Хадис

Кутуб ситтә, № 1827

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
239. Ұйықтар алдында және оянғанда айтылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1827 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
1827
Кутуб ситтә, № 1827 · тараудағы реті: 8

وَعَن مَالِكٍ: «أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنِّي أُرَوَّعُ فِي مَنَامِي. فَقَالَ قُلْ: أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّةِ مِنْ غَضَبِهِ وَعِقَابِهِ وَشَرِّ عِبَادِهِ، وَمِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ، وَأَنْ يَحْضِرُونِ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен хабарда Халид ибн әл-Уәлид (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.): «Ұйықтап жатып шошып оянамын», – деген. Алла елшісі оған: «Алланың кәміл сөздеріне сыйынып, Оның қаһарынан, жазасынан, құлдарының жамандығынан, шайтандардың азғыруынан және олардың қасыма келуінен пана тілеймін деп айт», – деген.1

  1. 1Муатта, Шиғр 9, (2, 950).