Хадис
كِتَابُ الرِّقَاقِ

Жүректі жұмсартатын нәрселер кітабы

Сахих әл-Бұхари, 80-кітап · 47 хадис · № 2111–2157

Мазмұны: 29 бап
  1. 1Денсаулық пен бос уақыт және шынайы тіршіліктің ақырет тіршілігі екені туралы
  2. 2Пайғамбардың (с.а.с.) «Дүниеде жатжерлік секілді бол» деген сөзі туралы
  3. 3Үміт және ұзақ өмірден дәмету туралы
  4. 4Алпыс жасқа жеткен адамға Алланың ақталатын уәж қалдырмайтыны туралы
  5. 5Алланың разылығы көзделетін амал туралы
  6. 6Ізгі адамдардың дүниеден өтуі туралы
  7. 7Мал-дүние сынағынан сақтану туралы
  8. 8Адамның алдын ала жұмсаған мал-мүлкінің өзіне тиесілі екені туралы
  9. 9Шынайы байлықтың жан байлығы екені туралы
  10. 10Пайғамбар (с.а.с.) мен сахабаларының тұрмысы және олардың дүниеден бойын аулақ ұстауы туралы
  11. 11Амал жасауда орта жолды ұстану және амалды тұрақты жалғастыру туралы
  12. 12Үмітпен қатар қорқыныштың да болуы туралы
  13. 13Тілді сақтау туралы
  14. 14Күнәлардан тыйылу туралы
  15. 15Тозақтың нәпсі құмарлықтарымен бүркелгені туралы
  16. 16«Жәннат сендердің әрқайсыңа аяқкиіміңнің бауынан да жақын, Тозақ та дәл солай» деген сөз туралы
  17. 17Өзінен төмен тұрған адамға қарап, өзінен жоғары тұрған адамға қарамау туралы
  18. 18Жақсылық немесе жамандық істеуге ниеттенген адам туралы
  19. 19Аманаттың алынуы туралы
  20. 20Рия және амалды жұртқа естірту туралы
  21. 21Кішіпейілділік туралы
  22. 22«Кім Аллаға жолығуды жақсы көрсе, Алла да онымен жолығуды жақсы көреді» деген сөз туралы
  23. 23Жантәсілім кезіндегі қиналыстар туралы
  24. 24Қиямет күні Алланың жерді уысына алуы туралы
  25. 25Адамдардың қалай жиналатыны туралы
  26. 26Алла Тағаланың «Сонда олар өздерінің өлгеннен кейін қайтадан тірілетінін ойламай ма?!», «Ұлы күн үшін» және «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 4–6-аяттар) деген сөздері туралы
  27. 27Қиямет күніндегі қысас туралы
  28. 28Жәннат пен Тозақтың сипаты туралы
  29. 29Хауыз туралы
بَابُ مَا جَاءَ فِي الصِّحَّةِ وَالْفَرَاغِ وَأَنْ لَا عَيْشَ إِلَّا عَيْشُ الْآخِرَةِ

1-бапДенсаулық пен бос уақыт және шынайы тіршіліктің ақырет тіршілігі екені туралы

2111
Бұхари, № 2111 · Сахих: 6412Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Көптеген адам екі нығметтің – денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмей, зиянға ұшырайды», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «كُنْ فِي الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ»

2-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Дүниеде жатжерлік секілді бол» деген сөзі туралы

2112
Бұхари, № 2112 · Сахих: 6416Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَنْكِبِي فَقَالَ: «كُنْ فِي الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ أَوْ عَابِرُ سَبِيلٍ». وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يَقُولُ: «إِذَا أَمْسَيْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِكَ لِمَرَضِكَ، وَمِنْ حَيَاتِكَ لِمَوْتِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) иығымнан ұстап: “Дүниеде жатжерлік немесе жолаушы секілді бол”, – деді». Ибн Омар (р.а.): «Кешке жетсең, таңды күтпе. Таңға жетсең, кешті күтпе. Ауырмай тұрып денсаулығыңды, өлім келмей тұрып өміріңді пайдаланып қал», – дейтін.

بَابٌ فِي الْأَمَلِ وَطُولِهِ

3-бапҮміт және ұзақ өмірден дәмету туралы

2113
Бұхари, № 2113 · Сахих: 6417

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خَطًّا مُرَبَّعًا، وَخَطَّ خَطًّا فِي الْوَسَطِ خَارِجًا مِنْهُ، وَخَطَّ خُطُطًا صِغَارًا إِلَى هَذَا الَّذِي فِي الْوَسَطِ مِنْ جَانِبِهِ الَّذِي فِي الْوَسَطِ، وَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ، وَهَذَا أَجَلُهُ مُحِيطٌ بِهِ، أَوْ قَدْ أَحَاطَ بِهِ، وَهَذَا الَّذِي هُوَ خَارِجٌ أَمَلُهُ، وَهَذِهِ الْخُطُطُ الصِّغَارُ الْأَعْرَاضُ، فَإِنْ أَخْطَأَهُ هَذَا نَهَشَهُ هَذَا، وَإِنْ أَخْطَأَهُ هَذَا نَهَشَهُ هَذَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) төртбұрыш сызып, оның ортасынан сыртқа шығып тұрған бір сызық жүргізді. Содан кейін оның жанынан ортадағы сызыққа қарай бірнеше қысқа сызық жүргізіп: “Мынау – адам. Ал мынау – оны қоршаған ажалы (немесе: ‘оны қоршап алған ажалы’). Сыртқа шығып тұрған мына сызық – оның үміті. Ал мына қысқа сызықтар – түрлі кесапаттар. Егер мынауы оған тимей өтсе, анауы тістейді. Ал анауы тимей өтсе, келесісі тістейді”, – деді».

2114
Бұхари, № 2114 · Сахих: 6418Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خُطُوطًا، فَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ وَهَذَا أَجَلُهُ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ جَاءَهُ الْخَطُّ الْأَقْرَبُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бірнеше сызық сызып: “Мынау – адам, ал мынау – оның ажалы. Ол осылай жүргенде, кенет оған ең жақын сызық жетеді”, – деді».

بَابُ مَنْ بَلَغَ سِتِّينَ سَنَةً فَقَدْ أَعْذَرَ اللَّهُ إِلَيْهِ فِي الْعُمُرِ

4-бапАлпыс жасқа жеткен адамға Алланың ақталатын уәж қалдырмайтыны туралы

2115
Бұхари, № 2115 · Сахих: 6419Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَعْذَرَ اللَّهُ إِلَى اِمْرِئٍ أَخَّرَ أَجَلَهُ حَتَّى بَلَّغَهُ سِتِّينَ سَنَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Алла ажалын алпыс жасқа жеткенше кешіктірген адамға ақталатын ешбір уәж қалдырмады», – деген.

2116
Бұхари, № 2116 · Сахих: 6420Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَزَالُ قَلْبُ الْكَبِيرِ شَابًّا فِي اِثْنَتَيْنِ: فِي حُبِّ الدُّنْيَا وَطُولِ الْأَمَلِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Қарт адамның жүрегі екі нәрседе жас күйінде қала береді: дүниені сүюде және ұзақ өмірден дәметуде”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ الْعَمَلِ الَّذِي يُبْتَغَى بِهِ وَجْهُ اللَّهِ

5-бапАлланың разылығы көзделетін амал туралы

2117
Бұхари, № 2117 · Сахих: 6423

عَنْ عِتْبَانَ بْنِ مَالِكٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يُوَافِيَ عَبْدٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يَقُولُ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، يَبْتَغِي بِهِ وَجْهَ اللَّهِ، إِلَّا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ النَّارَ».

