عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى أَنَّهُ تَوَضَّأ فِى بَيْتِهِ، ثُمَّ خَرَجَ، فَقَالَ: لأَلْزَمَنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَلأَكُونَنَّ مَعَهُ يَوْمِى هَذَا، فَجَاءَ الْمَسْجِدَ، فَسَأَلَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا وجَّهَ هَاهُنَا، قَالَ: فَخَرَجْتُ عَلَى أثَرِهِ أسْألُ عَنْهُ، حَتَّى دَخَلَ بِئْرَ أرِيسٍ، فَجَلَسْتُ عِنْدَ الْبَابِ حتَّى قضى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حاجتهُ وتوضأ، فقمتُ إِليهِ، فإِذا هو قد جلسَ على بئرِ أرِيسٍ وتوَسَّطَ قُفَّهَا، وكشَفَ عَنْ ساقيهِ ودلاّهُمَا فِى الْبئرِ، فسلمتُ عَليهِ ثمَّ انصَرَفتُ، فجلستُ عِنْدَ الْبابِ، فَقُلْتُ: لأَكُونَنَّ بَوَّابَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْيَوْمَ، فَجَاءَ أَبُو بَكْرٍ فَدَفَعَ الْبَابَ، فَقُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: أَبُو بَكْرٍ، فقُلتُ: عَلَى رِسْلِكَ، ثُمَّ ذَهبْتُ، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا أَبُو بَكْرٍ يَستَأْذِنُ، فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ» فَأقْبَلْتُ حَتَّى قُلْتُ لأَبِى بَكْرٍ: ادْخُلْ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُبَشِّرُكَ بِالْجَنَّةِ، فَدَخَلَ أَبُو بَكرٍ حَتَّى جَلَسَ عَنْ يَمِينِ النَّبِيِّ ﷺ مَعَهُ فِى الْقُفِّ، وَدَلَّى رِجْلَيْهِ فِى الْبِئْرِ كَمَا صَنَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَشَفَ عَنْ سَاقَيْهِ، ثُمَّ رَجَعْتُ وَجَلَسْتُ، وَقَدْ تَرَكْتُ أخِى يَتَوَضَّأ وَيَلْحَقُنِى، فَقُلْتُ: إِنْ يُرِدِ اللَّه بِفُلَانٍ – يُرِيدُ أخَاهُ – خَيْرًا يَأْتِ بِهِ. فَإِذَا إِنْسَانٌ يُحَرِّكُ الْبَاب، فَقُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: عُمَرُ بْنِ الْخَطّابِ، فَقُلْتُ: عَلَى رِسْلِكَ، ثُمَّ جِئْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ وَقُلْتُ: هَذَا عُمَرُ يَسْتَأذِنُ؟ فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بالْجَنَّةِ» فَجِئْتُ عُمَرَ، فَقُلْتُ: أَذِنَ وَيُبَشِّرُكَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِالْجَنَّةِ، فَدَخَلَ فَجَلَسَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى الْقُفِّ عَنْ يَسَارِهِ وَدَلَّى رِجْلَيْهِ فِى الْبِئرِ، ثُمَّ رَجَعْتُ فَجَلَسْتُ، فَقُلتُ: إِنْ يُرِدِ اللَّهُ بِفُلَانٍ خَيْرًا – يَعْنِى أخَاهُ – يَأْتِ بِهِ، فَجَاءَ إِنْسَانٌ فَحَرَّكَ الْبَابَ. فَقُلتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: عُثْمَانُ بْنِ عَفَّانَ. فَقُلْتُ: عَلَى رِسْلِكَ، وجِئْتُ النَّبِيَّ ﷺ فأخْبَرْتُهُ، فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ مَعَ بَلْوَى تُصِيبُهُ» فَجِئْتُ، فَقُلْتُ: ادْخُلْ وَيُبَشِّرُكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْجَنَّةِ مَعَ بَلْوَى تُصيبُكَ، فَدَخَلَ فَوجَدَ الْقُفَّ قَدْ مُلِئَ، فجلس وِجَاهَهُمْ مِنَ الشِّقِّ الآخرِ. قَالَ سَعيدُ بْنُ الْمُسَيَّبِ: فَأَوَّلْتُهَا قُبُورَهُمْ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ
وزاد فِى رِوَايَة: وأمرنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بحفظِ الْباب. وَفِيهَا: أَنَّ عُثْمانَ حِيْنَ بَشَّرَهُ حَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُ الْمُسْتَعانُ
Қазақша аудармасы
Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бір күні Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) үйінен дәрет алып шығып, өз-өзіне: «Бүгін Алла елшісінен ﷺ ажырамай осы күнді онымен бірге өткіземін», – деп сөз беріп, мешітке келді. Мешіттегілерден Пайғамбарымыздың қайда екенін сұрағанда, олар: «Ана жаққа қарай кетті», – деп бағыт көрсетті. Әбу Мұса: «Содан сұрастыра-сұрастыра Алла елшісінің ізімен жүріп отырып, оның Арис құдығы орналасқан бақшаға кіріп бара жатқанын көрдім. Алла елшісі қажетін өтеп, дәретін алып болғанша, бақшаның кіреберісінде күтіп отырдым. Сәлден кейін қасына барсам, құдықтың аузына айнала қаланған тастардың орта шенінде балағын тізесіне дейін түріп алып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсіріп қойып отыр екен. Оған сәлем бердім де, кері қайтып, есіктің алдына қайта отырып ішімнен: «Бүгін Алла елшісінің есік алдын күзететін сақшысы боламын», – дедім. Біраз уақыт өткен соң, Әбу Бәкір (р.а.) келіп, бақшаның есігін ашпақ болып, бері итерді. Сонда мен: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Әбу Бәкірмін», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, құдық жаққа барып: «Уа, Расулалла! Әбу Бәкір келіп тұр, кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Әбу Бәкірге: «Кіріңіз, Алла елшісі сізді жаннатпен сүйіншіледі», – дедім. Ол ішке кіріп, Пайғамбарымыздың оң жағындағы тастың үстіне отырып, Алла елшісі сияқты аяқтарын төмен салбыратып қойып, етегін тізесіне дейін түріп алды. Мен қайтадан орныма келіп отырдым. Мен үйден шығарда бауырым дәрет алып жатқан еді. Ол да менімен бірге жүргісі келген еді. Соны ойлап отырып ішімнен: «Егер Алла Тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер», – дедім. Сөйтіп отырғанда, біреу есікті сілки бастады. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Хаттабұлы Омармын», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Алла елшісіне барып, сәлем берген соң: «Уа, Расулалла! Омар келіп тұр, кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Омарға: «Кіріңіз, Алла елшісі сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр», – дедім. Ол да ішке кіріп, Алла елшісінің сол жағындағы тастың үстіне жайғасып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсірді. Ал мен орныма қайтып келіп, ішімнен тағы: «Егер Алла Тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер», – дедім. Сөйтіп отырғанда, тағы біреу келіп есікті итерді. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. «Аффанұлы Османмын» – деді. Оған да: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Пайғамбарымызға барып, келген кісі жайлы хабар бердім. Сонда ол: «Кірсін, оны да жаннатпен сүйіншіле, бірақ келешекте бірқатар ауыртпалықтарға тап болады», – деді. Кері қайтып Османға: «Кіріңіз, Алла елшісі келешекте басыңызға бірқатар ауыртпалық түсетін болса да (түбі қайырлы болады деп), сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр», – дедім. Ол да ішке кіріп, құдықтың аузын айнала қоршаған тастың бір қапталында орын болмаған соң, үшеуіне қарама-қарсы тұрған жағына жайғасты», – деді.
Сағид ибн Мусәйиб (р.а.): «Олардың осылай құдық басында отыруын, дүниеден озғаннан кейін қатар қойылатын қабірлерінің орналасу реті деп тәпсірледім», – деген (Бұхари: 3674; Муслим: 6212; Ахмад: 19509).
Осы хадистің (имам Бұхари келтірген) нұсқасында (Әбу Мұса): «Алла елшісі маған қақпаны күзетуді бұйырды», – деген. Сондай-ақ онда, Османды (р.а.) жаннатпен сүйіншілегенде, ол Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтып: «Қолдап жарылқаушы бір Алла ғана!» – дегені айтылған (Бұхари: 7262;).
