Хадис
كِتَابُ الْمُحَارِبِينَ

Қарақшылар кітабы

Сахих әл-Бұхари, 86-кітап · 2 хадис · № 2189–2190

بَابُ كَمِ التَّعْزِيرُ وَالْأَدَبُ

1-бапТағзир мен тәртіптік жазаның мөлшері туралы

2189
Бұхари, № 2189 · Сахих: 6848Риуаят етуші: Әбу Бурда

عَنْ أَبِي بُرْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يُجْلَدُ فَوْقَ عَشْرِ جَلَدَاتٍ إِلَّا فِي حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Аса үстем әрі ұлы Алланың хад жазаларының бірінен өзге жағдайда он дүреден артық соғылмайды”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ قَذْفِ الْعَبِيدِ

2-бапҚұлдарды зина жасады деп айыптау туралы

2190
Бұхари, № 2190 · Сахих: 6858Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ أَبَا الْقَاسِمِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ قَذَفَ مَمْلُوكَهُ وَهُوَ بَرِيءٌ مِمَّا قَالَ، جُلِدَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، إِلَّا أَنْ يَكُونَ كَمَا قَالَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Әбул-Қасымның (с.а.с.): “Кім өз құлын зина жасады деп айыптаса, ал құлы тағылған айыптан пәк болса, Қиямет күні оған дүре соғылады. Құлы расында да өзі айтқандай болған жағдайда ғана оған жаза қолданылмайды”, – дегенін естідім», – деді.