وَفِي رِوَايَةٍ: «شَرِبْتُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ وَلَنْ أَعُودَ إِلَيْهِ. فَنَزَلَتْ: لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ. إِنْ تَتُوبَا إِلَى اللَّهِ. لِحَفْصَةَ وَعَائِشَةَ؛ وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِىُّ إِلَى بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا. هُوَ قَوْلُهُ: بَلْ شَرِبْتُ عَسَلًا وَلَنْ أَعُودَ لَهُ، وَقَدْ حَلَفْتُ فَلَا تُخْبِرِي بِذَلِكَ أَحَدًا».
Басқа риуаятта Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Зейнеп бинт Жахштың жанында бал шәрбатын іштім, ендігәрі оны ішпеспін», – дейді. Кейін мына аят түсті: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِىُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَآ أَحَلَّ ٱللَّهُ لَكَ تَبْتَغِى مَرْضَاتَ أَزْوَٰجِكَ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ قَدْ فَرَضَ ٱللَّهُ لَكُمْ تَحِلَّةَ أَيْمَٰنِكُمْ وَٱللَّهُ مَوْلَىٰكُمْ وَهُوَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْحَكِيمُ وَإِذْ أَسَرَّ ٱلنَّبِىُّ إِلَىٰ بَعْضِ أَزْوَٰجِهِۦ حَدِيثًا فَلَمَّا نَبَّأَتْ بِهِۦ وَأَظْهَرَهُ ٱللَّهُ عَلَيْهِ عَرَّفَ بَعْضَهُۥ وَأَعْرَضَ عَنۢ بَعْضٍ فَلَمَّا نَبَّأَهَا بِهِۦ قَالَتْ مَنْ أَنۢبَأَكَ هَٰذَا قَالَ نَبَّأَنِىَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْخَبِيرُ إِن تَتُوبَآ إِلَى ٱللَّهِ فَقَدْ صَغَتْ قُلُوبُكُمَا وَإِن تَظَٰهَرَا عَلَيْهِ فَإِنَّ ٱللَّهَ هُوَ مَوْلَىٰهُ وَجِبْرِيلُ وَصَٰلِحُ ٱلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ بَعْدَ ذَٰلِكَ ظَهِيرٌ﴾ «Уа, пайғамбар! Жұбайларыңның разылығын қалап, көңілін табам деп, неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?! Алла − Ғафур (өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)! Алла қажет кезде анттарыңды бұза аласыңдар деп үкім шығарып, сендерге оның өтемін белгілеп берді. Алла сендердің қамқор иелерің! Ол – Алим (шексіз ілім иесі), Хаким (асқан даналық иесі)! Кезінде Пайғамбар жұбайларының біріне бір сыр айтқан еді. Алайда жұбайы ол сырды ашып қойғанда, Алла оны (елшісін) ашылған сыр жайынан хабардар етті. Сонда ол жұбайына ашқан сырының бір бөлігін айтып, бір бөлігін айтпады. Осылайша ол жұбайын ашылған сыр жайынан хабардар еткенде, жұбайы таңырқап: “Мұны сізге кім айтты?!” − деп сұрады. Сонда ол: “Мені бұл жайдан Алим (шексіз ілім иесі), Хабир (бәрінен хабардар) Алла хабардар етті”, − деп жауап қатты. Егер екеуің де Аллаға тәубе етсеңдер, өздерің үшін қайырлы болмақ, өйткені жүректерің ауытқып кетті. Ал егер бір-біріңе болысып, оған қарсы келетін болсаңдар, онда біліп қойыңдар, шүбәсіз, Алла және Жәбірейіл мен ізгі мүміндер һәм содан кейін періштелер де оның қолдаушысы!».1
Аяттағы «Екеуің де тәубе етсеңдер» деген сөз Хафса мен Айшаға (р.а.) қатысты. Пайғамбардың жұбайына ашқан сыры мына сөзі еді: «Мен бал іштім. Енді оны ішпеймін. Осыған ант еттім, мұны ешкімге айтпа».
- 1«Тахрим» сүресі, 1–4-аяттар.