Қазақша аудармасы

Итбан ибн Мәлик әл-Ансари (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні Алланың разылығын көздеп: ‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ’, – деген күйде келген кез келген құлға Алла Тозақты харам етеді”, – деген», – деп жеткізген.

2118
Бұхари, № 2118 · Сахих: 6424Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: “مَا لِعَبْدِي الْمُؤْمِنِ عِنْدِي جَزَاءٌ إِذَا قَبَضْتُ صَفِيَّهُ مِنْ أَهْلِ الدُّنْيَا ثُمَّ اِحْتَسَبَهُ إِلَّا الْجَنَّةُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Тағала: “Мүмін құлымның дүниедегі сүйікті жанын алып, ол мұның сауабын Менен күтсе, оған Менің құзырымда Жәннаттан басқа сый жоқ”, – дейді», – деген.

بَابُ ذَهَابِ الصَّالِحِينَ

6-бапІзгі адамдардың дүниеден өтуі туралы

2119
Бұхари, № 2119 · Сахих: 6434

عَنْ مِرْدَاسٍ الْأَسْلَمِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَذْهَبُ الصَّالِحُونَ الْأَوَّلُ فَالْأَوَّلُ، وَيَبْقَى حُفَالَةٌ كَحُفَالَةِ الشَّعِيرِ أَوِ التَّمْرِ؛ لَا يُبَالِيهِمُ اللَّهُ بَالَةً».

Қазақша аудармасы

Мирдас әл-Асламиден (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Ізгі адамдар бірінен соң бірі дүниеден өтеді. Артында арпа не құрманың қалдығындай құнсыз тобыр ғана қалады. Алла оларға ешбір мән бермейді», – деген.

بَابُ مَا يُتَّقَى مِنْ فِتْنَةِ الْمَالِ

7-бапМал-дүние сынағынан сақтану туралы

2120
Бұхари, № 2120 · Сахих: 6436Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَوْ كَانَ لِابْنِ آدَمَ وَادِيَانِ مِنْ مَالٍ لَابْتَغَى ثَالِثًا، وَلَا يَمْلَأُ جَوْفَ ابْنِ آدَمَ إِلَّا التُّرَابُ، وَيَتُوبُ اللَّهُ عَلَى مَنْ تَابَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Адам баласының мал-мүлікке толы екі аңғары болса, үшіншісін іздер еді. Адам баласының ішін топырақтан басқа ештеңе толтырмайды. Алла тәубе еткен адамның тәубесін қабыл етеді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ مَا قَدَّمَ مِنْ مَالِهِ فَهُوَ لَهُ

8-бапАдамның алдын ала жұмсаған мал-мүлкінің өзіне тиесілі екені туралы

2121
Бұхари, № 2121 · Сахих: 6442

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَيُّكُمْ مَالُ وَارِثِهِ أَحَبُّ إِلَيْهِ مِنْ مَالِهِ؟» قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا مِنَّا أَحَدٌ إِلَّا مَالُهُ أَحَبُّ إِلَيْهِ». قَالَ: «فَإِنَّ مَالَهُ مَا قَدَّمَ، وَمَالُ وَارِثِهِ مَا أَخَّرَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Қайсыларыңа мұрагерінің мал-мүлкі өз мал-мүлкінен сүйіктірек?” – деп сұрады. Біз: “Уа, Расулалла! Әрқайсымызға өз мал-мүлкіміз сүйіктірек”, – дедік. Сонда ол: “Адамның өз мал-мүлкі – алдын ала жұмсағаны, ал мұрагерінің мал-мүлкі – артында қалдырғаны”, – деді».

بَابُ الْغِنَى غِنَى النَّفْسِ

9-бапШынайы байлықтың жан байлығы екені туралы

2122
Бұхари, № 2122 · Сахих: 6446Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْغِنَى عَنْ كَثْرَةِ الْعَرَضِ؛ وَلَكِنَّ الْغِنَى غِنَى النَّفْسِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Байлық мал-дүниенің көптігінде емес. Шынайы байлық – жан байлығы», – деген.

بَابُ كَيْفَ كَانَ عَيْشُ النَّبِيِّ ﷺ وَأَصْحَابِهِ وَتَخَلِّيهِمْ مِنَ الدُّنْيَا

10-бапПайғамбар (с.а.с.) мен сахабаларының тұрмысы және олардың дүниеден бойын аулақ ұстауы туралы

