Хадис

Кутуб ситтә, № 834

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
112. «Мунафиқун» сүресі
Нөмірі
№ 834 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
834
Кутуб ситтә, № 834 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَنْ كَانَ لَهُ مَالٌ يُبَلِّغُهُ حَجَّ بَيْتِ رَبِّهِ أَوْ تَجِبُ فِيهِ زَكَاةٌ فَلَمْ يَفْعَلْ سَأَلَ الرَّجْعَةَ عِنْدَ الْمَوْتِ، فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: اتَّقِ اللَّهَ يَا ابْنَ عَبَّاسٍ؟ فَإِنَّمَا يَسْأَلُ الرَّجْعَةَ الْكُفَّارُ. فَقَالَ: سَأَتْلُو عَلَيْكُمْ بِذَلِكَ قُرْآنًا: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ، وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ فَأُولَئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ وَأَنْفِقُوا مِمَّا رَزَقْنَاكُمْ إِلَى آخِرِهَا. فَقَالَ الرَّجُلُ: فَمَا يُوجِبُ الزَّكَاةَ؟ فَقَالَ: إِذَا بَلَغَ الْمَالُ مِائَتَيْ دِرْهَمٍ فَصَاعِدًا. قَالَ: فَمَا يُوجِبُ الْحَجَّ؟ قَالَ: الزَّادُ وَالْبَعِيرُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) бір мәртесінде: «Кімде-кімнің қажылыққа баратындай немесе зекет беретіндей дүние-мүлкі бола тұра осы парыздарды орындамаса, ақтық демінде (өмірге) қайта келуді (ражға) сұрайды», – дейді. Бір адам оған: «Ибн Аббас, Алладан қорық, (өмірге) қайта келуді кәпірлер сұрайтын болады», – деді. Ибн Аббас (р.а.): «Мен саған бұл жайлы аят оқып берейін», – деп, мына аятты оқыды: ﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَٰلُكُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُكُمْ عَن ذِكْرِ ٱللَّهِ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ ۝ وَأَنفِقُوا۟ مِن مَّا رَزَقْنَٰكُم مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِىَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوْلَآ أَخَّرْتَنِىٓ إِلَىٰٓ أَجَلٍ قَرِيبٍ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ۝ وَلَن يُؤَخِّرَ ٱللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَآءَ أَجَلُهَا وَٱللَّهُ خَبِيرٌۢ بِمَا تَعْمَلُونَ﴾ «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын! Кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар! Қайсыбіріңе ажал жеткенде, “Уа, Раббым! Мені аз ғана уақытқа кешеуілдетіп мұрсат берсең, жатпай-тұрмай зекет-садақа беріп, ізгі жандардың қатарына қосылар едім” демей тұрып, өздеріңе ризық етіп бергендерімізден жұмсаңдар. Алла ажалы жеткенде, бірде-бір жанды кешеуілдетіп кейінге қалдырмайды. Алла сендердің не істеп жүргендеріңнен толық хабардар!».1

Әлгі кісі: «Зекет қай мөлшерден бастап міндеттеледі?» – деп сұрады. Ибн Аббас (р.а.): «Мал-мүлік екі жүз дирһамға жетсе немесе одан асса», – деп жауап берді. Ол: «Қажылықтың парыз болуы үшін не қажет?» – деді. Ибн Аббас: «Жол азығы мен мініс көлігі», – деді.2

  1. 1«Мунафиқун» сүресі, 9–11-аяттар
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Мунафиқун» (№3316, Ибраһим Жанан басылымында №3313).