Хадис

Жол жүріп бара жатқан адаммен қоштасқанда оған өсиет, кеңес айтып, бата беру және одан игі дұға-тілек өтіну жайында

О том, что, прощаясь с отправляющимся в путь, следует дать ему наставление и совет, благословить его и попросить о благой молитве

Риядус-салихин, 96-тақырып · 6 хадис · № 713–718

Хадистер

«وَوَصَّى بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَى لَكُمُ الدّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ أَمْ كُنْتُمْ شُهَدَاءَ إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ الْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِنْ بَعْدِى قَالُوا نَعْبُدُ إِلهَكَ وَإِلهَ آبَائِكَ إِبْراهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحاقَ إِلهًَا وَاحِدًا وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ» «Раббысы оған: «Жан-тәніңмен мойынсұн!» – дегенде, ол бірден: «Әлемдердің Раббысына мойынсұндым!» – деді. Ибраһимнің соны өз ұлдарына өсиет еткеніндей, Жақып пайғамбар да ұлдарына: «Балаларым! Шынында, Алла сендер үшін осы дінді таңдады. Ендеше, кәміл мұсылман болып қана жан тапсырыңдар, басқаша өлмеңдер!» – деп өсиет айтты. Әлде Жақып пайғамбарға ажал жетіп, ұлдарынан: «Мен дүние салғаннан кейін кімге табынасыңдар?» – деп сұрағанда, сендер соған куә болып па едіңдер? Сонда ұлдары: «Біз сенің тәңіріңе, ата-бабаларың Ибраһим, Исмаил және Ысқақтың тәңірі болған жалғыз Тәңірге табынамыз. Біз Оған мойынсұнушы мұсылманбыз!» – деп жауап берген еді. («Бақара», 132-133-аят).

«Когда сказал ему Господь его: “Предайся всецело!” – он тотчас же сказал: “Предался я всецело Господу миров!” И подобно тому, как завещал сие Ибрахим своим сынам, завещал и Якуб: “О сыны мои! Поистине, Аллах избрал для вас эту религию. Посему не умирайте никак иначе, как только будучи предавшимися мусульманами!” Ужель вы были свидетелями тому, что, когда явилась к Якубу смерть, он сказал своим сынам: “Кому же вы будете поклоняться после моей смерти?” – и что они ответили: “Мы будем поклоняться твоему Богу и Богу твоих отцов, – Ибрахима, Исмаила и Исхака, – единому Богу. И Ему мы предаемся мусульманами”» (сура «Бакара», 2:131⁠–⁠133).

713
Риядус-салихин, № 713

حَدِيث زيد بْنِ أرقم الَّذِى سبق فِى بَابِ إِكرام أَهْلِ بَيْتِ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِينَا خَطِيبًا، فَحَمِدَ اللَّه، وَأثْنَى عَلَيْهِ، وَوَعَظَ وَذَكَّرَ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، أَلَا أيُّهَا النَّاسُ، إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ يُوشِكُ أَنْ يَأْتِيَ رَسُولُ رَبِّى فَأُجِيبَ، وَأَنَا تَارِكٌ فِيكُمْ ثَقَلَيْنِ، أَوَّلَهُمَا: كِتَابُ اللَّهِ، فِيهِ الْهُدَى وَالنُّورُ، فَخُذُوا بِكِتَابِ اللَّهِ وَاسْتَمْسِكُوا بِهِ»، فَحَثَّ عَلَى كِتَابِ اللَّهِ، وَرَغَّبَ فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَأَهْلُ بَيْتِى، أذَكِّرُكُمُ اللَّهَ فِى أَهْلِ بَيْتِى»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн әл-Әрқам (р.а.): «Бір күні Расулалла ﷺ орнынан тұрып, бізге құтба оқыды. Құтбасында алдымен Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтып, содан кейін бізге біраз уағыз-насихат айтып, кейбір мәселелерді есімізге салды. Соңынан бізге: «Уа, жарандар! Мен де адаммын. Көп ұзамай бір күні маған да Раббымның елшісі (Әзірейіл періште) келгенде, сендерге екі құндылықты қалдырамын да, оған мойынсұнып, араларыңнан кетемін. Алғашқысы: іші һидаят пен нұрға толы Алланың кітабы – қасиетті Құран. Құранның айтқанымен жүріп, айтқанымен тұрыңдар», – деп, бізді Алланың кітабын мықтап ұстануға шақырды. Содан кейін: «Екіншісі – менің отбасым. Отбасыма сый-құрмет көрсету жайлы Алланың әмірін естеріңнен шығармаңдар», – деп ескертті», – деген (Муслим: 6225, Ахмад: 19625).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Аркам (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ поднялся и обратился к нам с проповедью. Вначале он воздал Аллаху хвалу и благодарность, затем дал нам наставления и напомнил о некоторых важных вещах. В завершение он сказал нам: “О люди! Я тоже человек. Скоро ко мне явится посланец моего Господа (ангел Азраиль), и я, покорившись ему, покину вас, оставив вам две драгоценности. Первая – Книга Аллаха, Священный Коран, исполненный наставления и света. Живите по Корану и неуклонно следуйте его велениям”. Тем самым он призвал нас крепко держаться за Книгу Аллаха. Затем он напомнил: “Вторая – моя семья. Не забывайте веления Аллаха о почтительном отношении к моей семье”» (Муслим: 6225; Ахмад: 19625).