2123
Бұхари, № 2123 · Сахих: 6452Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: «آللَّهِ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ، إِنْ كُنْتُ لَأَعْتَمِدُ بِكَبِدِي عَلَى الْأَرْضِ مِنَ الْجُوعِ، وَإِنْ كُنْتُ لَأَشُدُّ الْحَجَرَ عَلَى بَطْنِي مِنَ الْجُوعِ، وَلَقَدْ قَعَدْتُ يَوْمًا عَلَى طَرِيقِهِمُ الَّذِي يَخْرُجُونَ مِنْهُ، فَمَرَّ أَبُو بَكْرٍ، فَسَأَلْتُهُ عَنْ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ، مَا سَأَلْتُهُ إِلَّا لِيُشْبِعَنِي، فَمَرَّ وَلَمْ يَفْعَلْ، ثُمَّ مَرَّ بِي عُمَرُ، فَسَأَلْتُهُ عَنْ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ، مَا سَأَلْتُهُ إِلَّا لِيُشْبِعَنِي، فَمَرَّ فَلَمْ يَفْعَلْ، ثُمَّ مَرَّ بِي أَبُو الْقَاسِمِ ﷺ، فَتَبَسَّمَ حِينَ رَآنِي، وَعَرَفَ مَا فِي نَفْسِي وَمَا فِي وَجْهِي، ثُمَّ قَالَ: “أَبَا هِرٍّ”. قُلْتُ: “لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “اِلْحَقْ”. وَمَضَى فَتَبِعْتُهُ، فَدَخَلَ، فَاسْتَأْذَنْتُ، فَأَذِنَ لِي، فَدَخَلْتُ، فَوَجَدَ لَبَنًا فِي قَدَحٍ، فَقَالَ: “مِنْ أَيْنَ هَذَا اللَّبَنُ؟” قَالُوا: “أَهْدَاهُ لَكَ فُلَانٌ أَوْ فُلَانَةُ”. قَالَ: “أَبَا هِرٍّ”. قُلْتُ: “لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “اِلْحَقْ إِلَى أَهْلِ الصُّفَّةِ فَادْعُهُمْ لِي”. قَالَ: وَأَهْلُ الصُّفَّةِ أَضْيَافُ الْإِسْلَامِ، لَا يَأْوُونَ إِلَى أَهْلٍ وَلَا مَالٍ وَلَا عَلَى أَحَدٍ، إِذَا أَتَتْهُ صَدَقَةٌ بَعَثَ بِهَا إِلَيْهِمْ وَلَمْ يَتَنَاوَلْ مِنْهَا شَيْئًا، وَإِذَا أَتَتْهُ هَدِيَّةٌ أَرْسَلَ إِلَيْهِمْ وَأَصَابَ مِنْهَا وَأَشْرَكَهُمْ فِيهَا، فَسَاءَنِي ذَلِكَ، فَقُلْتُ: “وَمَا هَذَا اللَّبَنُ فِي أَهْلِ الصُّفَّةِ؟ كُنْتُ أَحَقُّ أَنَا أَنْ أُصِيبَ مِنْ هَذَا اللَّبَنِ شَرْبَةً أَتَقَوَّى بِهَا، فَإِذَا جَاءَ أَمَرَنِي، فَكُنْتُ أَنَا أُعْطِيهِمْ، وَمَا عَسَى أَنْ يَبْلُغَنِي مِنْ هَذَا اللَّبَنِ؟” وَلَمْ يَكُنْ مِنْ طَاعَةِ اللَّهِ وَطَاعَةِ رَسُولِهِ ﷺ بُدٌّ؛ فَأَتَيْتُهُمْ فَدَعَوْتُهُمْ فَأَقْبَلُوا، فَاسْتَأْذَنُوا فَأَذِنَ لَهُمْ، وَأَخَذُوا مَجَالِسَهُمْ مِنَ الْبَيْتِ. قَالَ: “يَا أَبَا هِرٍّ”. قُلْتُ: “لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “خُذْ فَأَعْطِهِمْ”. قَالَ: فَأَخَذْتُ الْقَدَحَ، فَجَعَلْتُ أُعْطِيهِ الرَّجُلَ فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ، فَأُعْطِيهِ الرَّجُلَ فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ، حَتَّى اِنْتَهَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَقَدْ رَوِيَ الْقَوْمُ كُلُّهُمْ، فَأَخَذَ الْقَدَحَ فَوَضَعَهُ عَلَى يَدِهِ، فَنَظَرَ إِلَيَّ فَتَبَسَّمَ، فَقَالَ: “أَبَا هِرٍّ”. قُلْتُ: “لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “بَقِيتُ أَنَا وَأَنْتَ”. قُلْتُ: “صَدَقْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “اُقْعُدْ فَاِشْرَبْ”، فَقَعَدْتُ فَشَرِبْتُ، فَقَالَ: “اِشْرَبْ”، فَشَرِبْتُ، فَمَا زَالَ يَقُولُ: “اِشْرَبْ” حَتَّى قُلْتُ: “لَا وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا أَجِدُ لَهُ مَسْلَكًا”. قَالَ: “فَأَرِنِي”. فَأَعْطَيْتُهُ الْقَدَحَ، فَحَمِدَ اللَّهَ وَسَمَّى وَشَرِبَ الْفَضْلَةَ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деген: «Өзінен басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ Аллаға ант етемін! Кейде аштықтан ішімді жерге басып жататынмын. Кейде аштықтан қарныма тас байлайтынмын. Бір күні олардың жүріп өтетін жолының бойына отырдым. Қасымнан Әбу Бәкір өтті. Мен одан Алланың Кітабындағы бір аят туралы сұрадым. Бұл сұрақты тек мені тамақтандырсын деген оймен қойған едім. Алайда ол өтіп кетті де, мен күткендей істемеді. Содан кейін қасымнан Омар өтті. Мен одан да Алланың Кітабындағы бір аят туралы сұрадым. Бұл сұрақты да тек мені тамақтандырсын деген оймен қойған едім. Бірақ ол да өтіп кетті де, мен күткендей істемеді. Содан кейін қасымнан Әбул-Қасым (с.а.с.) өтті. Ол мені көргенде жымиып, көңілімдегі ойымды да, жүзімдегі халімді де аңғарды. Содан соң: “Уа, Әбу Һирр!” – деді. Мен: “Құп, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Соңымнан ер”, – деді де, жүріп кетті. Мен оның соңынан ердім. Ол үйіне кірді. Мен кіруге рұқсат сұрадым. Ол рұқсат берген соң, ішке кірдім. Ол бір ыдыстағы сүтті көріп: “Бұл сүт қайдан келді?” – деп сұрады. Үйдегілер: “Оны сізге пәленше деген ер адам немесе пәленше деген әйел сыйға тартты”, – деді. Ол: “Уа, Әбу Һирр!” – деді. Мен: “Құп, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Суффа тұрғындарына барып, оларды маған шақырып кел”, – деді. Суффа тұрғындары Исламның қонақтары еді. Олардың паналайтын отбасы да, мал-мүлкі де, сүйенетін адамы да жоқ болатын. Пайғамбарға (с.а.с.) садақа келгенде, оны соларға жіберіп, өзі одан ештеңе алмайтын. Ал сыйлық келгенде, оларға да беріп, өзі де одан алып, оларды сол сыйлыққа ортақтастыратын. Оның бұл бұйрығы маған ауыр тиді. Ішімнен: “Мына сүт Суффа тұрғындарының бәріне қалай жетсін? Осы сүттен бір жұтым ішіп, әлденіп алуға мен лайығырақ едім. Олар келген соң, Алла Елшісі (с.а.с.) маған сүтті өз қолыммен үлестіруді бұйырады. Сонда бұл сүттен маған не қалмақ?” – дедім. Алайда Аллаға және Оның Елшісіне (с.а.с.) мойынсұнудан басқа амал жоқ еді. Мен оларға барып, шақырып келдім. Олар келіп, кіруге рұқсат сұрады. Оларға рұқсат берілген соң, үйге кіріп, орындарына жайғасты. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Әбу Һирр!” – деді. Мен: “Құп, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Ыдысты ал да, оларға бер”, – деді. Мен ыдысты алып, бір кісіге бердім. Ол сүтке әбден қанғанша ішіп, ыдысты маған қайтарды. Содан кейін оны келесі кісіге бердім. Ол да сүтке әбден қанғанша ішіп, ыдысты маған қайтарды. Осылайша ыдысты әрқайсысына беріп отырдым. Олардың әрбірі әбден қанғанша ішіп, ыдысты маған қайтаратын. Ақырында бәрі сүтке қанып болған соң, Пайғамбарға (с.а.с.) келдім. Ол ыдысты алып, алақанына қойды да, маған қарап жымиды. Содан кейін: “Уа, Әбу Һирр!” – деді. Мен: “Құп, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Екеуіміз ғана қалдық: мен және сен”, – деді. Мен: “Рас айттыңыз, уа, Расулалла!” – дедім. Ол: “Отыр да, іш”, – деді. Мен отырып, сүтті іштім. Ол: “Тағы іш”, – деді. Мен тағы іштім. Ол маған қайта-қайта: “Іш”, – дей берді. Ақырында мен: “Жоқ, сізді ақиқатпен жіберген Аллаға ант етемін! Енді ішімде сүтке орын қалған жоқ”, – дедім. Ол: “Онда ыдысты маған бер”, – деді. Мен ыдысты оған бердім. Ол Аллаға мадақ айтып, Оның есімін атады да, қалған сүтті ішті».

2124
Бұхари, № 2124 · Сахих: 6460Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ اُرْزُقْ آلَ مُحَمَّدٍ قُوتًا».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Мұхаммедтің отбасына күнкөрісіне жетерлік ризық нәсіп ете гөр», – деген.

