عَنْ أَنَس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أتى مِنىً، فَأتَى الْجَمْرَةَ فَرَمَاهَا، ثُمَّ أَتَى مَنْزِلَهُ بِمِنَىً ونحر، ثُمَّ قَالَ لِلحَلاَّقِ: «خُذْ» وأشَارَ إِلَى جَانِبهِ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ الْأَيْسَرِ، ثُمَّ جَعَلَ يُعْطِيهِ النَّاسَ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة: لما رمَى الْجَمْرَةَ، وَنَحَرَ نُسُكَهُ وَحَلَقَ، نَاوَلَ الْحَلاَّقَ شِقَّهُ الْأَيْمَنَ فَحَلَقَهُ، ثُمَّ دَعَا أَبَا طَلْحَةَ الْأنْصَارِيَّ فَأعْطَاهُ إِيَّاهُ، ثُمَّ نَاوَلَهُ الشِّقَّ الْأَيْسَرَ، فَقَالَ: «احْلِقْ»، فَحَلَقَهُ فَأعْطَاهُ أَبَا طَلْحَةَ، فَقَالَ: «اقْسِمْهُ بَيْنَ النَّاسِ»
Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Минаға келді де, жамаратқа барып тас лақтырды. Сосын Минадағы тұрағына қайта оралды да, құрбан шалды. Кейін шаштаразға: «Қане ал», – деп, алдымен басының оң жағын, сонан соң сол жағын нұсқады. Содан кейін оны (яғни шашын) сондағы адамдарға тарата бастады», 1 – деген (Муслим: 3152, Бұхари: 370/1, Ахмад: 12400).
Аталмыш хадистің (имам Муслим) жеткізген нұсқасында: «Алла елшісі ﷺ жамаратқа тас лақтырып, құрбан шалып болған соң, шашын алдырды, сонда шаштаразға алдымен оң жағын ұсынды. Оң жақ шашын алып болған соң, ансарлық Әбу Талханы (р.а.) шақырып, шашты соған берді. Сосын сол жақ бөлігін ұсынып: «Ала бер!» – деді. Сол жақ шашын алып болған соң, оны да Әбу Талхаға беріп: «Мұны ел-жұртқа тарат!» – деді», – делінген.
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ прибыл в Мину, подошёл к джамарату и бросил камешки. Затем он вернулся к месту своей стоянки в Мине и принёс жертву. После этого он сказал цирюльнику: “Приступай!” – указав сначала на правую сторону головы, а затем на левую. Потом он стал раздавать сбритые волосы находившимся там людям1» (Муслим: 3152; Аль-Бухари: 370/1; Ахмад: 12400).
В версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «После того как Посланник Аллаха ﷺ бросил камешки в джамарат, принёс жертву и решил обрить голову, он сначала подставил цирюльнику её правую сторону. Когда волосы с правой стороны были сбриты, он позвал ансара Абу Тальху (да будет доволен им Аллах) и отдал их ему. Затем он подставил левую сторону головы и сказал: “Сбривай!” Когда волосы с левой стороны были сбриты, он также отдал их Абу Тальхе и велел: “Раздай их людям”».
Түсіндірме (қазақша)
Шайтанға тас лақтыру – қажылардың құрбан айт күндерінде Минада бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тігіліп тұрған үш шайтан тасқа майда тастарды лақтыру рәсімі. Бұл рәсім – қажылықтың уәжіптерінің бірі. Шайтан тастар: Кіші шайтан (жәмра), ортаңғы шайтан (жәмра) және үлкен шайтан (Ақаба жәмрасы). Шайтанға тас лақтырудың уақыты – Құрбан айттың төрт күні. Шайтанға тас ату Ибраһим (а.с.) пайғамбардан қалған сүннет. Ибраһим пайғамбар (а.с.) Алланың бұйрығын орындауға бел буғанда шайтан келіп, оған кедергі жасамақшы болады, сонда Ибраһим пайғамбар (а.с.) оны тас атып аластаған екен. Мұсылмандар үшін бұл сүннеттің негізгі мәні – шайтанды қор санау және оған қарсы екендіктерін білдіру.
Түсіндірме (орысша)
бросание камешков в шайтана – это обряд, во время которого паломники в дни праздника жертвоприношения бросают небольшие камешки в три расположенных неподалёку друг от друга столба в Мине. Этот обряд относится к числу обязательных действий хаджа. Эти столбы называются Малым шайтаном (джамра), Средним шайтаном (джамра) и Большим шайтаном (джамрат аль-Акаба). Время совершения обряда – четыре дня праздника жертвоприношения. Бросание камешков в шайтана является сунной, восходящей к пророку Ибрахиму (мир ему). Когда пророк Ибрахим (мир ему) твёрдо решил исполнить веление Аллаха, шайтан явился к нему, желая воспрепятствовать этому, но Ибрахим отогнал его, бросая в него камни. Основной смысл этой сунны для мусульман заключается в выражении презрения к шайтану и своей непримиримости к нему.
ОБ ЭТИКЕТЕ ПРИЁМА ПИЩИ
- 1Пайғамбардың бұл ісі – дәстүріміздегі тәбәрік ұғымы мен салтына бірден-бір дәлел болады.
- 1Этот поступок Пророка служит прямым подтверждением существующих в нашей традиции понятия «тәбәрік» и связанного с ним обычая.