُ.«وَيَفْرُطَ»: يَبْدُرُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. »الْأَرَقُ«: السَّهَرُ. »وَيَفْرُطَ«: يَبْدُرُ.
Бурайда (р.а.) былай дейді: «Халид ибн әл-Уәлид әл-Махзуми (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Осы түні ұйқысыздықтан көз іле алмадым”, – деп мұңын шақты. Алла елшісі (с.а.с.): “Жатарда мына дұғаны оқы: ‘Уа, Алла! Жеті қат көктің және солар саясына алғандардың Раббысы! Жерлердің және солар көтеріп тұрғандардың Раббысы! Шайтандардың және олар азғырғандардың Раббысы! Жаратқандарыңның қайсыбірі маған шаппасын, зұлымдық жасамасын деп, барша жаратылысыңның жамандығынан Өзіңнен пана тілеймін. Сен пана берген жан ардақты. Мадағың асқақ. Сенен басқа тәңір жоқ. Тәңір – жалғыз Сенсің’”, – деді».1
- 1Тирмизи, Дағауат 96, (3518).