عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «وَارَأْسَاهْ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَاكِ لَوْ كَانَ وَأَنَا حَيٌّ فَأَسْتَغْفِرَ لَكِ وَأَدْعُوَ لَكِ». فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «وَاثُكْلِيَاهْ! وَاللَّهِ، إِنِّي لَأَظُنُّكَ تُحِبُّ مَوْتِي، وَلَوْ كَانَ ذَاكَ لَظَلِلْتَ آخِرَ يَوْمِكَ مُعَرِّسًا بِبَعْضِ أَزْوَاجِكَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أَنَا وَارَأْسَاهْ! لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أُرْسِلَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ وَابْنِهِ وَأَعْهَدَ، أَنْ يَقُولَ الْقَائِلُونَ أَوْ يَتَمَنَّى الْمُتَمَنُّونَ، ثُمَّ قُلْتُ: “يَأْبَى اللَّهُ وَيَدْفَعُ الْمُؤْمِنُونَ”، أَوْ: “يَدْفَعُ اللَّهُ وَيَأْبَى الْمُؤْمِنُونَ”».
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай деді: «Мен: “Ой, басым-ай!” – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер сен менің тірі кезімде қайтыс болсаң, сен үшін кешірім тілеп, дұға етер едім”, – деді. Мен: “Қап, қасіретім-ай! Аллаға ант етемін, менің өлгенімді қалайтын секілдісіз. Егер солай бола қалса, сол күннің аяғында-ақ әйелдеріңіздің бірімен қосылар едіңіз”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Ой, басым-ай! Мұны айтар менмін ғой. Біреулер сөз қозғап, енді біреулер дәметпесін деп, Әбу Бәкір мен оның ұлына кісі жіберіп, билік жөнінде өсиет қалдыруды ойладым. Содан кейін: ‘Алла бұған жол бермейді, мүміндер де оны тойтарады’, – дедім немесе: ‘Алла оны тойтарады, мүміндер де бұған жол бермейді’, – дедім”, – деді».