Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1969

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
74. Науқастар жайлы кітапكِتَابُ الْمَرْضَى
бап
3. Талма дертіне шалдыққан адамның артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ مَنْ يُصْرَعُ مِنَ الرِّيحِ
Нөмірі
№ 1969 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5652
1969
Бұхари, № 1969 · Сахих: 5652Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ لِبَعْضِ أَصْحَابِهِ: «أَلَا أُرِيكَ امْرَأَةً مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قَالَ: «بَلَى». قَالَ: «هَذِهِ الْمَرْأَةُ السَّوْدَاءُ أَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: “إِنِّي أُصْرَعُ وَإِنِّي أَتَكَشَّفُ، فَادْعُ اللَّهَ لِي”. قَالَ: “إِنْ شِئْتِ صَبَرْتِ وَلَكِ الْجَنَّةُ، وَإِنْ شِئْتِ دَعَوْتُ اللَّهَ أَنْ يُعَافِيَكِ”. فَقَالَتْ: “أَصْبِرُ”. فَقَالَتْ: “إِنِّي أَتَكَشَّفُ، فَادْعُ اللَّهَ أَنْ لَا أَتَكَشَّفَ”، فَدَعَا لَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) қасындағы бір адамға: «Саған жәннаттық әйелді көрсетейін бе?» – деді. Ол: «Әрине», – деді. Ибн Аббас: «Мына қара нәсілді әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Мені талма ұстайды әрі сол кезде үстім ашылып қалады. Мен үшін Аллаға дұға етіңізші”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қаласаң, сабыр ет, сонда саған Жәннат беріледі. Ал қаласаң, саған шипа беруін тілеп, Аллаға дұға етейін”, – деді. Әйел: “Сабыр етемін”, – деді де: “Бірақ талма ұстағанда үстім ашылып қалады. Үстім ашылып қалмауы үшін Аллаға дұға етіңізші”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған дұға етті», – деп баяндады.