بَابُ الْقَصْدِ وَالْمُدَاوَمَةِ عَلَى الْعَمَلِ

11-бапАмал жасауда орта жолды ұстану және амалды тұрақты жалғастыру туралы

2125
Бұхари, № 2125 · Сахих: 6463Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يُنَجِّيَ أَحَدًا مِنْكُمْ عَمَلُهُ». قَالُوا: «وَلَا أَنْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «وَلَا أَنَا، إِلَّا أَنْ يَتَغَمَّدَنِي اللَّهُ بِرَحْمَةٍ. سَدِّدُوا وَقَارِبُوا، وَاغْدُوا وَرُوحُوا، وَشَيْءٌ مِنَ الدُّلْجَةِ، وَالْقَصْدَ الْقَصْدَ تَبْلُغُوا».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ешқайсыңды өз амалың құтқара алмайды”, – деді. Адамдар: “Уа, Расулалла! Сізді де ме?” – деп сұрады. Ол: “Мені де, тек Алла Өз рақымына бөлесе ғана құтыламын. Туралықты көздеңдер әрі соған барынша жақындаңдар. Таңертең, кешке және түннің бір бөлігінде амал етіңдер. Орта жолды ұстаныңдар, орта жолды ұстаныңдар – сонда мұраттарыңа жетесіңдер”, – деді».

2126
Бұхари, № 2126 · Сахих: 6465Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سُئِلَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَيُّ الْأَعْمَالِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ؟» قَالَ: «أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбардан (с.а.с.): “Аллаға ең сүйікті амал қайсы?” – деп сұралды. Ол: “Аз болса да, тұрақты жасалғаны”, – деді».

بَابُ الرَّجَاءِ مَعَ الْخَوْفِ

12-бапҮмітпен қатар қорқыныштың да болуы туралы

2127
Бұхари, № 2127 · Сахих: 6469Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ خَلَقَ الرَّحْمَةَ يَوْمَ خَلَقَهَا مِائَةَ رَحْمَةٍ، فَأَمْسَكَ عِنْدَهُ تِسْعًا وَتِسْعِينَ رَحْمَةً، وَأَرْسَلَ فِي خَلْقِهِ كُلِّهِمْ رَحْمَةً وَاحِدَةً، فَلَوْ يَعْلَمُ الْكَافِرُ بِكُلِّ الَّذِي عِنْدَ اللَّهِ مِنَ الرَّحْمَةِ لَمْ يَيْأَسْ مِنَ الْجَنَّةِ، وَلَوْ يَعْلَمُ الْمُؤْمِنُ بِكُلِّ الَّذِي عِنْدَ اللَّهِ مِنَ الْعَذَابِ لَمْ يَأْمَنْ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла рақымды жаратқанда, оны жүз рақым етіп жаратты. Соның тоқсан тоғызын Өз құзырында қалдырып, барлық жаратылысына бір рақымды жіберді. Егер кәпір Алланың құзырындағы бүкіл рақымды білгенде, Жәннаттан үмітін үзбес еді. Ал мүмін Алланың құзырындағы бүкіл азапты білгенде, Тозақтан өзін қауіпсіз сезінбес еді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ حِفْظِ اللِّسَانِ

13-бапТілді сақтау туралы

2128
Бұхари, № 2128 · Сахих: 6474Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ يَضْمَنْ لِي مَا بَيْنَ لَحْيَيْهِ وَمَا بَيْنَ رِجْلَيْهِ أَضْمَنْ لَهُ الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім маған тілі мен ұятты мүшесін сақтауға кепілдік берсе, мен оған Жәннатты кепіл етемін», – деген.

2129
Бұхари, № 2129 · Сахих: 6478Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَرْفَعُهُ اللَّهُ بِهَا دَرَجَاتٍ، وَإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَهْوِي بِهَا فِي جَهَنَّمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, пенде Алланы разы ететін бір сөзді мән берместен айтады да, Алла сол сөз арқылы оның дәрежесін көтереді. Сондай-ақ пенде Алланың қаһарына ұшырататын бір сөзді мән берместен айтып, сол себепті Жаһаннамға құлайды», – деген.

بَابُ الِانْتِهَاءِ عَنِ الْمَعَاصِي

14-бапКүнәлардан тыйылу туралы

2130
Бұхари, № 2130 · Сахих: 6482Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلِي وَمَثَلُ مَا بَعَثَنِي اللَّهُ كَمَثَلِ رَجُلٍ أَتَى قَوْمًا فَقَالَ: “رَأَيْتُ الْجَيْشَ بِعَيْنَيَّ، وَإِنِّي أَنَا النَّذِيرُ الْعُرْيَانُ، فَالنَّجَاءَ، النَّجَاءَ”. فَأَطَاعَتْهُ طَائِفَةٌ فَأَدْلَجُوا عَلَى مَهْلِهِمْ فَنَجَوْا، وَكَذَّبَتْهُ طَائِفَةٌ فَصَبَّحَهُمُ الْجَيْشُ فَاجْتَاحَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Менің және Алланың мен арқылы жіберген нәрсесінің мысалы бір қауымға келіп: “Мен жау әскерін өз көзіммен көрдім. Мен – жалаңаш ескертушімін. Құтылыңдар! Тезірек құтылыңдар!” – деген адамның мысалындай. Қауымның бір тобы оның сөзіне құлақ асып, түнделетіп асықпай жолға шығып, аман қалды. Ал екінші тобы оны өтірікке шығарды. Таң ата жау әскері оларға жетіп, түгелдей қырып кетті», – деген.

بَابُ حُجِبَتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ

15-бапТозақтың нәпсі құмарлықтарымен бүркелгені туралы

2131
Бұхари, № 2131 · Сахих: 6487Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «حُجِبَتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ، وَحُجِبَتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақ нәпсі құмарлықтарымен, ал Жәннат қиындықтармен бүркелген», – деген.

بَابُ «الْجَنَّةُ أَقْرَبُ إِلَى أَحَدِكُمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِهِ، وَالنَّارُ مِثْلُ ذَلِكَ»

16-бап«Жәннат сендердің әрқайсыңа аяқкиіміңнің бауынан да жақын, Тозақ та дәл солай» деген сөз туралы

2132
Бұхари, № 2132 · Сахих: 6488

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْجَنَّةُ أَقْرَبُ إِلَى أَحَدِكُمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِهِ، وَالنَّارُ مِثْلُ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулладан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннат сендердің әрқайсыңа аяқкиіміңнің бауынан да жақын, Тозақ та дәл солай», – деген.

بَابُ لِيَنْظُرْ إِلَى مَنْ هُوَ أَسْفَلَ مِنْهُ وَلَا يَنْظُرْ إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَهُ

17-бапӨзінен төмен тұрған адамға қарап, өзінен жоғары тұрған адамға қарамау туралы

2133
Бұхари, № 2133 · Сахих: 6490Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا نَظَرَ أَحَدُكُمْ إِلَى مَنْ فُضِّلَ عَلَيْهِ فِي الْمَالِ وَالْخَلْقِ، فَلْيَنْظُرْ إِلَى مَنْ هُوَ أَسْفَلَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендердің бірің мал-мүлкі мен дене бітімі жағынан өзінен артық етілген адамға қараса, өзінен төмен тұрған адамға да қарасын», – деген.

