وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَقْرَأَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي أَنَا الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ».
Түсіндірме
Көпшілік қарилар аятты былай оқиды: إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلْقُوَّةِ ٱلْمَتِينُ «Нағыз Раззақ – құдіретті күш иесі Алла!».3
Екі оқылымның негізгі мағынасы бір. Ибн Мәсғуд жеткізген оқылымда Алла Өзі туралы бірінші жақта айтады, ал көпшілік оқылымда Алла туралы үшінші жақта айтылады. Ағмаш الْمَتِينِ сөзін кәсрамен оқып, الْقُوَّةِ сөзінің анықтауышы деп қараған. Көпшілік пен Ибн Мәсғуд оны الْمَتِينُ деп даммамен оқыған. Бұл нұсқада ол ذُو сөзіне қатысты.