عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانُوا يَرَوْنَ أَنَّ الْعُمْرَةَ فِي أَشْهُرِ الْحَجِّ مِنْ أَفْجَرِ الْفُجُورِ فِي الْأَرْضِ، وَيَجْعَلُونَ الْمُحَرَّمَ صَفَرًا، وَيَقُولُونَ: «إِذَا بَرَا الدَّبَرْ، وَعَفَا الْأَثَرْ، وَانْسَلَخَ صَفَرْ، حَلَّتِ الْعُمْرَةُ لِمَنِ اِعْتَمَرْ». قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ وَأَصْحَابُهُ صَبِيحَةَ رَابِعَةٍ مُهِلِّينَ بِالْحَجِّ، فَأَمَرَهُمْ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً، فَتَعَاظَمَ ذَلِكَ عِنْدَهُمْ، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْحِلِّ؟» قَالَ: «حِلٌّ كُلُّهُ».
Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Олар қажылық айларында умра жасауды жер бетіндегі ең үлкен күнәлардың бірі деп санайтын әрі мұхаррам айын сафар деп есептейтін. Олар: “Түйелердің арқасындағы жаралар жазылып, қажылардың ізі өшіп, сафар айы аяқталған соң ғана умра жасағысы келген адамға умра жасауға болады”, – дейтін. Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары зулхижжа айының төртінші күні таңертең қажылыққа тәлбия айтып, ихрамға кірген күйде келді. Пайғамбар (с.а.с.) оларға қажылық ихрамын умраға айналдыруды бұйырды. Бұл оларға өте ауыр тиді. Сонда олар: “Уа, Расулалла! Ихрамнан қай дәрежеде шығамыз?” – деп сұрады. Ол: “Толықтай ихрамнан шығасыңдар”, – деді».