Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 573

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
16. Күн тұтылу кітабыكِتَابُ الْكُسُوفِ
бап
7. Күн тұтылған кезде Алланы еске алу туралыبَابُ الذِّكْرِ فِي الْكُسُوفِ
Нөмірі
№ 573 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1059
573
Бұхари, № 573 · Сахих: 1059Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَسَفَتِ الشَّمْسُ، فَقَامَ النَّبِيُّ ﷺ فَزِعًا، يَخْشَى أَنْ تَكُونَ السَّاعَةُ، فَأَتَى الْمَسْجِدَ، فَصَلَّى بِأَطْوَلِ قِيَامٍ وَرُكُوعٍ وَسُجُودٍ رَأَيْتُهُ قَطُّ يَفْعَلُهُ، وَقَالَ: «هَذِهِ الْآيَاتُ الَّتِي يُرْسِلُ اللَّهُ، لَا تَكُونُ لِمَوْتِ أَحَدٍ وَلَا لِحَيَاتِهِ، وَلَكِنْ يُخَوِّفُ اللَّهُ بِهَا عِبَادَهُ، فَإِذَا رَأَيْتُمْ شَيْئًا مِنْ ذَلِكَ، فَافْزَعُوا إِلَى ذِكْرِهِ وَدُعَائِهِ وَاسْتِغْفَارِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның (р.а.) айтуынша, күн тұтылған кезде Пайғамбар (с.а.с.) қиямет орнап қалуы мүмкін деп қауіптеніп, үрейленген күйде орнынан тұрып, мешітке келген. Содан кейін қиямды, рукуғ пен сәждені өте ұзақ орындап намаз оқыған. Әбу Мұса бұрын-соңды оның намазды мұншалық ұзақ оқығанын көрмеген. Кейін Пайғамбар (с.а.с.): «Алла жіберетін бұл белгілер ешкімнің өліміне де, дүниеге келуіне де байланысты болмайды. Алайда Алла солар арқылы құлдарын қорқытады. Осындай белгілердің бірін көргенде, Алланы еске алуға, Оған дұға етуге және Одан кешірім тілеуге асығыңдар», – деген.