وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «وَالْعَيْنُ بِالْعَيْنِ» بِالرَّفْعِ فِي الْأُولَى. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Түсіндірме
Бағауидің айтуынша, әл-Кисаи الْعَيْنُ сөзін және одан кейінгі дене мүшелерінің атауларын даммамен оқыған.
Ибн Кәсир, Ибн Амир, Әбу Жағфар және Әбу Амр тек وَالْجُرُوحُ сөзін даммамен оқыған. Басқа қарилар мұндағы сөздердің бәрін النَّفْسَ сөзі сияқты фәтхамен оқыған. Аяттың осы тұсы былай келеді:
وَكَتَبْنَا عَلَيْهِمْ فِيهَا أَنَّ النَّفْسَ بِالنَّفْسِ وَالْعَيْنَ بِالْعَيْنِ وَالْأَنْفَ بِالْأَنْفِ وَالْأُذُنَ بِالْأُذُنِ وَالسِّنَّ بِالسِّنِّ وَالْجُرُوحَ قِصَاصٌ
«Тәуратта оларға мына үкімді жаздық: Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және сол сияқты жарақаттаудың барлық түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады»3
Әл-Кисаидің الْعَيْنَ сөзі мен одан кейінгі сөздерді даммалы оқуға түрткі болған мәселе сөздің алдындағы «уауды» істі орындаушыға ортақтыққа емес, кейінгі сөйлемдерді байланыстыруына қатысты ой білдіруі. كَتَبْنَا لَهُمْ «оларға жаздық» тіркесін, «оларға айттық» түрінде жорамалдап, сөйлемдерді жеке-жеке тізбектегенде, әл-Кисаидің қырағатындағы мағына басқаларының фатха етіп оқыған кезіндегі мағынаға келеді, айырмашылық қалмайды. Осылайша الْجُرُوحُ сөзін даммалы оқығандардың түпкі ойлары да түсінікті болады».