Хадис

Риядус-салихин, № 613

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
72. Дандайсып, тәкаппарлану
Нөмірі
№ 613 (қазақша басылым реті)
613
Риядус-салихин, № 613Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّة مِنْ كِبْرٍ» فَقَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا، ونَعْلُهُ حَسَنَةً؟ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ، الْكِبْرُ: بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Жүрегінде мысқалдай (яғни, шаң тозаңындай) тәкаппарлық болған адам жаннатқа кіре алмайды», – деді. Мұны естіген бір кісі: «Әр адам үстіндегі киімі мен аяқ кебісінің жарасымды, әдемі болғанын қалайды ғой», – деді. Сонда Пайғамбарымыз: «Шынында, Алла Тағала – (Өзі де, ісі де аса көркем және барлық әсемдіктің жалғыз жаратушысы болған) Жәмил, әрі көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық болса, ақиқатты мойындамау мен өзгелерге мұрнын шүйіріп қарау», – деп айтты» – делінген (Муслим: 265; Ахмад: 3789).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Не войдёт в рай человек, в сердце которого есть хотя бы крупица (то есть пылинка) высокомерия”. Услышав это, один человек сказал: “Но ведь каждому хочется, чтобы его одежда и обувь были красивыми и шли ему”. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Поистине, Аллах Всевышний – аль-Джамиль (Прекрасный: Он Сам и Его деяния исполнены совершенной красоты, и Он – единственный Творец всей красоты), и Он любит красоту. Высокомерие же – это непринятие истины и взгляд на других свысока”» (Муслим: 265; Ахмад: 3789).