Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 802

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
20. Тәматтуғ, қиран және ифрад қажылығы әрі құрбандық малын бірге алып келмеген адамның қажылық ихрамын умраға ауыстыруы туралыبَابُ التَّمَتُّعِ وَالْإِقْرَانِ وَالْإِفْرَادِ بِالْحَجِّ وَفَسْخِ الْحَجِّ لِمَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْيٌ
Нөмірі
№ 802 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1566
802
Бұхари, № 802 · Сахих: 1566Риуаят етуші: Хафса

عَنْ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهَا قَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا شَأْنُ النَّاسِ حَلُّوا بِعُمْرَةٍ، وَلَمْ تَحْلِلْ أَنْتَ مِنْ عُمْرَتِكَ؟» قَالَ: «إِنِّي لَبَّدْتُ رَأْسِي، وَقَلَّدْتُ هَدْيِي، فَلَا أَحِلُّ حَتَّى أَنْحَرَ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Хафса (р.а.): «Уа, Расулалла! Адамдар умрадан кейін ихрамнан шықты, ал сіз неге умраңыздан кейін ихрамнан шықпадыңыз?» – деп сұрады. Ол: «Мен шашымды ұйыстырып бекіттім әрі құрбандық малымның мойнына алқа тақтым. Сондықтан оны шалғанға дейін ихрамнан шықпаймын», – деді.