عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِرَجُلٍ قَدْ شَرِبَ، قَالَ: «اِضْرِبُوهُ». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: فَمِنَّا الضَّارِبُ بِيَدِهِ، وَالضَّارِبُ بِنَعْلِهِ، وَالضَّارِبُ بِثَوْبِهِ، فَلَمَّا اِنْصَرَفَ قَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: «أَخْزَاكَ اللَّهُ». قَالَ: «لَا تَقُولُوا هَكَذَا؛ لَا تُعِينُوا عَلَيْهِ الشَّيْطَانَ».
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) ішімдік ішкен бір адам әкелінді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны ұрыңдар”, – деді. Арамызда оны қолымен ұрған да, аяқкиімімен ұрған да, киімімен ұрған да болды. Әлгі адам кетіп бара жатқанда, жиналғандардың бірі: “Алла сені қор етсін!” – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұлай демеңдер! Оған қарсы шайтанға жәрдемдеспеңдер”, – деді».