Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 800

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
20. Тәматтуғ, қиран және ифрад қажылығы әрі құрбандық малын бірге алып келмеген адамның қажылық ихрамын умраға ауыстыруы туралыبَابُ التَّمَتُّعِ وَالْإِقْرَانِ وَالْإِفْرَادِ بِالْحَجِّ وَفَسْخِ الْحَجِّ لِمَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْيٌ
Нөмірі
№ 800 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1563
800
Бұхари, № 800 · Сахих: 1563Риуаят етуші: Осман

عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ نَهَى عَنِ الْمُتْعَةِ وَأَنْ يُجْمَعَ بَيْنَهُمَا، فَلَمَّا رَأَى عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ذَلِكَ أَهَلَّ بِهِمَا: «لَبَّيْكَ بِعُمْرَةٍ وَحَجَّةٍ». قَالَ: «مَا كُنْتُ لِأَدَعَ سُنَّةَ النَّبِيِّ ﷺ لِقَوْلِ أَحَدٍ».

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.) тәматтуғ қажылығына және қажылық пен умраны бірге орындауға тыйым салды. Мұны көрген Әли (р.а.) қажылық пен умраның екеуіне де тәлбия айтып: «Умра мен қажылыққа шақыруыңа жауап бердім», – деді. Содан кейін: «Мен ешкімнің сөзі үшін Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетін тастамаймын», – деді.