عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا ذَكَرَ حَدِيثَ الْكُسُوفِ بِطُولِهِ، ثُمَّ قَالَ: قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَأَيْنَاكَ تَنَاوَلْتَ شَيْئًا فِي مَقَامِكَ ثُمَّ رَأَيْنَاكَ كَعْكَعْتَ؟» قَالَ ﷺ: «إِنِّي رَأَيْتُ الْجَنَّةَ فَتَنَاوَلْتُ عُنْقُودًا، وَلَوْ أَصَبْتُهُ لَأَكَلْتُمْ مِنْهُ مَا بَقِيَتِ الدُّنْيَا، وَأُرِيتُ النَّارَ فَلَمْ أَرَ مَنْظَرًا كَالْيَوْمِ قَطُّ أَفْظَعَ، وَرَأَيْتُ أَكْثَرَ أَهْلِهَا النِّسَاءَ». قَالُوا: «بِمَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «بِكُفْرِهِنَّ». قِيلَ: «يَكْفُرْنَ بِاللَّهِ؟» قَالَ: «يَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ وَيَكْفُرْنَ الْإِحْسَانَ، لَوْ أَحْسَنْتَ إِلَى إِحْدَاهُنَّ الدَّهْرَ كُلَّهُ ثُمَّ رَأَتْ مِنْكَ شَيْئًا قَالَتْ: “مَا رَأَيْتُ مِنْكَ خَيْرًا قَطُّ”».
Абдулла ибн Аббас (р.а.) күн тұтылу туралы хадисті толық баяндап, содан кейін былай деген: «Адамдар: “Уа, Расулалла! Сіздің тұрған орныңызда бір нәрсеге қол созғаныңызды, содан кейін шегінгеніңізді көрдік”, – деді. Ол (с.а.с.): “Мен жәннатты көрдім. Мен одан бір шоқ жүзімге қол создым. Егер оны алғанымда, дүние бар болған уақыттың бәрінде одан жейтін едіңдер. Маған тозақ та көрсетілді. Мен бүгінгідей жан түршігерлік көріністі ешқашан көрген емеспін. Оның тұрғындарының басым көпшілігінің әйелдер екенін көрдім”, – деді.
Олар: “Уа, Расулалла! Не себепті?” – деп сұрады. Ол: “Күпірлік жасағандары үшін”, – деді. Одан: “Олар Аллаға күпірлік жасай ма?” – деп сұралды. Ол: “Олар күйеулерінің жақсылығын бағаламайды әрі жасалған игілікті мойындамайды. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық жасап, кейін ол сенен көңіліне ұнамаған бір нәрсе көрсе: ‘Мен сенен ешқашан жақсылық көрген емеспін’, – дейді”, – деп жауап берді».