وَعَنْ مُعَاذٍ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «هَلْ تَسْتَطِيعُ رَبَّكَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Муаз ибн Жәбәлдан (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Мәида» сүресінің 112-аятында хауарилердің يَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ هَلْ يَسْتَطِيعُ رَبُّكَ أَنْ يُنَزِّلَ عَلَيْنَا مَائِدَةً مِنَ السَّمَاءِ «Уа, Мәриямұлы Иса! Раббың бізге көктен дастархан түсіре ала ма?»1 деген сөзіндегі тіркесті هَلْ تَسْتَطِيعُ رَبَّكَ деп оқыған.2
Түсіндірме
Хадисте келтірілген нұсқа – әл-Кисаидің қырағаты. Бұл нұсқада хауарилердің сөзі «Раббыңнан бізге көктен дастархан түсіруін сұрай аласың ба?» дегенді білдіреді. Өзге қарилар هَلْ يَسْتَطِيعُ رَبُّكَ деп, «Раббың бізге дастархан түсіре ала ма?» деген мағынада оқыған.