Хадистер
باب استحباب تقديم الْيمِين فِى كل مَا هو من باب التكرِيم كالوضوءِ وَالغُسْلِ وَالتَّيَمُّمِ وَلُبْسِ الثَّوْبِ وَالنَّعْلِ وَالخُفِّ وَالسَّرَاوِيلِ وَدُخولِ الْمَسْجِدِ وَالسِّوَاكِ وَالاكْتِحَالِ، وَتقليم الْأظْفار وَقَصِّ الشَّارِبِ وَنَتْفِ الْإِبْطِ، وَحلقِ الرَّأسِ وَالسّلَامِ مِنَ الصَّلَاةِ وَالْأكْلِ والشُّربِ وَالْمُصافحَةِ وَاسْتِلَامِ الْحَجَرِ الْأَسْوَدِ والخروجِ منَ الْخلاءِ والأخذ والعطاء وغيرِ ذَلِكَ مِمَّا هُوَ فِى معناه. ويُسْتَحَبُّ تَقديمُ الْيسارِ فِى ضدِ ذَلِكَ كالَامْتِخَاطِ وَالْبُصَاقِ عَنْ الْيسار ودخولِ الْخَلاءِ والخروج من الْمَسْجِدِ وخَلْعِ الْخُفِّ والنَّعْلِ والسراويلِ والثوبِ والاسْتِنْجَاءِ وفِعلِ الْمُسْتَقْذرَاتِ وأشْبَاه ذَلِكَ
«فَأَمَّا مَنْ أوتِيَ كِتَابَهُ بيَمِينِهِ فَيْقُولُ هَاؤُمُ اقْرَأوا كِتَابِيْه» «Нәтижеде кімнің амал дәптері оң жағынан берілсе, ол көңілі тасып: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар...!» – дейді... («Хаққа», 19-аят).
«فَأَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ وَأَصْحابُ الْمَشْئَمَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَشْئَمَةِ» «Асхабул-мәймәнә, Асхабул-мәймәнә, деген кімдер? Асхабул-мәшәмә, Асхабул-мәшәмә деген кімдер?...» («Уақиға», 9-10-аяттар).
Мысалы дәрет алғанда, ғұсыл құйынғанда, тәяммум соққанда, шапан, аяқ киім, мәсі, шалбар (және басқа да) киімдерді кигенде, мешітке кіргенде, тіс тазалағанда, көзге сүрме жаққанда, тырнақ алғанда, мұртты басқанда, қолтық астын тазартқанда, шаш алғанда, намаздан кейін сәлем бергенде, ас-су ішкенде, қол алысқанда, Қара тасты ұстағанда, әжетханадан шыққанда, біреуге бір нәрсені алып-бергенде және т.с.с. істерді істегенде әрбір игі істі оң жақтан бастау. Ал бұларға қарама-қайшы, мысалы сіңбіргенде, түкіргенде, әжетханаға кіргенде, мешіттен шыққанда, мәсі, аяқ киім, шалбар, шапан және т.б. киімдерді шешкенде, ұятты жерлерін жуғанда, лас нәрселерді тазалағанда сол қолмен іс істеу керектігі жайлы.
«Что до того, кому книга его деяний будет дана с правой стороны, то он воскликнет: “Пожалуйте! Читайте мою книгу!”» (сура «Хакка», 69:19).
«Обладатели правой стороны – до чего же они счастливы! Обладатели левой стороны – до чего же они несчастны!» (сура «Вакиа», 56:8–9).
Например, с правой стороны следует начинать совершение малого и полного омовения, таяммума, надевание накидки, обуви, кожаных носков, брюк (и другой одежды), вход в мечеть, чистку зубов, нанесение сурьмы на глаза, подстригание ногтей и усов, удаление волос под мышками, стрижку волос, произнесение заключительного приветствия после намаза, принятие пищи и питья, рукопожатие, прикосновение к Чёрному камню, выход из уборной, передачу чего-либо другому человеку или принятие чего-либо от него и тому подобные благие дела. В противоположных случаях – например, при сморкании, сплёвывании, входе в уборную, выходе из мечети, снятии кожаных носков, обуви, брюк, плаща и другой одежды, омовении интимных частей тела и очищении от нечистот – следует отдавать предпочтение левой стороне и действовать левой рукой.
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعْجِبُهُ التَّيَمُّنُ فِى شَأنِهِ كُلِّهِ: فِى طُهُورِهِ، وَتَرَجُّلِهِ، وَتَنَعُّلِهِ
Қазақша аудармасы
Айша анамыз (р.а.): «Расулалла ﷺ дәрет алғанда, шаш тарағанда, аяқ киім кигенде, жалпы барлық (жақсы) істерінде оң жақтан бастағанды ұнататын еді», – деген (Бұхари: 168, Муслим: 616, Ахмад: 25545).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Посланник Аллаха ﷺ любил начинать с правой стороны при совершении омовения, расчёсывании волос, надевании обуви и вообще во всех благих делах» (Аль-Бухари: 168; Муслим: 616; Ахмад: 25545).
وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَتْ يَدُ رَسُول اللَّهِ ﷺ الْيُمْنَى لِطُهُورِهِ وَطَعَامِهِ، وَكَانَتِ الْيُسْرَى لِخَلائِهِ وَمَا كَانَ مِنْ أذًى
Қазақша аудармасы
Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ оң қолы тазалығы мен ас ішуге, ал сол қолы әжетхана істері мен нәжіс тазалауға қолданылатын», – деген (Әбу Дәуіт: 33).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Правой рукой Посланник Аллаха ﷺ совершал очищение и принимал пищу, а левой пользовался при справлении нужды и удалении нечистот» (Абу Дауд: 33).
وَعَنْ أم عطية أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لهن فِى غَسْلِ ابْنَتِهِ زَيْنَبَ: «ابْدَأنَ بِمَيَامِنِهَا، وَمَوَاضِعِ الْوُضُوءِ مِنْهَا»
Қазақша аудармасы
Үммі Атия (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ (бақилық болған) қызы Зейнептің (р.а.) сүйегін жууға қатысты, сүйекке түсетін әйелдерге: «Жууды оң жағынан және дәрет алғанда жуылатын жерлерінен бастаңдар», – деп айтқан (Бұхари: 167; Муслим: 2168, Ахмад: 27302).
Орысша аудармасы
Передаётся со слов Умм Атыйи (да будет доволен ею Аллах), что, когда женщины омывали тело почившей дочери Пророка ﷺ Зайнаб (да будет доволен ею Аллах), он сказал им: «Начинайте омовение с правой стороны и с тех частей тела, которые омываются при совершении омовения» (Аль-Бухари: 167; Муслим: 2168; Ахмад: 27302).
وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا انْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيُمْنَى، وَإِذَا نَزَعَ فَلْيَبْدأْ بِالشِّمَالِ. لِتَكُنْ الْيُمْنَى أَوَّلَهُمَا تُنْعَلُ، وَآخِرُهُمَا تُنْزَعُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің болмасын аяқ-киімін киерде алдымен оң аяғынан бастап кисін. Ал шешкенде, сол аяқтан бастасын. Осылайша, оң аяқтағы аяқ-киімнің сыңары алдымен киіліп, соңынан шешілетін болсын», – деп бұйырды», – деген (Бұхари: 5856, Муслим: 5495).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ велел: “Когда кто-либо из вас надевает обувь, пусть начинает с правой ноги, а когда снимает – с левой. Таким образом, обувь на правую ногу следует надевать первой, а снимать последней”» (Аль-Бухари: 5856; Муслим: 5495).
عَنْ حفصة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يجعل يَمِينَهُ لطَعَامِهِ وَشَرَابِهِ وَثِيَابِهِ، وَيَجْعَلُ يَسَارَهُ لِمَا سِوَى ذَلِكَ
Қазақша аудармасы
Хафса анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ оң қолын ішіп-жеуге және киінуге, ал сол қолын одан өзге істерге арнайтын», – деген (Әбу Дәуіт: 32).
Орысша аудармасы
Хафса (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Посланник Аллаха ﷺ пользовался правой рукой во время еды, питья и одевания, а левой – для остальных дел» (Абу Дауд: 32).
عَنْ أَبِى هُرِيرة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا لَبِسْتُمْ، وَإِذَا تَوَضَّأتُمْ، فَابْدَأوا بأيَامِنِكُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте, Алла елшісі ﷺ: «Киім кигенде және дәрет алғанда оң жақтарыңнан бастаңдар», – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 4141; Тирмизи, 1766).
Орысша аудармасы
Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда одеваетесь и совершаете омовение, начинайте с правой стороны» (Абу Дауд: 4141; Ат-Тирмизи: 1766).
