Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2129

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
80. Жүректі жұмсартатын нәрселер кітабыكِتَابُ الرِّقَاقِ
бап
13. Тілді сақтау туралыبَابُ حِفْظِ اللِّسَانِ
Нөмірі
№ 2129 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6478
2129
Бұхари, № 2129 · Сахих: 6478Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَرْفَعُهُ اللَّهُ بِهَا دَرَجَاتٍ، وَإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَهْوِي بِهَا فِي جَهَنَّمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, пенде Алланы разы ететін бір сөзді мән берместен айтады да, Алла сол сөз арқылы оның дәрежесін көтереді. Сондай-ақ пенде Алланың қаһарына ұшырататын бір сөзді мән берместен айтып, сол себепті Жаһаннамға құлайды», – деген.