عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَرَأَ: ﴿إِذَا السَّمَاءُ انْشَقَّتْ﴾ فَسَجَدَ بِهَا. فَقِيلَ لَهُ فِي ذَلِكَ فَقَالَ: «لَوْ لَمْ أَرَ النَّبِيَّ ﷺ يَسْجُدُ لَمْ أَسْجُدْ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) «Аспан жарылған кезде» («Иншиқақ», 1) деп басталатын сүрені оқып, сәжде жасаған. Одан осы жайында сұралғанда: «Егер Пайғамбардың (с.а.с.) сәжде жасағанын көрмегенімде, мен де сәжде жасамас едім», – деген.