عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ كَانَ اسْمُهُ عَبْدَ اللَّهِ، وَكَانَ يُلَقَّبُ حِمَارًا، وَكَانَ يُضْحِكُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ قَدْ جَلَدَهُ فِي الشَّرَابِ، فَأُتِيَ بِهِ يَوْمًا فَأَمَرَ بِهِ فَجُلِدَ، فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «اللَّهُمَّ اِلْعَنْهُ، مَا أَكْثَرَ مَا يُؤْتَى بِهِ!» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تَلْعَنُوهُ، فَوَاللَّهِ مَا عَلِمْتُ أَنَّهُ يُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ».
Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) дәуірінде Абдулла есімді бір адам болды. Оны “Химар” деп атайтын. Ол Алла Елшісін (с.а.с.) күлдіретін. Пайғамбар (с.а.с.) оған ішімдік ішкені үшін дүре соқтырған еді. Бір күні оны тағы да алып келді. Пайғамбар (с.а.с.) бұйрық беріп, оған дүре соғылды. Сонда жиналғандардың бірі: “Уа, Алла! Оны лағынеттей гөр! Ол мұнда қаншама рет әкелінді!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны лағынеттемеңдер! Алланың атымен ант етемін, мен оның Алла мен Оның Елшісін жақсы көретінін білемін”, – деді», – деген.