بَابُ مَنْ هَمَّ بِحَسَنَةٍ أَوْ بِسَيِّئَةٍ

18-бапЖақсылық немесе жамандық істеуге ниеттенген адам туралы

2134
Бұхари, № 2134 · Сахих: 6491Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فِيمَا يَرْوِي عَنْ رَبِّهِ عَزَّ وَجَلَّ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ كَتَبَ الْحَسَنَاتِ وَالسَّيِّئَاتِ، ثُمَّ بَيَّنَ ذَلِكَ، فَمَنْ هَمَّ بِحَسَنَةٍ فَلَمْ يَعْمَلْهَا كَتَبَهَا اللَّهُ لَهُ عِنْدَهُ حَسَنَةً كَامِلَةً، فَإِنْ هُوَ هَمَّ بِهَا فَعَمِلَهَا كَتَبَهَا اللَّهُ لَهُ عِنْدَهُ عَشْرَ حَسَنَاتٍ إِلَى سَبْعِ مِائَةِ ضِعْفٍ إِلَى أَضْعَافٍ كَثِيرَةٍ، وَمَنْ هَمَّ بِسَيِّئَةٍ فَلَمْ يَعْمَلْهَا كَتَبَهَا اللَّهُ لَهُ عِنْدَهُ حَسَنَةً كَامِلَةً، فَإِنْ هُوَ هَمَّ بِهَا فَعَمِلَهَا كَتَبَهَا اللَّهُ لَهُ سَيِّئَةً وَاحِدَةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.) ұлы әрі даңқты Раббысынан риуаят етіп: «Расында, Алла жақсылықтар мен жамандықтарды жазып, содан кейін оларды түсіндірді. Кім бір жақсылық істеуге ниеттеніп, бірақ оны істемесе, Алла оны Өз құзырында толық бір жақсылық етіп жазады. Ал егер оны істеуге ниеттеніп, жүзеге асырса, Алла оны Өз құзырында оннан жеті жүз есеге дейін, тіпті одан да сан есе көбейтіп жазады. Кім бір жамандық істеуге ниеттеніп, бірақ оны істемесе, Алла оны Өз құзырында толық бір жақсылық етіп жазады. Ал егер оны істеуге ниеттеніп, жүзеге асырса, Алла оған бір ғана жамандық жазады», – деген.

بَابُ رَفْعِ الْأَمَانَةِ

19-бапАманаттың алынуы туралы

2135
Бұхари, № 2135 · Сахих: 6497Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثَيْنِ، رَأَيْتُ أَحَدَهُمَا وَأَنَا أَنْتَظِرُ الْآخَرَ. حَدَّثَنَا: “أَنَّ الْأَمَانَةَ نَزَلَتْ فِي جَذْرِ قُلُوبِ الرِّجَالِ، ثُمَّ عَلِمُوا مِنَ الْقُرْآنِ، ثُمَّ عَلِمُوا مِنَ السُّنَّةِ”. وَحَدَّثَنَا عَنْ رَفْعِهَا قَالَ: “يَنَامُ الرَّجُلُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبِهِ، فَيَظَلُّ أَثَرُهَا مِثْلَ أَثَرِ الْوَكْتِ، ثُمَّ يَنَامُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ فَيَبْقَى أَثَرُهَا مِثْلَ الْمَجْلِ، كَجَمْرٍ دَحْرَجْتَهُ عَلَى رِجْلِكَ فَنَفِطَ، فَتَرَاهُ مُنْتَبِرًا وَلَيْسَ فِيهِ شَيْءٌ، فَيُصْبِحُ النَّاسُ يَتَبَايَعُونَ فَلَا يَكَادُ أَحَدٌ يُؤَدِّي الْأَمَانَةَ، فَيُقَالُ: ‘إِنَّ فِي بَنِي فُلَانٍ رَجُلًا أَمِينًا’، وَيُقَالُ لِلرَّجُلِ: ‘مَا أَعْقَلَهُ، وَمَا أَظْرَفَهُ، وَمَا أَجْلَدَهُ’، وَمَا فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةِ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ”. وَلَقَدْ أَتَى عَلَيَّ زَمَانٌ وَمَا أُبَالِي أَيَّكُمْ بَايَعْتُ؛ لَئِنْ كَانَ مُسْلِمًا رَدَّهُ عَلَيَّ الْإِسْلَامُ، وَإِنْ كَانَ نَصْرَانِيًّا رَدَّهُ عَلَيَّ سَاعِيهِ، فَأَمَّا الْيَوْمَ فَمَا كُنْتُ أُبَايِعُ إِلَّا فُلَانًا وَفُلَانًا».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге екі хадис айтты. Соның бірінің жүзеге асқанын көрдім, енді екіншісінің жүзеге асуын күтіп жүрмін. Ол (с.а.с.) бізге: “Аманат адамдардың жүректерінің түбіне орнықты. Содан кейін олар Құраннан үйренді, одан соң сүннеттен үйренді”, – деді. Сондай-ақ оның қалай алынатыны туралы былай айтты: “Адам бір мәрте ұйықтағанда, оның жүрегінен аманат алынып, орнында болар-болмас дақтың ізі ғана қалады. Содан кейін тағы бір мәрте ұйықтағанда, аманат қайта алынып, орнында күлдіреуіктің ізіндей белгі қалады. Бұл аяғыңа домалатқан шоқтан күлдіреуік пайда болғаны секілді: оның томпайып тұрғанын көресің, бірақ ішінде ештеңе болмайды. Сөйтіп, адамдар таңертең өзара сауда-саттыққа кіріседі, алайда олардың арасынан аманатты өтейтін адам табыла қоймайды. Сонда: ‘Пәленше әулетінің арасында сенімді бір адам бар’, – делінеді. Бір адам туралы: ‘Ол қандай ақылды, қандай зерек әрі қандай табанды!’ – деп айтылады. Алайда оның жүрегінде қыша дәнінің салмағындай да иман болмайды”». Хузайфа сөзін жалғастырып: «Мен кіммен сауда жасасам да, алаңдамайтын бір заманды бастан өткердім. Егер ол мұсылман болса, Исламы оны менің ақымды қайтаруға міндеттейтін. Ал христиан болса, оның басшысы ақымды қайтартып беретін. Ал бүгін мен пәленше мен түгеншеден басқа ешкіммен сауда жасамаймын», – деді.

2136
Бұхари, № 2136 · Сахих: 6498Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّمَا النَّاسُ كَالْإِبِلِ الْمِائَةِ لَا تَكَادُ تَجِدُ فِيهَا رَاحِلَةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Адамдар жүз түйе секілді: олардың арасынан мініске жарамды бір түйені әрең табасың”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ الرِّيَاءِ وَالسُّمْعَةِ

20-бапРия және амалды жұртқа естірту туралы

2137
Бұхари, № 2137 · Сахих: 6499Риуаят етуші: Жундуб

عَنْ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ سَمَّعَ سَمَّعَ اللَّهُ بِهِ، وَمَنْ يُرَائِي يُرَائِي اللَّهُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Жундубтан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Кім амалын жұрт естісін деп жария етсе, Алла оның шын ниетін жұртқа жария етеді. Ал кім рия үшін амал жасаса, Алла оның риясын әшкерелейді», – деген.

