عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَرَأَ النَّبِيُّ ﷺ النَّجْمَ بِمَكَّةَ فَسَجَدَ فِيهَا وَسَجَدَ مَنْ مَعَهُ غَيْرَ شَيْخٍ أَخَذَ كَفًّا مِنْ حَصًى – أَوْ تُرَابٍ – فَرَفَعَهُ إِلَى جَبْهَتِهِ، وَقَالَ: “يَكْفِينِي هَذَا”، فَرَأَيْتُهُ بَعْدَ ذَلِكَ قُتِلَ كَافِرًا».
Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Меккеде “Нәжм” сүресін оқып, ондағы сәжде аятында сәжде жасады. Қасындағы адамдардың бәрі де сәжде жасады. Тек бір қарт кісі ғана бір уыс ұсақ тас немесе топырақ алып, оны маңдайына апарып: “Маған осы да жеткілікті”, – деді. Кейін сол адамның кәпір күйінде өлтірілгенін көрдім».