وَعَنْ يَعْلَى بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْرَأُ عَلَى الْمِنْبَرِ: «وَنَادَوْا يَا مَالِكُ». قَالَ أَبُو دَاوُدَ يَعْنِي بِلَا تَرْخِيمٍ. قَالَ سُفْيَانُ فِي قِرَاءَةِ عَبْدِ اللَّهِ: «وَنَادَوْا يَا مَالِ» مُرَخَّمًا. أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ إِلَّا النَّسَائِيُّ.
Яғла ибн Умәйя (р.а.): «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінберде “Зухруф” сүресінің үзіндісін وَنَادَوْا يَا مَالِكُ1 деп оқығанын естідім», – дейді.
Әбу Дәуіт мұнда مَالِكُ есімінің соңғы әрпі түсірілмей, тәрхимсіз оқылғанын түсіндіреді.
Суфиянның айтуынша, Абдулланың қырағатында есім тәрхиммен, яғни соңғы әрпі түсіріліп2, وَنَادَوْا يَا مَالِ деп оқылады.
Түсіндірме
«Зухруф» сүресінің 77-аяты: وَنَادَوْا۟ يَٰمَٰلِكُ لِيَقْضِ عَلَيْنَا رَبُّكَ قَالَ إِنَّكُم مَّٰكِثُونَ «Олар тозақта: “Уа, Мәлік! Садағаң кетейік! Раббың көзімізді біржолата құртып, шаруамызды бітірсін!” – деп үн қатады. Сонда Мәлік оларға: “Сендер осында мәңгі қаласыңдар!” – деп айтады».3
Жоғарыдағы риуаятта берілгендей, аяттағы «мәлик» مَالِكُ сөзі кейбір қырағаттарда қысқарып, соңындағы «кә» әрпі түсіп қалған және مَالِ болып оқылған. Бұлай оқығандар арасында әзірет Али, ибн Яғмур, Ағмаш, Абдулла ибн Мәсғуд, Суфиян ибн Уәйна бар.
Ибн Хажар жаһаннамдағылардың сөздердің өзін дұрыс айта алмайтындарын айтқан алдыңғы буын ғалымдардың біреуіне мынадай жауаптың берілгенін жеткізеді: «Жаһаннамдықтардың бейшара, әлсіз болғаны сонша – сөздерді бөліп-жарып былай дейді: «мәлик» деудің орнына «мали» деп қысқа қайырады».