بَابُ التَّوَاضُعِ

21-бапКішіпейілділік туралы

2138
Бұхари, № 2138 · Сахих: 6502Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى قَالَ: “مَنْ عَادَى لِي وَلِيًّا فَقَدْ آذَنْتُهُ بِالْحَرْبِ، وَمَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدِي بِشَيْءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِمَّا اِفْتَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزَالُ عَبْدِي يَتَقَرَّبُ إِلَيَّ بِالنَّوَافِلِ حَتَّى أُحِبَّهُ، فَإِذَا أَحْبَبْتُهُ كُنْتُ سَمْعَهُ الَّذِي يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِي يُبْصِرُ بِهِ، وَيَدَهُ الَّتِي يَبْطِشُ بِهَا، وَرِجْلَهُ الَّتِي يَمْشِي بِهَا، وَإِنْ سَأَلَنِي لَأُعْطِيَنَّهُ، وَلَئِنِ اِسْتَعَاذَنِي لَأُعِيذَنَّهُ، وَمَا تَرَدَّدْتُ عَنْ شَيْءٍ أَنَا فَاعِلُهُ تَرَدُّدِي عَنْ نَفْسِ الْمُؤْمِنِ؛ يَكْرَهُ الْمَوْتَ وَأَنَا أَكْرَهُ مَسَاءَتَهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, аса берекелі әрі ұлы Алла былай деді: “Кім Менің әулие құлыма дұшпандық жасаса, Мен оған соғыс жариялаймын. Құлымның Маған жақындау үшін жасайтын амалдарының ішінде Мен оған парыз еткен амалдардан сүйіктісі жоқ. Құлым нәпіл ғибадаттар арқылы Маған жақындай береді, ақырында Мен оны жақсы көремін. Оны жақсы көрген кезімде, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын. Егер ол Менен сұраса, оған міндетті түрде беремін. Егер Менен пана тілесе, оны міндетті түрде паналатамын. Мен істейтін істерімнің ешқайсысында мүміннің жанын алудағыдай тартынбаймын: ол өлімді ұнатпайды, ал Мен оны қинауды ұнатпаймын”».

بَابُ «مَنْ أَحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ أَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءَهُ»

22-бап«Кім Аллаға жолығуды жақсы көрсе, Алла да онымен жолығуды жақсы көреді» деген сөз туралы

2139
Бұхари, № 2139 · Сахих: 6507Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ أَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءَهُ، وَمَنْ كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ كَرِهَ اللَّهُ لِقَاءَهُ». قَالَتْ عَائِشَةُ أَوْ بَعْضُ أَزْوَاجِهِ: «إِنَّا لَنَكْرَهُ الْمَوْتَ». قَالَ: «لَيْسَ ذَاكِ؛ وَلَكِنَّ الْمُؤْمِنَ إِذَا حَضَرَهُ الْمَوْتُ بُشِّرَ بِرِضْوَانِ اللَّهِ وَكَرَامَتِهِ، فَلَيْسَ شَيْءٌ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا أَمَامَهُ، فَأَحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ وَأَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءَهُ، وَإِنَّ الْكَافِرَ إِذَا حُضِرَ بُشِّرَ بِعَذَابِ اللَّهِ وَعُقُوبَتِهِ، فَلَيْسَ شَيْءٌ أَكْرَهَ إِلَيْهِ مِمَّا أَمَامَهُ، كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ وَكَرِهَ اللَّهُ لِقَاءَهُ».

Қазақша аудармасы

Убада ибн әс-Самиттен (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Кім Аллаға жолығуды жақсы көрсе, Алла да онымен жолығуды жақсы көреді. Ал кім Аллаға жолығуды жек көрсе, Алла да онымен жолығуды жек көреді», – деген. Сонда Айша немесе Пайғамбардың (с.а.с.) басқа бір жұбайы: «Біз өлімді жек көреміз ғой», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Мәселе онда емес. Мүмінге өлім келген кезде оған Алланың разылығы мен сый-құрметі сүйіншіленеді. Сонда ол үшін алдында күтіп тұрған нәрседен сүйіктірек ештеңе болмайды. Сондықтан ол Аллаға жолығуды жақсы көреді, Алла да онымен жолығуды жақсы көреді. Ал кәпірге өлім келген кезде оған Алланың азабы мен жазасы хабарланады. Сонда ол үшін алдында күтіп тұрған нәрседен жеккөрініштірек ештеңе болмайды. Сондықтан ол Аллаға жолығуды жек көреді, Алла да онымен жолығуды жек көреді», – деді.

بَابُ سَكَرَاتِ الْمَوْتِ

23-бапЖантәсілім кезіндегі қиналыстар туралы

2140
Бұхари, № 2140 · Сахих: 6511Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رِجَالٌ مِنَ الْأَعْرَابِ جُفَاةً يَأْتُونَ النَّبِيَّ ﷺ فَيَسْأَلُونَهُ: «مَتَى السَّاعَةُ؟» فَكَانَ يَنْظُرُ إِلَى أَصْغَرِهِمْ فَيَقُولُ: «إِنْ يَعِشْ هَذَا لَا يُدْرِكْهُ الْهَرَمُ حَتَّى تَقُومَ عَلَيْكُمْ سَاعَتُكُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Дөрекі мінезді бәдәуилер Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Қиямет қашан болады?” – деп сұрайтын. Сонда ол олардың ең жасы кішісіне қарап: “Егер мынау өмір сүрсе, ол кәрілікке жетпей тұрып, сендердің ажалдарың жетеді”, – дейтін».

بَابُ يَقْبِضُ اللَّهُ الْأَرْضَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

24-бапҚиямет күні Алланың жерді уысына алуы туралы

2141
Бұхари, № 2141 · Сахих: 6520Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَكُونُ الْأَرْضُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ خُبْزَةً وَاحِدَةً، يَتَكَفَّؤُهَا الْجَبَّارُ بِيَدِهِ كَمَا يَكْفَأُ أَحَدُكُمْ خُبْزَتَهُ فِي السَّفَرِ، نُزُلًا لِأَهْلِ الْجَنَّةِ». فَأَتَى رَجُلٌ مِنَ الْيَهُودِ فَقَالَ: «بَارَكَ الرَّحْمَنُ عَلَيْكَ يَا أَبَا الْقَاسِمِ، أَلَا أُخْبِرُكَ بِنُزُلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: «بَلَى». قَالَ: «تَكُونُ الْأَرْضُ خُبْزَةً وَاحِدَةً»، كَمَا قَالَ النَّبِيُّ ﷺ. فَنَظَرَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَيْنَا ثُمَّ ضَحِكَ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ. ثُمَّ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكَ بِإِدَامِهِمْ؟» قَالَ: «إِدَامُهُمْ بَالَامٌ وَنُونٌ». قَالُوا: «وَمَا هَذَا؟» قَالَ: «ثَوْرٌ وَنُونٌ، يَأْكُلُ مِنْ زَائِدَةِ كَبِدِهِمَا سَبْعُونَ أَلْفًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні жер бір күлше нанға айналады. Жәннат тұрғындарына қонақасы болу үшін Жаббар оны сендердің бірің сапарда өз күлшесін қолымен аударып-төңкергеніндей, қолымен аударып-төңкереді», – деді. Сонда бір яһуди келіп: «Уа, Әбул-Қасым! Әр-Рахман саған береке берсін! Қиямет күні Жәннат тұрғындарына берілетін қонақасы жайында хабар берейін бе?» – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Иә», – деді. Ол Пайғамбар (с.а.с.) айтқандай: «Жер бір күлше нанға айналады», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) бізге қарап, азу тістері көрінгенше күлді. Содан кейін әлгі яһуди: «Олардың нанға қосып жейтін тағамы жайында да хабар берейін бе? Олардың қосып жейтін тағамы – балам мен нун», – деді. Адамдар: «Бұл не?» – деп сұрады. Ол: «Өгіз бен балық. Екеуінің бауыр өсіндісінен жетпіс мың адам жейді», – деді.

