Хадис
كِتَابُ الْقَدَرِ

Тағдыр кітабы

Сахих әл-Бұхари, 81-кітап · 5 хадис · № 2158–2162

Мазмұны: 5 бап
  1. 1Алланың іліміне сай жазып болған қаламның кеуіп қалғаны туралы
  2. 2Алла Тағаланың «Алланың әмірі – әу бастан кесімді тағдыр» («Ахзаб», 38-аят) деген сөзі туралы
  3. 3Нәзірдің пендені тағдырға жетелеуі туралы
  4. 4«Алла қорғаған адам ғана қорғалады» деген сөз туралы
  5. 5Алла Тағаланың «Алланың пендесі мен оның жүрегінің арасына перде тұтатынын» («Әнфәл», 24-аят) деген сөзі туралы
بَابُ جَفَّ الْقَلَمُ عَلَى عِلْمِ اللَّهِ

1-бапАлланың іліміне сай жазып болған қаламның кеуіп қалғаны туралы

2158
Бұхари, № 2158 · Сахих: 6596Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُعْرَفُ أَهْلُ الْجَنَّةِ مِنْ أَهْلِ النَّارِ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَلِمَ يَعْمَلُ الْعَامِلُونَ؟» قَالَ: «كُلٌّ يَعْمَلُ لِمَا خُلِقَ لَهُ، أَوْ لِمَا يُسِّرَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деген: «Бір адам: “Уа, Расулалла! Жәннат тұрғындары мен Тозақ тұрғындарының кім екені алдын ала белгілі ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Әлгі адам: “Ендеше, амал етушілер не үшін амал етеді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әркім өзі не үшін жаратылса, соған сай амал етеді немесе өзіне жеңілдетілген істі атқарады”, – деді».

بَابُ ﴿وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ قَدَرًا مَقْدُورًا﴾ [الْأَحْزَابِ: 38]

2-бапАлла Тағаланың «Алланың әмірі – әу бастан кесімді тағдыр» («Ахзаб», 38-аят) деген сөзі туралы

2159
Бұхари, № 2159 · Сахих: 6604Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَقَدْ خَطَبَنَا النَّبِيُّ ﷺ خُطْبَةً مَا تَرَكَ فِيهَا شَيْئًا إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ إِلَّا ذَكَرَهُ؛ عَلِمَهُ مَنْ عَلِمَهُ، وَجَهِلَهُ مَنْ جَهِلَهُ. إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الشَّيْءَ قَدْ نَسِيتُ، فَأَعْرِفُ مَا يَعْرِفُ الرَّجُلُ إِذَا غَابَ عَنْهُ فَرَآهُ فَعَرَفَهُ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бізге құтба оқып, Қиямет орнағанға дейін болатын нәрселердің ешқайсысын айтпай қалдырмады. Оларды білген адам білді, білмеген адам білмеді. Кейде сол айтылғандардың бірін ұмытып қалатынмын. Кейін оның жүзеге асқанын көргенде, көптен көрмеген танысын қайта кездестірген адамдай, оны бірден танитынмын».

بَابُ إِلْقَاءِ النَّذْرِ الْعَبْدَ إِلَى الْقَدَرِ

3-бапНәзірдің пендені тағдырға жетелеуі туралы

2160
Бұхари, № 2160 · Сахих: 6609Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَأْتِي ابْنَ آدَمَ النَّذْرُ بِشَيْءٍ لَمْ يَكُنْ قَدْ قَدَّرْتُهُ، وَلَكِنْ يُلْقِيهِ الْقَدَرُ وَقَدْ قَدَّرْتُهُ لَهُ؛ أَسْتَخْرِجُ بِهِ مِنَ الْبَخِيلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Нәзір адам баласына Мен алдын ала белгілемеген ештеңені әкелмейді. Бірақ тағдыр оны Мен оған белгілеп қойған нәрсеге жеткізеді. Сол арқылы сараңға малын жұмсатамын», – деген.

بَابُ الْمَعْصُومُ مَنْ عَصَمَ اللَّهُ

4-бап«Алла қорғаған адам ғана қорғалады» деген сөз туралы

2161
Бұхари, № 2161 · Сахих: 6611Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا اُسْتُخْلِفَ خَلِيفَةٌ إِلَّا لَهُ بِطَانَتَانِ: بِطَانَةٌ تَأْمُرُهُ بِالْخَيْرِ وَتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَبِطَانَةٌ تَأْمُرُهُ بِالشَّرِّ وَتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَالْمَعْصُومُ مَنْ عَصَمَ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбір халифа билікке келсе де, оның екі топ сырлас кеңесшісі болады: бір тобы оған жақсылықты бұйырып, соған ынталандырады; екінші тобы жамандықты бұйырып, соған итермелейді. Алла қорғаған адам ғана қорғалады», – деген.

بَابُ ﴿يَحُولُ بَيْنَ الْمَرْءِ وَقَلْبِهِ﴾ [الْأَنْفَالِ: 24]

5-бапАлла Тағаланың «Алланың пендесі мен оның жүрегінің арасына перде тұтатынын» («Әнфәл», 24-аят) деген сөзі туралы

2162
Бұхари, № 2162 · Сахих: 6617Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَثِيرًا مِمَّا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَحْلِفُ: «لَا، وَمُقَلِّبِ الْقُلُوبِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) көбіне: “Жоқ, жүректерді құбылтушы Алланың атымен ант етемін!” – деп ант ететін», – деді.