Хадис
كِتَابُ كَفَّارَاتِ الْأَيْمَانِ

Анттардың кәффараттары кітабы

Сахих әл-Бұхари, 83-кітап · 2 хадис · № 2173–2174

بَابُ صَاعِ الْمَدِينَةِ وَمُدِّ النَّبِيِّ ﷺ وَبَرَكَتِهِ

1-бапМәдинаның сағы, Пайғамбардың (с.а.с.) мүді және оның берекесі туралы

2173
Бұхари, № 2173 · Сахих: 6712Риуаят етуші: Саиб ибн Язид

عَنِ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ الصَّاعُ عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ مُدًّا وَثُلُثًا بِمُدِّكُمُ الْيَوْمَ».

Қазақша аудармасы

Саиб ибн Язид (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) дәуіріндегі бір сағ сендердің бүгінгі мүдтеріңмен есептегенде бір мүд пен мүдтің үштен біріне тең болатын», – деген.

2174
Бұхари, № 2174 · Сахих: 6714Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لَهُمْ فِي مِكْيَالِهِمْ وَصَاعِهِمْ وَمُدِّهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Уа, Алла! Олардың өлшеміне, сағына және мүдіне береке бере гөр!» – дегенін жеткізді.