2142
Бұхари, № 2142 · Сахих: 6521Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى أَرْضٍ بَيْضَاءَ عَفْرَاءَ كَقُرْصَةِ نَقِيٍّ». قَالَ سَهْلٌ: «لَيْسَ فِيهَا مَعْلَمٌ لِأَحَدٍ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Қиямет күні адамдар тазартылған ақ ұннан пісірілген күлшедей, қызғылт реңі бар аппақ жерде жиналады”, – дегенін естідім», – деген. Сәһл: «Онда ешкімге жол нұсқайтын бірде-бір белгі болмайды», – деп айтқан.

بَابُ كَيْفَ الْحَشْرُ

25-бапАдамдардың қалай жиналатыны туралы

2143
Бұхари, № 2143 · Сахих: 6522Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُحْشَرُ النَّاسُ عَلَى ثَلَاثِ طَرَائِقَ: رَاغِبِينَ رَاهِبِينَ؛ وَاثْنَانِ عَلَى بَعِيرٍ، وَثَلَاثَةٌ عَلَى بَعِيرٍ، وَأَرْبَعَةٌ عَلَى بَعِيرٍ، وَعَشَرَةٌ عَلَى بَعِيرٍ؛ وَيَحْشُرُ بَقِيَّتَهُمُ النَّارُ، تَقِيلُ مَعَهُمْ حَيْثُ قَالُوا، وَتَبِيتُ مَعَهُمْ حَيْثُ بَاتُوا، وَتُصْبِحُ مَعَهُمْ حَيْثُ أَصْبَحُوا، وَتُمْسِي مَعَهُمْ حَيْثُ أَمْسَوْا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдар үш топ болып жиналады: үміттеніп әрі қорқып келе жатқандар; бір түйеге екі адамнан, үш адамнан, төрт адамнан және он адамнан мінгендер; ал қалғандарын от айдап жинайды. Олар қай жерде түскі демалысқа тоқтаса, от та солармен бірге сонда тоқтайды; олар қай жерде түнесе, от та солармен бірге сонда түнейді; олар таңды қай жерде қарсы алса, от та солармен бірге сонда таңды қарсы алады; олар кешті қай жерде қарсы алса, от та солармен бірге сонда кешті қарсы алады», – деген.

2144
Бұхари, № 2144 · Сахих: 6527Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تُحْشَرُونَ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا». قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرِّجَالُ وَالنِّسَاءُ يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ؟» فَقَالَ: «الْأَمْرُ أَشَدُّ مِنْ أَنْ يُهِمَّهُمْ ذَاكِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендер жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар”, – деді. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Ерлер мен әйелдер бір-біріне қарай ма?” – деп сұрадым. Ол: “Ол күнгі жағдай соншалық ауыр, олардың бұған көңіл бөлуге мұршасы да болмайды”, – деді».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿أَلَا يَظُنُّ أُولَئِكَ أَنَّهُمْ مَبْعُوثُونَ﴾ ﴿لِيَوْمٍ عَظِيمٍ﴾ ﴿يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْمُطَفِّفِينَ: ‎4⁠–⁠6‎]

26-бапАлла Тағаланың «Сонда олар өздерінің өлгеннен кейін қайтадан тірілетінін ойламай ма?!», «Ұлы күн үшін» және «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады» («Мутаффифин», 4–6-аяттар) деген сөздері туралы

2145
Бұхари, № 2145 · Сахих: 6532Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَعْرَقُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يَذْهَبَ عَرَقُهُمْ فِي الْأَرْضِ سَبْعِينَ ذِرَاعًا، وَيُلْجِمُهُمْ حَتَّى يَبْلُغَ آذَانَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні адамдардан аққан тер жерге жетпіс шынтақ тереңдікке дейін сіңеді. Содан кейін сол тер оларды ауыздықтап, құлақтарына дейін жетеді», – деген.

بَابُ الْقِصَاصِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

27-бапҚиямет күніндегі қысас туралы

2146
Бұхари, № 2146 · Сахих: 6533

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَوَّلُ مَا يُقْضَى بَيْنَ النَّاسِ فِي الدِّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Абдулладан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдар арасында ең алдымен қан төгуге қатысты істерге үкім шығарылады», – деген.

بَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ

28-бапЖәннат пен Тозақтың сипаты туралы

2147
Бұхари, № 2147 · Сахих: 6548Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا صَارَ أَهْلُ الْجَنَّةِ إِلَى الْجَنَّةِ وَأَهْلُ النَّارِ إِلَى النَّارِ، جِيءَ بِالْمَوْتِ حَتَّى يُجْعَلَ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، ثُمَّ يُذْبَحُ، ثُمَّ يُنَادِي مُنَادٍ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ لَا مَوْتَ، يَا أَهْلَ النَّارِ لَا مَوْتَ”. فَيَزْدَادُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فَرَحًا إِلَى فَرَحِهِمْ، وَيَزْدَادُ أَهْلُ النَّارِ حُزْنًا إِلَى حُزْنِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннат тұрғындары Жәннатқа, ал Тозақ тұрғындары Тозаққа кірген кезде, өлім әкелініп, Жәннат пен Тозақтың арасына қойылады. Содан кейін ол бауыздалады. Бұдан соң бір жаршы: “Уа, Жәннат тұрғындары! Енді өлім жоқ! Уа, Тозақ тұрғындары! Енді өлім жоқ!” – деп жар салады. Сонда Жәннат тұрғындарының қуанышына қуаныш, ал Тозақ тұрғындарының қайғысына қайғы қосылады».

2148
Бұхари, № 2148 · Сахих: 6549Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ يَقُولُ لِأَهْلِ الْجَنَّةِ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ”. فَيَقُولُونَ: “لَبَّيْكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ”. فَيَقُولُ: “هَلْ رَضِيتُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “مَا لَنَا لَا نَرْضَى وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ؟”. فَيَقُولُ: “أَنَا أُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ”. قَالُوا: “يَا رَبِّ، وَأَيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُ: “أُحِلُّ عَلَيْكُمْ رِضْوَانِي فَلَا أَسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أَبَدًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, Алла Жәннат тұрғындарына: “Уа, Жәннат тұрғындары!” – дейді. Олар: “Құзырыңдамыз әрі әміріңе әзірміз, уа, Раббымыз!” – дейді. Алла: “Разысыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Бізге жаратылыстарыңның ешбіріне бермегеніңді бергенде, қалайша разы болмаймыз?” – дейді. Сонда Алла: “Мен сендерге бұдан да артық нәрсе беремін”, – дейді. Олар: “Уа, Раббымыз! Бұдан да артық не бар?” – деп сұрайды. Алла: “Сендерге Өз разылығымды нәсіп етемін. Енді бұдан кейін сендерге ешқашан қаһарланбаймын”, – дейді», – деген.

