Хадис

Кутуб ситтә, № 930

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 930 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
930
Кутуб ситтә, № 930 · тараудағы реті: 8

وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ يَزِيدٍ وَأُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «إِنَّهُ عَمِلَ غَيْرَ صَالِحٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид пен Үммі Сәләманың айтуынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Һуд» сүресіндегі إِنَّهُ عَمَلٌ غَيْرُ صَالِحٍ деген тіркесті إِنَّهُ عَمِلَ غَيْرَ صَالِحٍ1, 2 деп оқыған.

Түсіндірме

Аят Нұхтың ұлын сипаттайды: قَالَ يَٰنُوحُ إِنَّهُۥ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَ إِنَّهُۥ عَمَلٌ غَيْرُ صَٰلِحٍ فَلَا تَسْـَٔلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمٌ إِنِّىٓ أَعِظُكَ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ «Алла: “Уа, Нұх! Ол сенің жанұяңнан емес. Расында, оның ісі ізгі емес. Өзің нақты білмейтін мәселені қозғап, маған өтініш айтпа. Надандардың қатарына қосылмауың үшін саған насихат айтамын”, – деді»3. Ибн Кәсир, Нафиғ, Әбу Амр және Ибн Амир عَمَلٌ غَيْرُ صَالِحٍ деп оқыған. Әл-Кисаи عَمِلَ غَيْرَ صَالِحٍ деп, «ол ізгі іс істеген жоқ» деген мағынада оқыған.

  1. 1Тирмизи, Қырағат 1, (2932); Әбу Дәуіт, Хуруф 1, (3982, 3983).
  2. 2«Һуд» сүресі, 46-аят.
  3. 3«Һуд» сүресі, 46-аят.