Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1974

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
74. Науқастар жайлы кітапكِتَابُ الْمَرْضَى
бап
7. Науқастың өлім тілеуіне тыйым салу туралыبَابُ نَهْيِ تَمَنِّي الْمَرِيضِ الْمَوْتَ
Нөмірі
№ 1974 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5672
1974
Бұхари, № 1974 · Сахих: 5672Риуаят етуші: Хаббаб

عَنْ خَبَّابٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ اِكْتَوَى سَبْعَ كَيَّاتٍ، قَالَ: «إِنَّ أَصْحَابَنَا الَّذِينَ سَلَفُوا مَضَوْا وَلَمْ تَنْقُصْهُمُ الدُّنْيَا، وَإِنَّا أَصَبْنَا مَا لَا نَجِدُ لَهُ مَوْضِعًا إِلَّا التُّرَابَ، وَلَوْلَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَانَا أَنْ نَدْعُوَ بِالْمَوْتِ لَدَعَوْتُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Хаббаб (р.а.) денесінің жеті жерін күйдіртіп емдеткен еді. Ол: «Бізден бұрын өткен серіктеріміз дүниеден өтті, дүние олардың сауабын кемітпеді. Ал біз соншама дүние-мүлікке қол жеткіздік, оны топыраққа салудан басқа жұмсар жер таппай отырмыз. Егер Пайғамбар (с.а.с.) бізге өлім тілеуге тыйым салмағанда, өлім тілер едім», – деді.