Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2113

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
80. Жүректі жұмсартатын нәрселер кітабыكِتَابُ الرِّقَاقِ
бап
3. Үміт және ұзақ өмірден дәмету туралыبَابٌ فِي الْأَمَلِ وَطُولِهِ
Нөмірі
№ 2113 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6417
2113
Бұхари, № 2113 · Сахих: 6417

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خَطًّا مُرَبَّعًا، وَخَطَّ خَطًّا فِي الْوَسَطِ خَارِجًا مِنْهُ، وَخَطَّ خُطُطًا صِغَارًا إِلَى هَذَا الَّذِي فِي الْوَسَطِ مِنْ جَانِبِهِ الَّذِي فِي الْوَسَطِ، وَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ، وَهَذَا أَجَلُهُ مُحِيطٌ بِهِ، أَوْ قَدْ أَحَاطَ بِهِ، وَهَذَا الَّذِي هُوَ خَارِجٌ أَمَلُهُ، وَهَذِهِ الْخُطُطُ الصِّغَارُ الْأَعْرَاضُ، فَإِنْ أَخْطَأَهُ هَذَا نَهَشَهُ هَذَا، وَإِنْ أَخْطَأَهُ هَذَا نَهَشَهُ هَذَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) төртбұрыш сызып, оның ортасынан сыртқа шығып тұрған бір сызық жүргізді. Содан кейін оның жанынан ортадағы сызыққа қарай бірнеше қысқа сызық жүргізіп: “Мынау – адам. Ал мынау – оны қоршаған ажалы (немесе: ‘оны қоршап алған ажалы’). Сыртқа шығып тұрған мына сызық – оның үміті. Ал мына қысқа сызықтар – түрлі кесапаттар. Егер мынауы оған тимей өтсе, анауы тістейді. Ал анауы тимей өтсе, келесісі тістейді”, – деді».