Хадис

Кутуб ситтә, № 926

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 926 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
926
Кутуб ситтә, № 926 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «غَيْرَ أُولِي الضَّرَرِ» بِنَصْبِ الرَّاءِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбиттен (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Ниса» сүресінің 95-аятындағы غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ үзіндісіндегі غَيْرُ сөзін «ра» әрпіне фәтха қойып, غَيْرَ деп оқығаны айтылады.1

Түсіндірме

Бұлай оқу Нафиғ, ибн Амир, әл-Кисаи қырағатына сәйкес. Алайда Ибн Кәсир, Әбу Амр және Хамза бұны غَيْرُ деп даммамен оқыған. Шазз риуаятта غَيْرِ деп берілген. غَيْرُ болғанда аяттағы قَاعِدُونَ (үйлерінде отырған мүміндер) сөзіне анықтауыш болады. Аяттың мағынасы: «Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес», غَيْرَ болған кезде аяттағы قَاعِدُونَ (үйлерінде отырған мүміндер) сөзіне пысықтауыш немесе шектік демеулік болады. Бұл жағдайда аяттың мағынасы: «Мүміндерден үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырғандар немесе үзірлі болғандардан басқа қол қусырып үйлерінде отырғандар мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес» түрінде болады. Көріп отырғанымыздай, мағынада айырмашылық болмайды.

  1. 1Әбу Дәуіт, Хуруф 1, 3975.