2149
Бұхари, № 2149 · Сахих: 6551Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا بَيْنَ مَنْكِبَيِ الْكَافِرِ مَسِيرَةُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ لِلرَّاكِبِ الْمُسْرِعِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Кәпірдің екі иығының арасы жүйрік салт аттының үш күндік жолындай болады», – деген.

2150
Бұхари, № 2150 · Сахих: 6559Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَخْرُجُ قَوْمٌ مِنَ النَّارِ بَعْدَ مَا مَسَّهُمْ مِنْهَا سَفْعٌ فَيَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ، فَيُسَمِّيهِمْ أَهْلُ الْجَنَّةِ “الْجَهَنَّمِيِّينَ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Бір қауымды Тозақ оты шарпып, денелерінде күйік іздері қалғаннан кейін, олар одан шығып, Жәннатқа кіреді. Жәннат тұрғындары оларды “жаһаннамдықтар” деп атайды», – деген.

2151
Бұхари, № 2151 · Сахих: 6562Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أَهْوَنَ أَهْلِ النَّارِ عَذَابًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ رَجُلٌ يُوضَعُ عَلَى أَخْمَصِ قَدَمَيْهِ جَمْرَتَانِ، يَغْلِي مِنْهُمَا دِمَاغُهُ كَمَا يَغْلِي الْمِرْجَلُ وَالْقُمْقُمُ».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Қиямет күні Тозақ тұрғындарының ішіндегі ең жеңіл азап тартатыны – екі табанының ойығына екі шоқ қойылып, содан миы қазан мен құмған секілді қайнайтын адам”, – дегенін естідім», – деген.

2152
Бұхари, № 2152 · Сахих: 6569Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَدْخُلُ أَحَدٌ الْجَنَّةَ إِلَّا أُرِيَ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ لَوْ أَسَاءَ، لِيَزْدَادَ شُكْرًا، وَلَا يَدْخُلُ النَّارَ أَحَدٌ إِلَّا أُرِيَ مَقْعَدَهُ مِنَ الْجَنَّةِ لَوْ أَحْسَنَ، لِيَكُونَ عَلَيْهِ حَسْرَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннатқа кірген әрбір адамға жамандық жасаған жағдайда Тозақта отырар орны көрсетіледі. Бұл оның шүкіршілігін арттыру үшін жасалады. Сондай-ақ Тозаққа кірген әрбір адамға жақсылық жасаған жағдайда Жәннатта отырар орны көрсетіледі. Бұл оның өкінішін арттыру үшін жасалады», – деген.

بَابٌ فِي الْحَوْضِ

29-бапХауыз туралы

2153
Бұхари, № 2153 · Сахих: 6579Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «حَوْضِي مَسِيرَةُ شَهْرٍ، مَاؤُهُ أَبْيَضُ مِنَ اللَّبَنِ، وَرِيحُهُ أَطْيَبُ مِنَ الْمِسْكِ، وَكِيزَانُهُ كَنُجُومِ السَّمَاءِ، مَنْ شَرِبَ مِنْهَا فَلَا يَظْمَأُ أَبَدًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Менің хауызымның ауқымы бір айлық жолға тең. Оның суы сүттен де аппақ, иісі мисктен де хош, ал тостағандары аспандағы жұлдыздардай көп. Одан ішкен адам ешқашан шөлдемейді», – деген.

2154
Бұхари, № 2154 · Сахих: 6577Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَمَامَكُمْ حَوْضٌ كَمَا بَيْنَ جَرْبَاءَ وَأَذْرُحَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Алдарыңда Жарба мен Азрухтың аралығындай хауыз бар», – деген.

2155
Бұхари, № 2155 · Сахих: 6580Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ قَدْرَ حَوْضِي كَمَا بَيْنَ أَيْلَةَ وَصَنْعَاءَ مِنَ الْيَمَنِ، وَإِنَّ فِيهِ مِنَ الْأَبَارِيقِ كَعَدَدِ نُجُومِ السَّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Менің хауызымның ауқымы Айла мен Йемендегі Санғаның аралығындай. Ондағы құмандардың саны аспандағы жұлдыздардай», – деген.

2156
Бұхари, № 2156 · Сахих: 6587Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أَنَا قَائِمٌ إِذَا زُمْرَةٌ، حَتَّى إِذَا عَرَفْتُهُمْ خَرَجَ رَجُلٌ مِنْ بَيْنِي وَبَيْنِهِمْ، فَقَالَ: “هَلُمَّ”. فَقُلْتُ: “أَيْنَ؟” قَالَ: “إِلَى النَّارِ وَاللَّهِ”. قُلْتُ: “وَمَا شَأْنُهُمْ؟” قَالَ: “إِنَّهُمُ اِرْتَدُّوا بَعْدَكَ عَلَى أَدْبَارِهِمُ الْقَهْقَرَى”. ثُمَّ إِذَا زُمْرَةٌ، حَتَّى إِذَا عَرَفْتُهُمْ خَرَجَ رَجُلٌ مِنْ بَيْنِي وَبَيْنِهِمْ، فَقَالَ: “هَلُمَّ”. قُلْتُ: “أَيْنَ؟” قَالَ: “إِلَى النَّارِ وَاللَّهِ”. قُلْتُ: “مَا شَأْنُهُمْ؟” قَالَ: “إِنَّهُمُ اِرْتَدُّوا بَعْدَكَ عَلَى أَدْبَارِهِمُ الْقَهْقَرَى”. فَلَا أُرَاهُ يَخْلُصُ مِنْهُمْ إِلَّا مِثْلُ هَمَلِ النَّعَمِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Мен тұрған кезімде алдымнан бір топ адам көрінеді. Оларды таныған сәтімде менімен олардың арасынан бір адам шығып: “Бері келіңдер!” – дейді. Мен: “Қайда?” – деп сұраймын. Ол: “Аллаға ант етемін, Тозаққа!” – дейді. Мен: “Олар не істеді?” – деп сұраймын. Ол: “Олар сенен кейін діннен қайтып, кері кетті”, – дейді. Содан кейін тағы бір топ адам көрінеді. Оларды таныған сәтімде менімен олардың арасынан бір адам шығып: “Бері келіңдер!” – дейді. Мен: “Қайда?” – деп сұраймын. Ол: “Аллаға ант етемін, Тозаққа!” – дейді. Мен: “Олар не істеді?” – деп сұраймын. Ол: “Олар сенен кейін діннен қайтып, кері кетті”, – дейді. Олардың арасынан иесіз қалған түйелердей аз ғана адам құтылады деп ойлаймын».

2157
Бұхари, № 2157 · Сахих: 6591

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَذَكَرَ الْحَوْضَ فَقَالَ: «كَمَا بَيْنَ الْمَدِينَةِ وَصَنْعَاءَ».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) хауыз туралы: “Мәдина мен Санғаның аралығындай”, – дегенін естідім», – деген.