Орысша аудармасы
Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я совершил у себя дома омовение, вышел и дал себе слово: “Сегодня я не расстанусь с Посланником Аллаха ﷺ и проведу с ним весь день”. Затем я пришёл в мечеть и спросил находившихся там людей, где Пророк ﷺ. Они указали мне направление, сказав: “Он ушёл туда”.
Расспрашивая о нём людей, я шёл по его следу, пока не увидел, как Посланник Аллаха ﷺ вошёл в сад, где находился колодец Арис. Я сел у входа в сад и ждал, пока Посланник Аллаха ﷺ не справит нужду и не совершит омовение. Через некоторое время я подошёл к нему и увидел, что он сидит на середине каменной кладки, окружавшей устье колодца, подняв одежду до колен и опустив ноги внутрь колодца. Я поприветствовал его, затем вернулся к воротам, сел там и сказал про себя: “Сегодня я буду привратником Посланника Аллаха ﷺ и стану охранять вход”.
Спустя некоторое время пришёл Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и толкнул ворота, желая войти. Я спросил: “Кто там?” Он ответил: “Абу Бакр”. Я сказал: “Подожди немного”, – а сам подошёл к колодцу и сообщил: “О Посланник Аллаха! Пришёл Абу Бакр и просит разрешения войти”. Он сказал: “Впусти его и обрадуй вестью о рае”. Я вернулся к Абу Бакру и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ обрадовал тебя вестью о рае”. Он вошёл, сел на каменную кладку справа от Пророка ﷺ, подобно ему опустил ноги внутрь колодца и поднял одежду до колен. После этого я вновь вернулся на своё место у ворот.
Когда я выходил из дома, мой брат совершал омовение и тоже хотел пойти вместе со мной. Вспомнив о нём, я подумал: “Если Аллах Всевышний желает моему брату блага, то приведёт его сюда”. В это время кто-то принялся трясти ворота. Я спросил: “Кто там?” Пришедший ответил: “Умар, сын аль-Хаттаба”. Я сказал: “Подожди немного”, – затем подошёл к Посланнику Аллаха ﷺ, поприветствовал его и сообщил: “О Посланник Аллаха! Пришёл Умар и просит разрешения войти”. Он сказал: “Впусти его и обрадуй вестью о рае”. Я вернулся к Умару и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ радует тебя вестью о рае”. Умар (да будет доволен им Аллах) вошёл, сел на каменную кладку слева от Посланника Аллаха ﷺ и опустил ноги внутрь колодца.
Я снова вернулся на своё место и подумал: “Если Аллах Всевышний желает моему брату блага, то приведёт его сюда”. Через некоторое время пришёл ещё один человек и толкнул ворота. Я спросил: “Кто там?” Он ответил: “Усман, сын Аффана”. Я сказал ему: “Подожди немного”, – затем подошёл к Пророку ﷺ и сообщил о пришедшем. Он сказал: “Пусть войдёт. Обрадуй и его вестью о рае, однако в будущем ему предстоит пережить тяжёлые испытания”. Я вернулся к Усману и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ радует тебя вестью о рае, несмотря на то что в будущем тебя постигнут тяжёлые испытания (исход которых будет благим)”. Усман (да будет доволен им Аллах) вошёл и, увидев, что рядом с ними на каменной кладке вокруг колодца уже не осталось места, сел напротив троих».
Саид ибн аль-Мусаййиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я истолковал их расположение у колодца как указание на то, в каком порядке после смерти будут расположены их могилы» (Аль-Бухари: 3674; Муслим: 6212; Ахмад: 19509).
В версии этого хадиса, приведённой имамом аль-Бухари, Абу Муса сказал: «Посланник Аллаха ﷺ велел мне охранять ворота». В ней также сообщается, что, услышав радостную весть о рае, Усман воздал Аллаху хвалу и благодарность, а затем сказал: «Лишь Аллах – Тот, к Кому обращаются за помощью!» (Аль-Бухари: 7262).