عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سُئِلَ عَنِ ابْنَةٍ، وَابْنَةِ ابْنٍ، وَأُخْتٍ، فَقَالَ: «لِلِابْنَةِ النِّصْفُ، وَلِلْأُخْتِ النِّصْفُ، وَأْتِ ابْنَ مَسْعُودٍ فَسَيُتَابِعُنِي». فَسُئِلَ ابْنُ مَسْعُودٍ وَأُخْبِرَ بِقَوْلِ أَبِي مُوسَى، فَقَالَ: «لَقَدْ ضَلَلْتُ إِذًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُهْتَدِينَ. أَقْضِي فِيهَا بِمَا قَضَى النَّبِيُّ ﷺ: “لِلِابْنَةِ النِّصْفُ، وَلِابْنَةِ ابْنٍ السُّدُسُ تَكْمِلَةَ الثُّلُثَيْنِ، وَمَا بَقِيَ فَلِلْأُخْتِ”». فَأُخْبِرَ أَبُو مُوسَى بِقَوْلِ ابْنِ مَسْعُودٍ، فَقَالَ: «لَا تَسْأَلُونِي مَا دَامَ هَذَا الْحَبْرُ فِيكُمْ».
Қазақша аудармасы
Әбу Мұсадан (р.а.) марқұмның артында қызы, ұлынан туған немере қызы және әпке-қарындасы қалған жағдай туралы сұралды. Ол: «Қызына мұраның жартысы, әпке-қарындасына жартысы тиесілі. Ибн Мәсғудқа да барып сұраңдар, ол менің пікіріммен келіседі», – деді. Ибн Мәсғудтан осы мәселе сұралып, оған Әбу Мұсаның жауабы айтылды. Сонда ол: «Егер мен де солай үкім етсем, адасып, тура жол таппаған боламын. Мен бұл мәселеде Пайғамбардың (с.а.с.) үкімімен үкім етемін: қызына жартысы, ұлынан туған немере қызына үштен екі үлесті толықтыратын алтыдан бірі, ал қалғаны әпке-қарындасына тиесілі», – деді. Әбу Мұсаға Ибн Мәсғудтың жауабы жеткізілгенде, ол: «Араларыңда осы ғұлама тұрғанда, менен сұрамаңдар», – деді.