714
Риядус-салихин, № 714

عَنْ أَبِى سليمان مالِك بْنِ الْحُوَيْرِثِ قَالَ: أَتَيْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ شَبَبَةٌ مُتَقَارِبُونَ، فَأقَمْنَا عِنْدَهُ عِشْرِينَ لَيْلَةً، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَحِيمًا رَفيقًا، فَظَنَّ أنّا قد اشْتَقْنَا أَهْلَنَا، فَسَأَلَنَا عَمَّنْ تَرَكْنَا مِنْ أَهْلِنَا، فَأخْبَرْنَاهُ، فَقَالَ: «ارْجِعُوا إِلَى أَهْلِيكُمْ، فَأقِيمُوا فِيهمْ، وَعَلِّمُوهُم وَمُرُوهُمْ، وَصَلُّوا صَلَاةَ كَذَا فِى حِيْنِ كَذَا، وَصَلُّوا كَذَا فِى حِيْنِ كَذَا، فَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ فَلْيُؤَذِّنْ لَكُمْ أَحَدُكُمْ وَلْيَؤُمَّكُمْ أَكْبَرُكُمْ»

زاد الْبخارِى فِى رِوَايَة لَهُ: «وَصَلُّوا كَمَا رَأَيْتُمُونِى أُصَلِّى»

Қазақша аудармасы

Әбу Сүлеймен Мәлик ибн Хуайрис (р.а.): «Бір кездері (дін үкімдерін үйрену мақсатымен) тетелес жас жігіттер болып Алла елшісіне ﷺ келіп, құзырында жиырма күн тұрақтаған едік. Сонда Алла елшісі бізге өте мейірбан және жанашыр болды. Содан ол үй-іштерін сағынып жүрген болар деп, бізден елде қалған үй-ішіміз жайлы сұрады, біз айтып бердік. Сонда Ол: «Үй-іштеріңе қайтып, олармен бірге болыңдар. Оларға діндерін үйретіп, (құлшылық пен ізгі істер істеуді) бұйырыңдар. Пәлен намазды пәлен уақытта оқыңдар, ал пәлен намазды пәлен уақытта оқыңдар... Намаз уақыты кіргенде араларыңнан біреуің азан шақырсын, сөйтіп, араларыңдағы жасы ең үлкен кісі имамдыққа шықсын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 631; Муслим: 1535, Ахмад: 15598).

Имам Бұхари өзінің жеткізген хадисінде: «Намазды менен көргендей етіп орындаңдар (яғни, намазды мен оқығандай оқыңдар)» деген сөйлем қосқан.

Орысша аудармасы

Абу Сулейман Малик ибн аль-Хувайрис (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мы, молодые люди примерно одного возраста, пришли к Посланнику Аллаха ﷺ (чтобы изучить предписания религии) и пробыли у него двадцать дней. Посланник Аллаха ﷺ относился к нам с большой добротой и заботой. Решив, что мы, вероятно, соскучились по своим семьям, он расспросил нас о родных, оставшихся дома, и мы рассказали ему о них.

Тогда он сказал: “Возвращайтесь к своим семьям и живите вместе с ними. Обучайте их религии и велите им совершать поклонение и благие дела. Совершайте такой-то намаз в такое-то время, а такой-то намаз – в такое-то время… Когда наступит время намаза, пусть один из вас произнесёт азан, а старший из вас станет имамом”» (Аль-Бухари: 631; Муслим: 1535; Ахмад: 15598).

В версии этого хадиса, переданной имамом аль-Бухари, добавлены слова: «Совершайте намаз так, как видели, что его совершаю я (то есть молитесь так, как молился я)».

715
Риядус-салихин, № 715Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمرَ بْنِ الْخطاب قَالَ: اسْتأذَنْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِى الْعُمْرَةِ، فَأذِنَ، وَقَالَ: «لَا تَنْسَانَا يَا أُخَيَّ مِنْ دُعَائِكَ» فَقَالَ كَلِمَةً ما يَسُرُّنِى أَنَّ لِى بِهَا الدُّنْيَا

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Пайғамбарымыздан ﷺ умраға (кіші қажылыққа) бару үшін рұқсат сұрағанымда, маған рұқсат етіп: «Бауырым! Дұға жасағаныңда бізді де ұмытпа», – деді. (Басқа бір риуаятта: «Бауырым! Дұғаларыңа бізді де қос» – деп айтылған.) Сонда Алла елшісінің ﷺ бұл сөзіне риза болғаным соншалық – сол сәтте бүкіл әлем менікі болса да, дәл солай қуанбас едім», – деп айтты (Әбу Дәуд: 1498, Термизи: 3562).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда я попросил у Пророка ﷺ разрешения отправиться на умру (малое паломничество), он разрешил мне и сказал: “Брат мой! Не забывай и о нас в своих мольбах”. (В другой версии говорится: “Брат мой! Включай и нас в свои мольбы”.) Я был так рад этим словам Посланника Аллаха ﷺ, что даже если бы в тот миг весь мир принадлежал мне, я не обрадовался бы так сильно» (Абу Дауд: 1498; Ат-Тирмизи: 3562).

