عَنِ ابْنِ شِمَاسَة، قَالَ: حَضَرْنَا عَمْرَو بنَ الْعَاصِ وَهُوَ فِى سِيَاقَةِ الْمَوْتِ، فَبَكَى طَوِيلًا، وَحَوَّلَ وَجْهَهُ إِلَى الْجِدَارِ، فَجَعَلَ ابْنُهُ، يَقُولُ: يَا أبَتَاهُ، أمَا بَشَّرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بكَذَا؟ أمَا بَشَّرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِكَذَا؟ فَأقْبَلَ بِوَجْهِهِ، فَقَالَ: إِنَّ أَفْضَلَ مَا نُعِدُّ شَهَادَةُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُول اللَّهِ، إِنِّى قَدْ كُنْتُ عَلَى أطْبَاقٍ ثَلَاثٍ: لَقَدْ رَأَيْتُنِى وَمَا أَحَدٌ أشَدُّ بُغضًا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنِّى، وَلَا أحَبَّ إِليَّ مِنْ أَنْ أكُونَ قدِ اسْتَمكنتُ مِنْهُ فَقَتَلْتُه، فَلَوْ مُتُّ عَلَى تلكَ الْحَالِ لَكُنْتُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَلَمَّا جَعَلَ اللَّهُ الْإِسلَامَ فِى قَلْبِى أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فقُلْتُ: ابسُطْ يَمِينَكَ فَلأُبَايِعُك، فَبَسَطَ يَمِينَهُ فَقَبَضْتُ يَدِى، فَقَالَ: «مَا لَكَ يَا عَمْرُو؟» قُلْتُ: أردتُ أَنْ أشْتَرِطَ، قَالَ: «تَشْتَرِط مَاذا؟» قُلْتُ: أَنْ يُغْفَرَ لِى، قَالَ: «أمَا عَلِمْتَ أن الْإِسلَامَ يَهْدِمُ مَا كَانَ قَبْلَهُ، وَأن الْهِجْرَةَ تَهْدِمُ مَا كَانَ قَبلَهَا، وَأَنَّ الْحَجَّ يَهْدِمُ مَا كَانَ قَبْلَهُ؟» وَمَا كَانَ أَحَدٌ أحَبَّ إِليَّ مِنْ رَسُولِ اللَّه ﷺ، وَلَا أجَلَّ فِى عَينِى مِنْهُ وَمَا كُنْتُ أُطيقُ أن أملأ عَينِى مِنْهُ؛ إِجلالًا لَهُ، ولو سئلت أن أصفه مَا أطقت، لأنِى لَمْ أكن أملأ عينِى مِنْهُ، ولو مُتُّ عَلَى تِلْكَ الْحالِ لَرجَوْتُ أن أكُونَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، ثُمَّ وَلِينَا أشْيَاءَ مَا أدْرِى مَا حَالِى فِيهَا؟ فَإِذَا أَنَا مُتُّ فَلَا تَصحَبَنِّى نَائِحَةٌ وَلَا نَارٌ، فَإِذَا دَفَنْتُمُونِى، فَشُنُّوا عَليَّ التُّرابَ شَنًّا، ثُمَّ أقِيمُوا حَوْلَ قَبْرِى قَدْرَ مَا تُنْحَرُ جَزورٌ، وَيُقْسَمُ لَحْمُهَا، حَتَّى أَسْتَأنِسَ بِكُمْ، وَأنْظُرَ مَا أُرَاجعُ بِهِ رسُلَ رَبّي
Ибн Шумәса (р.а.): «Амр ибн әл-Ас (р.а.) хал үстінде жатқанда, қасында болған едік. Ол болса, жүзін керегеге қаратып алып ұзақ егілді. Сонда ұлы оған: «Уа, әкетай! Алла елшісі ﷺ сіз жайлы пәлен жүрекжарды хабарды айтып, сүйіншілемеп пе еді?» – деп, осы сөзін екі рет қайталап, жұбата бастады. Сол кезде Амр (р.а.) жүзін бері қаратып: «Ақырет үшін дайындаған ең абзал ісіміз – «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік ету. Расында, өмірімде үш түрлі кезеңді басымнан өткіздім. Алғашында Алла елшісін менен артық жек көретін, әрі бір амалын тауып оны қолыма түсіріп, көзін жоюды менен артық қалайтын тірі жан жоқ еді. Егер сол кезеңде өліп кеткенде шүбәсіз, тозақтық болар едім. Кейін Алла Тағала жүрегіме иман нұрын ұялатқанда, Пайғамбарымызға келіп: «Оң қолыңызды беріңіз, алдыңызда ант қабылдайын», – дедім. Ол қолын созғанда, мен қолымды тартып, сәл-пәл іркіліп қалдым. Сонда ол: «Уа, Амр, саған не болды?» – деді. Мен: «Бір шартым бар», – дедім. Сонда ол: «Қандай шарт қоясың?» – дегенде: «Күнәларымның кешірілуін қалаймын» – дедім. Сол кезде Алла елшісі: «Сен Исламның бұрын-соңды істелген күнә атаулының бәрін жоятынын, һижреттің де бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жоятынын, сондай-ақ қажылықтың да бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жуып-шаятынын білмеуші ме едің?» – деді. Содан бері мен үшін Алла елшісінен артық сүйікті жан және одан ұлы тұлға болған емес. Сондай-ақ оны айрықша құрметтегенімнен, еш