Хадис

Кутуб ситтә, № 937

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 937 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 15
937
Кутуб ситтә, № 937 · тараудағы реті: 15Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَرَأَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «مِنْ ضِعْفٍ»، فَقَالَ: «مِنْ ضُعْفٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.) «Рум» сүресінің 54-аятындағы1 тіркесті مِنْ ضِعْفٍ деп оқыған. Алла елшісі оны مِنْ ضُعْفٍ деп түзеткен.2

Түсіндірме

Бұл аят Құран кәрімде былай келеді:

اللَّـهُ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِن بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِن بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً

«Алла сендерді әу баста тым әлсіз етіп жаратты. Кейін сол әлсіздіктен соң күш-қуат береді. Содан кейін күш-қуатыңды кемітіп, қайтадан әлсіз һәм қарт қылады»3

Аятта ضَعْف сөзі үш рет келеді. Асым мен Хамза үшеуін де «дад» әрпіне фәтха қойып оқыған. Хафстан фәтхалы нұсқа да, Убәйд пен Амр арқылы жеткен даммалы нұсқа да бар. Өзге қарилар үшеуін де даммамен оқыған.

Екі оқылым да «әлсіздік» деген мағынаны білдіретін қимыл атауы.

  1. 1«Рум» сүресі, 54-аяттың үзіндісі.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Хуруф уәл-қырағат» (№3978). Тирмизи, «Қырағат» (№2936, Ибраһим Жанан келтірген басылымда №2937).
  3. 3«Рум» сүресі, 54-аяттың үзіндісі.