716
Риядус-салихин, № 716

عَنْ سالم بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عمر: أَنَّ عبدَ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، كَانَ يَقُولُ للرَّجُلِ إِذَا أَرَادَ سَفَرًا: ادْنُ مِنِّى حَتَّى أُوَدِّعَكَ كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُوَدِّعُنَا، فَيَقُولُ: «أَسْتَوْدِعُ اللَّهَ دِينَكَ، وَأمَانَتَكَ، وَخَواتِيمَ عَمَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдулла ибн Омар: «Абдулла ибн Омар (р.а.) сапарға шығуды қалаған адамға былай дейтін: «Бері кел. Сенімен кезінде Алла елшісі ﷺ бізбен қалай қоштасқан болса, солай қоштасайын», – деп (оны құшақтап): «Дініңді, аманатыңды және ақырғы амалыңды бір Аллаға тапсырамын!» – деп айтатын» (Тирмизи: 3443, Ахмад: 4524).

Орысша аудармасы

Салим ибн Абдуллах ибн Умар сказал: «Абдуллах ибн Умар (да будет доволен им Аллах) говорил человеку, собиравшемуся отправиться в путь: “Подойди. Я попрощаюсь с тобой так же, как когда-то Посланник Аллаха ﷺ прощался с нами”, – а затем, обняв его, произносил: “Вверяю одному Аллаху твою религию, доверенное тебе и завершение твоих деяний!”» (Ат-Тирмизи: 3443; Ахмад: 4524).

717
Риядус-салихин, № 717

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ يزيدَ الْخطْمِيِّ الصحابيِّ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ أَنْ يُوَدِّعَ الْجَيشَ، قَالَ: «أسْتَوْدِعُ اللَّهَ دِينَكُمْ، وَأمَانَتَكُمْ، وَخَواتِيمَ أَعْمَالِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Язид әл-Хатми (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мұсылман қолын майданға аттандырарда: «Діндеріңді, аманаттарыңды және ақырғы істеріңнің қайырлы болуын бір Аллаға тапсырдым», – деп айтатын еді», – деген (Әбу Дәуд: 2601).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Язид аль-Хатми (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляя мусульманское войско на поле битвы, Посланник Аллаха ﷺ говорил: “Вверяю одному Аллаху вашу религию, доверенное вам и благой исход ваших деяний”» (Абу Дауд: 2601).

718
Риядус-салихин, № 718Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيّ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُرِيدُ سَفَرًا، فَزَوِّدْنِى، فَقَالَ: «زَوَّدَكَ اللَّه التَّقْوَى» قَالَ: زِدْنِى قَالَ: «وَغَفَرَ ذَنْبَكَ» قَالَ: زِدْنِى، قَالَ: «وَيَسَّرَ لَكَ الْخَيْرَ حَيْثُمَا كُنْتَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Мен сапарға шығайын деген едім, маған «жол азығын» (яғни батаңызды) беріңіз!» – деп өтінгенде, Алла елшісі ﷺ: «Алла саған тақуалық нәсіп етсін!» – деді. Әлгі кісі: «Тағы да...», – деп еді: «Және күнәларыңды кешірсін!» – деді. Ол: «Тағы да...», – дегенде: «Қайда болсаң да, саған бар жақсылықты жеңілдетсін!» – деп бата берді», – деген (Тирмизи: 3444).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл один человек и сказал: “О Посланник Аллаха! Я собираюсь отправиться в путь. Дай же мне ‘дорожный припас’ (то есть своё благословение)!” Посланник Аллаха ﷺ произнёс: “Да наделит тебя Аллах богобоязненностью!” Тот попросил: “Добавь ещё…” Он сказал: “И да простит Он твои грехи!” Тот вновь попросил: “Добавь ещё…” Тогда он благословил его словами: “И да облегчит Аллах тебе совершение всякого блага, где бы ты ни находился!”» (Ат-Тирмизи: 3444).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте айтылған «жол азығы» жолаушыға берілетін бата, игі тілек мағынасында. Қазақтың салтындағы әсіресе жолға шыққанда, жорытқанда немесе жорыққа аттанғанда, аузы дуалы, сөзі уәлі болған үлкен кісілерден бата сұрау салты сонау сахабалардан бастау алған. Өйткені аузы дуалы кісілердің батасы мен ықыласы жолаушыға рухани азық болады.

Түсіндірме (орысша)

упомянутый в хадисе «дорожный припас» означает благословение и доброе напутствие, даваемые путнику. Казахский обычай просить бата (молитву-благословение) у почтенных старших, чьи молитвы благодатны, а слова весомы, особенно перед дорогой, дальним путешествием или походом, восходит ещё ко временам сподвижников. Ведь благословение и искренняя доброжелательность таких людей становятся для путника духовным припасом.