Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1972

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
74. Науқастар жайлы кітапكِتَابُ الْمَرْضَى
бап
6. Науқастың: «Мен ауырып тұрмын», «Ой, басым-ай!» немесе «Дертім қатты күшейді», – деуіне рұқсат етілетіні және Әйюбтың (аләйһис-сәләм): «Мына дерт маған ауыр тиді. Сен рақымдылардың ең рақымдысысың!» («Әнбия», 83-аят) деген сөзі туралыبَابُ مَا رُخِّصَ لِلْمَرِيضِ أَنْ يَقُولَ: «إِنِّي وَجِعٌ»، أَوْ «وَارَأْسَاهْ»، أَوِ «اِشْتَدَّ بِيَ الْوَجَعُ»، وَقَوْلِ أَيُّوبَ عَلَيْهِ السَّلَامُ: ﴿أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ﴾ [الْأَنْبِيَاءِ: 83]
Нөмірі
№ 1972 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5666
1972
Бұхари, № 1972 · Сахих: 5666Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «وَارَأْسَاهْ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَاكِ لَوْ كَانَ وَأَنَا حَيٌّ فَأَسْتَغْفِرَ لَكِ وَأَدْعُوَ لَكِ». فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «وَاثُكْلِيَاهْ! وَاللَّهِ، إِنِّي لَأَظُنُّكَ تُحِبُّ مَوْتِي، وَلَوْ كَانَ ذَاكَ لَظَلِلْتَ آخِرَ يَوْمِكَ مُعَرِّسًا بِبَعْضِ أَزْوَاجِكَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أَنَا وَارَأْسَاهْ! لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أُرْسِلَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ وَابْنِهِ وَأَعْهَدَ، أَنْ يَقُولَ الْقَائِلُونَ أَوْ يَتَمَنَّى الْمُتَمَنُّونَ، ثُمَّ قُلْتُ: “يَأْبَى اللَّهُ وَيَدْفَعُ الْمُؤْمِنُونَ”، أَوْ: “يَدْفَعُ اللَّهُ وَيَأْبَى الْمُؤْمِنُونَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен: “Ой, басым-ай!” – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер сен менің тірі кезімде қайтыс болсаң, сен үшін кешірім тілеп, дұға етер едім”, – деді. Мен: “Қап, қасіретім-ай! Аллаға ант етемін, менің өлгенімді қалайтын секілдісіз. Егер солай бола қалса, сол күннің аяғында-ақ әйелдеріңіздің бірімен қосылар едіңіз”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Ой, басым-ай! Мұны айтар менмін ғой. Біреулер сөз қозғап, енді біреулер дәметпесін деп, Әбу Бәкір мен оның ұлына кісі жіберіп, билік жөнінде өсиет қалдыруды ойладым. Содан кейін: ‘Алла бұған жол бермейді, мүміндер де оны тойтарады’, – дедім немесе: ‘Алла оны тойтарады, мүміндер де бұған жол бермейді’, – дедім”, – деді».