وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: خَسَفَتِ الشَّمْسُ فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَصَلَّى بِالنَّاسِ، فَقَامَ، فَأَطَالَ الْقِيَامَ، ثُمَّ رَكَعَ، فَأَطَالَ الرُّكُوعَ، ثُمَّ قَامَ فَأَطَالَ الْقِيَامَ وَهُوَ دُونَ الْقِيَامِ الْأَوَّلِ، ثُمَّ رَكَعَ فَأَطَالَ الرُّكُوعَ وَهُوَ دُونَ الرُّكُوعِ الْأَوَّلِ، ثُمَّ سَجَدَ فَأَطَالَ السُّجُودَ، ثُمَّ فَعَلَ فِي الرَّكْعَةِ الثَّانِيَةِ مِثْلَ مَا فَعَلَ فِي الْأُولَى، ثُمَّ اِنْصَرَفَ وَقَدْ اِنْجَلَتِ الشَّمْسُ،
فَخَطَبَ النَّاسَ، فَحَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ آيَتَانِ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ، لَا يَخْسِفَانِ لِمَوْتِ أَحَدٍ وَلَا لِحَيَاتِهِ، فَإِذَا رَأَيْتُمْ ذَلِكَ، فَادْعُوا اللَّهَ، وَكَبِّرُوا وَصَلُّوا وَتَصَدَّقُوا»، ثُمَّ قَالَ: «يَا أُمَّةَ مُحَمَّدٍ، وَاللَّهِ مَا مِنْ أَحَدٍ أَغْيَرُ مِنَ اللَّهِ أَنْ يَزْنِيَ عَبْدُهُ أَوْ تَزْنِيَ أَمَتُهُ، يَا أُمَّةَ مُحَمَّدٍ، وَاللَّهِ لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا».
Қазақша аудармасы
Айшадан (р.а.) жеткен бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуірінде күн тұтылғаны баяндалған. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) адамдарға намаз оқытты. Ол ұзақ уақыт қиямда тұрды. Содан кейін рукуғқа барып, оны да ұзақ орындады. Кейін қайтадан қиямға тұрып, оны ұзаққа созды, бірақ бұл алғашқы қиямнан қысқарақ еді. Содан кейін рукуғқа барып, оны да ұзақ орындады, алайда бұл алғашқы рукуғтан қысқарақ еді. Артынша сәждеге барып, оны да ұзақ орындады. Екінші рәкәғатта да алғашқы рәкәғаттағыдай амал жасады. Намазын аяқтаған кезде күн ашылып кеткен еді.
Содан кейін адамдарға құтба айтып, Алланы мадақтап, Оны дәріптеді де: «Расында, күн мен ай – Алланың екі белгісі. Олар ешкімнің өлуіне де, дүниеге келуіне де байланысты тұтылмайды. Олардың тұтылғанын көргенде, Аллаға дұға етіңдер, тәкбір айтыңдар, намаз оқыңдар және садақа беріңдер», – деді. Кейін: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті! Алланың атымен ант етемін! Өз құлының немесе күңінің зина жасауына Алладан артық қызғаныш танытатын ешкім жоқ. Уа, Мұхаммедтің үмбеті! Алланың атымен ант етемін! Егер менің білгенімді сендер де білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деді.