عَنْ أَنَس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أتى مِنىً، فَأتَى الْجَمْرَةَ فَرَمَاهَا، ثُمَّ أَتَى مَنْزِلَهُ بِمِنَىً ونحر، ثُمَّ قَالَ لِلحَلاَّقِ: «خُذْ» وأشَارَ إِلَى جَانِبهِ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ الْأَيْسَرِ، ثُمَّ جَعَلَ يُعْطِيهِ النَّاسَ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة: لما رمَى الْجَمْرَةَ، وَنَحَرَ نُسُكَهُ وَحَلَقَ، نَاوَلَ الْحَلاَّقَ شِقَّهُ الْأَيْمَنَ فَحَلَقَهُ، ثُمَّ دَعَا أَبَا طَلْحَةَ الْأنْصَارِيَّ فَأعْطَاهُ إِيَّاهُ، ثُمَّ نَاوَلَهُ الشِّقَّ الْأَيْسَرَ، فَقَالَ: «احْلِقْ»، فَحَلَقَهُ فَأعْطَاهُ أَبَا طَلْحَةَ، فَقَالَ: «اقْسِمْهُ بَيْنَ النَّاسِ»
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Минаға келді де, жамаратқа барып тас лақтырды. Сосын Минадағы тұрағына қайта оралды да, құрбан шалды. Кейін шаштаразға: «Қане ал», – деп, алдымен басының оң жағын, сонан соң сол жағын нұсқады. Содан кейін оны (яғни шашын) сондағы адамдарға тарата бастады», 1 – деген (Муслим: 3152, Бұхари: 370/1, Ахмад: 12400).
Аталмыш хадистің (имам Муслим) жеткізген нұсқасында: «Алла елшісі ﷺ жамаратқа тас лақтырып, құрбан шалып болған соң, шашын алдырды, сонда шаштаразға алдымен оң жағын ұсынды. Оң жақ шашын алып болған соң, ансарлық Әбу Талханы (р.а.) шақырып, шашты соған берді. Сосын сол жақ бөлігін ұсынып: «Ала бер!» – деді. Сол жақ шашын алып болған соң, оны да Әбу Талхаға беріп: «Мұны ел-жұртқа тарат!» – деді», – делінген.
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ прибыл в Мину, подошёл к джамарату и бросил камешки. Затем он вернулся к месту своей стоянки в Мине и принёс жертву. После этого он сказал цирюльнику: “Приступай!” – указав сначала на правую сторону головы, а затем на левую. Потом он стал раздавать сбритые волосы находившимся там людям1» (Муслим: 3152; Аль-Бухари: 370/1; Ахмад: 12400).
В версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «После того как Посланник Аллаха ﷺ бросил камешки в джамарат, принёс жертву и решил обрить голову, он сначала подставил цирюльнику её правую сторону. Когда волосы с правой стороны были сбриты, он позвал ансара Абу Тальху (да будет доволен им Аллах) и отдал их ему. Затем он подставил левую сторону головы и сказал: “Сбривай!” Когда волосы с левой стороны были сбриты, он также отдал их Абу Тальхе и велел: “Раздай их людям”».
Түсіндірме (қазақша)
Шайтанға тас лақтыру – қажылардың құрбан айт күндерінде Минада бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тігіліп тұрған үш шайтан тасқа майда тастарды лақтыру рәсімі. Бұл рәсім – қажылықтың уәжіптерінің бірі. Шайтан тастар: Кіші шайтан (жәмра), ортаңғы шайтан (жәмра) және үлкен шайтан (Ақаба жәмрасы). Шайтанға тас лақтырудың уақыты – Құрбан айттың төрт күні. Шайтанға тас ату Ибраһим (а.с.) пайғамбардан қалған сүннет. Ибраһим пайғамбар (а.с.) Алланың бұйрығын орындауға бел буғанда шайтан келіп, оған кедергі жасамақшы болады, сонда Ибраһим пайғамбар (а.с.) оны тас атып аластаған екен. Мұсылмандар үшін бұл сүннеттің негізгі мәні – шайтанды қор санау және оған қарсы екендіктерін білдіру.
Түсіндірме (орысша)
бросание камешков в шайтана – это обряд, во время которого паломники в дни праздника жертвоприношения бросают небольшие камешки в три расположенных неподалёку друг от друга столба в Мине. Этот обряд относится к числу обязательных действий хаджа. Эти столбы называются Малым шайтаном (джамра), Средним шайтаном (джамра) и Большим шайтаном (джамрат аль-Акаба). Время совершения обряда – четыре дня праздника жертвоприношения. Бросание камешков в шайтана является сунной, восходящей к пророку Ибрахиму (мир ему). Когда пророк Ибрахим (мир ему) твёрдо решил исполнить веление Аллаха, шайтан явился к нему, желая воспрепятствовать этому, но Ибрахим отогнал его, бросая в него камни. Основной смысл этой сунны для мусульман заключается в выражении презрения к шайтану и своей непримиримости к нему.
ОБ ЭТИКЕТЕ ПРИЁМА ПИЩИ
- 1Пайғамбардың бұл ісі – дәстүріміздегі тәбәрік ұғымы мен салтына бірден-бір дәлел болады.
- 1Этот поступок Пророка служит прямым подтверждением существующих в нашей традиции понятия «тәбәрік» и связанного с ним обычая.