Хадис

Кутуб ситтә, № 929

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 929 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
929
Кутуб ситтә, № 929 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

وَعَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «قُلْ بِفَضْلِ اللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذَلِكَ فَلْتَفْرَحُوا» بِالتَّاءِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кәғбтан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Юнус» сүресінің قُلْ بِفَضْلِ ٱللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِۦ فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟ هُوَ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ «Оларға: “Бұл тек Алланың шексіз жақсылығы мен рақымының арқасы. Ендеше, тек осыған қуансын! Өйткені бұл олардың бүкіл жиған-тергендерінен әлдеқайда артық”, – деп айт»1 деген аятындағы فَلْيَفْرَحُوا сөзін «тә» әрпімен فَلْتَفْرَحُوا деп оқыған.2

Түсіндірме

Бұл оқылым Қатада мен Әбу Алиядан да жеткен. Хафс қырағатында فَلْيَفْرَحُوا هُوَ خَيْرٌ مِمَّا يَجْمَعُونَ деп оқылады.

فَلْيَفْرَحُوا және يَجْمَعُونَ сөздеріндегі «йә» орнына «тә» оқылса, сөздің кімге бағытталғаны өзгереді. Хафста «қуансын, жиған-тергендерінен», ал Әбу Алияның оқылымында «қуаныңдар, жиған-тергендеріңнен» деген мағына шығады. Екі оқылымның негізгі мазмұны бір.

  1. 1«Юнус» сүресі, 58-аят.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Хуруф уәл-қырағат» (№3980–3981). «Тә» әрпімен оқылған нұсқа №3980-де Убәйдің өз сөзі ретінде, №3981-де Пайғамбардан жеткен басқа нұсқа берілген.