Хадис

Кутуб ситтә, № 1825

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
239. Ұйықтар алдында және оянғанда айтылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1825 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
1825
Кутуб ситтә, № 1825 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ عِنْدَ مَضْجَعِهِ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِوَجْهِكَ الْكَرِيمِ، وَبِكَلِمَاتِكَ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ كُلِّ دَابَّةٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهَا. اللَّهُمَّ أَنْتَ تَكْشِفُ الْمَغْرَمَ وَالْمَأْثَمَ. اللَّهُمَّ لَا يُهْزَمُ جُنْدُكَ، وَلَا يُخْلَفُ وَعْدُكَ وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ. سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وبِحَمْدِكَ».« وَالْمَأْثَمُ“مَا يَأْثَمُ بِهِ الْإِنْسَانُ وَهُوَ الْإِثْمُ نَفْسُهُ،”وَالْمَغْرَمُ»: الْتِزَامُ إِنْسَانٍ مَالَيْسَ عَلَيْهِ مِنْ تَكَفُّلِ إِنْسانٍ بِدَيْنٍ فَيُؤَدِّيهِ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жатарда: “Уа, Алла! Ұлық Затыңа және кәміл сөздеріңе сыйынып, маңдайынан Өзің ұстаған әрбір жан иесінің жамандығынан пана тілеймін. Уа, Алла! Қарыздан арылтатын да, күнәні кетіретін де Сенсің. Уа, Алла! Сенің әскерің жеңілмейді. Уәдең бұзылмайды. Дәулет иесіне дәулеті Сенің алдыңда пайда бермейді. Уа, Алла! Саған мадақ айтамын, Сені пәктеймін”, – деп дұға ететін».1

Түсіндірме

1. Хадистегі «уәжһ» сөзін «Зат» деп аудардық. Араб тілінде «уәжһ» («жүз») сөзі кейде «зат» мағынасында да қолданылады. Мәселен, «Қасас» сүресінің 88-аятындағы ﴿كُلُّ شَيْءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجْهَهُ﴾ «Одан басқа барлық нәрсе түбінде жойылып жоқ болады!» деген сөзде Алланың Өзі меңзеледі.

2. Кемшілігі жоқ сөздер деп аударылған كَلِمَاتُكَ التَّامَّةُ тіркесінде де Алланың есім сипаттары немесе Құран Кәрім көзделген.

3. Қарыз деп аудырылған сөзбен күнәлар арқылы туған (Алла мен адамдарға қатысты) қарыздардың көзделуі мүмкін екендігі де айтылған.

4. Хадисте жатар кезде жануарлардан Аллаға сиыну, қауіпті және зиянды жәндіктерге қарсы қорғауды сұрау бар. Алла елшісі ұйықтар кезде бөлмеге кіруі мүмкін зиянды жәндіктерге қарсы жатпас бұрын киімнің көмегімен қағуға кеңес беріп «Өздеріңнен кейін бөлмеге ненің кіргенін кім біледі?» – деп айтқан.

Жалынан, айдарынан ұстау – бүкіл зиянды нәрселердің Алланың бақылауында екендігін білдіретін бейнелі сөз.

Хадистегі اَلْجَدُّ сөзі байлық, молшылық деп қабылданған. Оның мағынасы «Байлық иесіне, байлығы саған еш пайда бермейді. Азап мен опатты тоқтата алмайды. Байлықты беруші сен болсаң, қалай тоқтатсың?» дегенге саяды.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 107, (5052).