عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ تِسْعَةَ عَشَرَ يَقْصُرُ».
Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) он тоғыз күн тұрақтап, намазды қысқартып оқыды», – деген.
Сахих әл-Бұхари, 18-кітап · 15 хадис · № 581–595
عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ تِسْعَةَ عَشَرَ يَقْصُرُ».
Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) он тоғыз күн тұрақтап, намазды қысқартып оқыды», – деген.
عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْمَدِينَةِ إِلَى مَكَّةَ فَكَانَ يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ رَكْعَتَيْنِ حَتَّى رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ. قِيلَ لَهُ: «أَقَمْتُمْ بِمَكَّةَ شَيْئًا؟» قَالَ: «أَقَمْنَا بِهَا عَشْرًا».
Әнәс (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Меккеге шықтық. Мәдинаға қайтып келгенге дейін ол намаздарды екі рәкәғаттан оқыды», – деген. Одан: «Меккеде қанша уақыт тұрақтадыңдар?» – деп сұралды. Ол: «Онда он күн тұрақтадық», – деп жауап берді.
عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ بِمِنًى رَكْعَتَيْنِ، وَأَبِي بَكْرٍ، وَعُمَرَ، وَمَعَ عُثْمَانَ صَدْرًا مِنْ إِمَارَتِهِ، ثُمَّ أَتَمَّهَا».
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Минада екі рәкәғат намаз оқыдым. Әбу Бәкірмен және Омармен бірге де екі рәкәғаттан оқыдым. Османмен бірге халифалығының алғашқы кезеңінде екі рәкәғат оқыдым, кейіннен ол намазды толық оқи бастады».
عَنْ حَارِثَةِ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّى بِنَا النَّبِيُّ ﷺ آمَنَ مَا كَانَ بِمِنًى رَكْعَتَيْنِ».
Хариса ибн Уәһб (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Минада қауіпсіздік толық орнаған кезде бізге екі рәкәғат намаз оқытты», – деген.
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لَمَّا قِيلَ لَهُ: «صَلَّى عُثْمَانُ بِمِنًى أَرْبَعَ رَكَعَاتٍ»، اِسْتَرْجَعَ، ثُمَّ قَالَ: «صَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِمِنًى رَكْعَتَيْنِ، وَصَلَّيْتُ مَعَ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِمِنًى رَكْعَتَيْنِ، وَصَلَّيْتُ مَعَ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِمِنًى رَكْعَتَيْنِ، فَلَيْتَ حَظِّي مِنْ أَرْبَعِ رَكَعَاتٍ رَكْعَتَانِ مُتَقَبَّلَتَانِ».
Ибн Мәсғудқа (р.а.): «Осман Минада төрт рәкәғат намаз оқыды», – деп айтылғанда, ол: «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун», – деді. Содан кейін: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Минада екі рәкәғат намаз оқыдым. Әбу Бәкір әс-Сыддықпен (р.а.) бірге Минада екі рәкәғат намаз оқыдым. Омар ибн әл-Хаттабпен (р.а.) бірге де Минада екі рәкәғат намаз оқыдым. Осы төрт рәкәғаттан маған қабыл болған екі рәкәғат нәсіп болса ғой!» – деді.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ تُسَافِرَ مَسِيرَةَ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ لَيْسَ مَعَهَا حُرْمَةٌ».
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Аллаға және ақырет күніне иман келтірген әйелге қасында махрамы болмай, бір күн, бір түндік жолға сапарға шығуға рұқсат етілмейді».
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ إِذَا أَعْجَلَهُ السَّيْرُ يُؤَخِّرُ الْمَغْرِبَ فَيُصَلِّيهَا ثَلَاثًا ثُمَّ يُسَلِّمُ، ثُمَّ قَلَّمَا يَلْبَثُ حَتَّى يُقِيمَ الْعِشَاءَ فَيُصَلِّيهَا رَكْعَتَيْنِ ثُمَّ يُسَلِّمُ، وَلَا يُسَبِّحُ بَعْدَ الْعِشَاءِ حَتَّى يَقُومَ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ».
Абдулла ибн Омар (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жол жүруге асыққан кезінде ақшам намазын кешіктіріп, оны үш рәкәғат оқып, сәлем бергенін көрдім. Содан кейін көп кідірместен құптан намазына қамат айтқызып, оны екі рәкәғат оқып, сәлем беретін. Құптан намазынан кейін түн ортасында намазға тұрғанға дейін нәпіл намаз оқымайтын», – деген.
عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي التَّطَوُّعَ وَهُوَ رَاكِبٌ فِي غَيْرِ الْقِبْلَةِ».
Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) көлік үстінде келе жатып, құбыладан өзге бағытқа қарап нәпіл намаз оқитын», – деген.
عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى عَلَى حِمَارٍ وَوَجْهُهُ مِنْ يَسَارِ الْقِبْلَةِ، فَقِيلَ لَهُ: «تُصَلِّي لِغَيْرِ الْقِبْلَةِ؟» فَقَالَ: «لَوْلَا أَنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَعَلَهُ لَمْ أَفْعَلْهُ».
Әнәс (р.а.) есек үстінде намаз оқып, жүзін құбыланың сол жағына бұрған. Оған: «Құбыладан өзге бағытқа қарап намаз оқисыз ба?» – делінгенде: «Егер Алла Елшісінің (с.а.с.) осылай істегенін көрмегенімде, мен де мұны істемес едім», – деген.
عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «صَحِبْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَلَمْ أَرَهُ يُسَبِّحُ فِي السَّفَرِ، وَقَالَ اللَّهُ جَلَّ ذِكْرُهُ: ﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ﴾ [الْأَحْزَابِ: 21]».
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болдым, бірақ оның сапарда парыз намаздарына қосымша нәпіл намаз оқығанын көрмедім. Ұлы Алла: “Расында, Алла Елшісінде сендер үшін көркем үлгі бар” (“Ахзаб”, 21), – деген».
عَنْ عَامِرِ بْنِ رَبِيعَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَأَى النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى السُّبْحَةَ بِاللَّيْلِ فِي السَّفَرِ عَلَى ظَهْرِ رَاحِلَتِهِ حَيْثُ تَوَجَّهَتْ بِهِ.
Амир ибн Рабиға (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) сапарда түнгі нәпіл намазын көлігі қай жаққа бет алса да, оның үстінде оқығанын көрген.
عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَجْمَعُ بَيْنَ صَلَاةِ الظُّهْرِ وَالْعَصْرِ، إِذَا كَانَ عَلَى ظَهْرِ سَيْرٍ وَيَجْمَعُ بَيْنَ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ».
Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сапар үстінде болған кезде бесін мен екінті намаздарын, сондай-ақ ақшам мен құптан намаздарын қосып оқитын», – деген.
عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَتْ بِي بَوَاسِيرُ، فَسَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ الصَّلَاةِ، فَقَالَ: «صَلِّ قَائِمًا، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِدًا، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ».
Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деген: «Мен көтеу дертіне шалдықтым. Содан кейін Пайғамбардан (с.а.с.) намаз туралы сұрадым. Ол: “Намазды түрегеп оқы. Оған шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң келмесе, қырынан жатып оқы”, – деді».
عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ أَنَّهَا لَمْ تَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي صَلَاةَ اللَّيْلِ قَاعِدًا قَطُّ حَتَّى أَسَنَّ، فَكَانَ يَقْرَأُ قَاعِدًا، حَتَّى إِذَا أَرَادَ أَنْ يَرْكَعَ قَامَ، فَقَرَأَ نَحْوًا مِنْ ثَلَاثِينَ آيَةً – أَوْ أَرْبَعِينَ آيَةً – ثُمَّ رَكَعَ.
Мүміндердің анасы Айша (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) жасы ұлғайғанға дейін түнгі намазды отырып оқығанын ешқашан көрген емеспін. Жасы ұлғайғаннан кейін ол қырағатты отырып оқитын. Рукуғ жасағысы келгенде, орнынан тұрып, отыз не қырық аят шамасында оқитын да, содан кейін рукуғ жасайтын».
وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي رِوَايَةٍ: «ثُمَّ يَفْعَلُ فِي الرَّكْعَةِ الثَّانِيَةِ مِثْلَ ذَلِكَ، فَإِذَا قَضَى صَلَاتَهُ نَظَرَ، فَإِنْ كُنْتُ يَقْظَى تَحَدَّثَ مَعِي، وَإِنْ كُنْتُ نَائِمَةً اِضْطَجَعَ ﷺ».
Айшадан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта: «Содан кейін екінші рәкәғатта да дәл осылай істейтін. Намазын аяқтаған соң маған қарайтын. Егер ояу болсам, менімен сөйлесетін, ал ұйықтап жатсам, өзі де жантайып жататын», – делінген.