уақытта жүзіне көз тоқтатып, тіктеп қарай алмадым. Егер маған оны сипаттап бер деп, біреу-міреу қолқа салса, оның бұл тілегін орындай алмас едім, өйткені оның жүзіне тіктеп қараған емеспін. Егер сол шақта ажалым жетсе, жұмақтық боламын деген үкілеген үмітімді жалғап көз жұмар едім. Содан бері бізге небір жауапкершілігі ауыр міндеттер жүктелді. Мойнымызға артылған сол міндеттерді қаншалықты атқардық, оны да кесіп-пішіп айта алмаймын, сондықтан қазір қандай жағдайда екенімді білмеймін. Сендерге айтар өсиетім: мен қайтқаннан кейін, артымнан жоқтау айтылмасын, әрі от та жағылмасын. Мені жер қойнына қойғаннан кейін, үстіме азын-аулақ топырақ тастап, қабірімнің басында бір түйені сойып, етін бөлшектеп бітетіндей уақыт кідіріңдер, өйткені сендер барда қабір әлеміне аз да болса бойым үйреніп, әрі Раббымның елшілеріне не деп жауап қататынымды жақсылап ойланып алайын», – деді» – деген (Муслим: 321).
Ибн Шумаса (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Мы находились рядом с Амром ибн аль-Асом (да будет доволен им Аллах), когда тот лежал при смерти. Повернувшись лицом к стене, он долго и горько плакал. Тогда сын стал утешать его, дважды повторив: “О дорогой отец! Разве Посланник Аллаха ﷺ не возвещал тебе такую-то радостную весть?”
Амр повернулся к нам и сказал: “Лучшим деянием, которое мы приготовили для вечной жизни, является свидетельство о том, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Его Посланник.
Поистине, за свою жизнь я прошёл через три разных этапа. Поначалу среди живых не было человека, который ненавидел бы Посланника Аллаха ﷺ сильнее меня и больше меня желал бы найти способ схватить и убить его. Если бы я умер в то время, то, несомненно, оказался бы среди обитателей ада.
Затем Аллах Всевышний озарил моё сердце светом веры. Я пришёл к Пророку ﷺ и сказал: ‘Протяни мне правую руку, чтобы я принёс тебе присягу’. Он протянул руку, но я отвёл свою и немного замешкался. Тогда он спросил: ‘Что с тобой, о Амр?’ Я ответил: ‘У меня есть одно условие’. Он спросил: ‘Какое условие?’ Я сказал: ‘Я хочу, чтобы мои грехи были прощены’. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Разве ты не знаешь, что ислам стирает все грехи, совершённые прежде, что хиджра также стирает все прежние грехи и что хадж смывает все грехи, совершённые до него?’
С тех пор я никого не любил сильнее Посланника Аллаха ﷺ и никого не почитал больше него. Благоговение перед ним было так велико, что я никогда не осмеливался пристально смотреть ему в лицо. Если бы кто-нибудь попросил меня описать его, я не смог бы исполнить эту просьбу, ибо никогда не всматривался в его лицо. Если бы смерть настигла меня тогда, я умер бы, лелея заветную надежду оказаться среди обитателей рая.
После этого на нас было возложено немало обязанностей, сопряжённых с огромной ответственностью. Насколько хорошо мы исполнили их, я не могу сказать с уверенностью, а потому не знаю, в каком положении нахожусь теперь.
Моё завещание вам таково: когда я умру, пусть вслед за мной не раздаются причитания и не разжигают огня. Похоронив меня, засыпайте землёй понемногу, а затем оставайтесь у моей могилы столько времени, сколько требуется, чтобы заколоть верблюда и разделать его мясо. Благодаря вашему присутствию я смогу хоть немного освоиться в мире могилы и хорошо обдумать, что отвечу посланцам моего Господа”» (Муслим: 321).