Хадис

Дандайсып, тәкаппарлану

О кичливости и высокомерии

Риядус-салихин, 72-тақырып · 9 хадис · № 613–621

Хадистер

«تِلْكَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوًا فِى الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا وَالعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ» «Ал сонау ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне келсек, оны жер бетінде (молшылықты көтере алмай) асып-тасуды һәм бұзғындық жасауды қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік – Аллаға қарсы келуден сақтанатын тақуа жандарға тиесілі». («Қасас» сүресі, 83-аят).

«وَلا تَمْشِ فِى الْأَرْضِ مَرَحا» «Жер бетінде кердеңдеп жүрме!... («Исра» 17: 37).

«وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِى الْأَرْضِ مَرَحًا إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ» «Тәкакаппарланып адамдарға бетіңді тыржитпа! Жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла көкірек керіп, менменсінген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды» («Лұқман» 18-аят).

«إِنَّ قَارُونَ كَانَ مِنْ قَوْمِ مُوسَى فَبَغَى عَلَيْهِمْ وَآتَيْنَاهُ مِنَ الْكُنُوزِ مَا إِنَّ مَفَاتِحَهُ لتَنُوءُ بِالعُصْبَةِ أُولِى الْقُوَّةِ إِذْ قَالَ لَهُ قَوْمُهُ لَا تَفْرَحْ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْفَرِحِينَ» «(Тура жолдан тайған) Қарун (Қарын бай) Мұсаның қауымынан еді. Алайда ол (Перғауынға жақтасып), өз қауымына озбырлық көрсетті. Біз оған кілттерінің өзін күші бойына симайтын бір топ адам әзер таситын байлыққа толы қазыналар нәсіп еттік. Қауымы оған: «Байлығыңның буына мастанып есірме, шынында, Алла есіргендерді ұнатпайды!» – деп ескерткен еді». («Қасас» сүресі, 76-аят).

«Что до Обители вечного счастья, – Мы одарим им тех, кто не желает превозноситься и сеять бесчестие на земле. Заключительный успех положен богобоязненным, которые восславляют Аллаха должным образом и остерегаются Его гнева» (сура «Касас», 28:83).

«И не ступай по земле надменно!» (сура «Исра», 17:37).

«Не превозносись над другими и не ступай по земле надменно! Поистине, Аллах не любит ни одного кичливого гордеца» (сура «Лукман», 31:18).

«Поистине, Карун происходил из общины Мусы, но он притеснял их. Мы одарили его таким изобилием, что ключи от его сокровищниц отягощали толпу силачей. И говорил его народ ему: “Не ликуй в самодовольстве! Поистине, Аллах ведь не любит ликующих!”» (сура «Касас», 28:76).

613
Риядус-салихин, № 613Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّة مِنْ كِبْرٍ» فَقَالَ رَجُلٌ: إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا، ونَعْلُهُ حَسَنَةً؟ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ، الْكِبْرُ: بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Жүрегінде мысқалдай (яғни, шаң тозаңындай) тәкаппарлық болған адам жаннатқа кіре алмайды», – деді. Мұны естіген бір кісі: «Әр адам үстіндегі киімі мен аяқ кебісінің жарасымды, әдемі болғанын қалайды ғой», – деді. Сонда Пайғамбарымыз: «Шынында, Алла Тағала – (Өзі де, ісі де аса көркем және барлық әсемдіктің жалғыз жаратушысы болған) Жәмил, әрі көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық болса, ақиқатты мойындамау мен өзгелерге мұрнын шүйіріп қарау», – деп айтты» – делінген (Муслим: 265; Ахмад: 3789).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Не войдёт в рай человек, в сердце которого есть хотя бы крупица (то есть пылинка) высокомерия”. Услышав это, один человек сказал: “Но ведь каждому хочется, чтобы его одежда и обувь были красивыми и шли ему”. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Поистине, Аллах Всевышний – аль-Джамиль (Прекрасный: Он Сам и Его деяния исполнены совершенной красоты, и Он – единственный Творец всей красоты), и Он любит красоту. Высокомерие же – это непринятие истины и взгляд на других свысока”» (Муслим: 265; Ахмад: 3789).

614
Риядус-салихин, № 614

عَنْ سلمة بْنِ الْأكوع: أنّ رَجُلًا أكَلَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بشمالِهِ، فَقَالَ: «كُلْ بيَمِينِكَ» قَالَ: لَا أسْتَطِيعُ! قَالَ: «لَا اسْتَطَعْتَ» مَا مَنَعَهُ إِلَّا الْكِبْرُ. قَالَ: فما رفَعها إِلَى فِيهِ

Қазақша аудармасы

Әбу Муслим (Әбу Ияс деп те аталған) Сәләма ибн Амр ибн Акуағ (р.а.) жеткізген хасдисте, бір кісі Алла елшісінің ﷺ қасында сол қолымен ас ішіп отырады. Алла елшісі оған: «Оң қолыңмен же», – дегенде, ол: «Олай жей алмаймын», – деп қасарысып жауап береді. Сонда Алла елшісі оған: «Жей алмай қал», – деген екен. «Оның оң қолымен тамақ жеуіне тәкаппарлығы ғана кедергі болған еді. Содан кейін ол өмір бақи оң қолын аузына көтере алмай қалды», – деген (Муслим: 5268; Ахмад: 16499).

Орысша аудармасы

Абу Муслим (известный также как Абу Ияс) Салама ибн Амр ибн аль-Аква (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды один человек ел левой рукой в присутствии Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Ешь правой рукой». Тот упрямо ответил: «Не могу». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Так и не сможешь!» Лишь высокомерие мешало этому человеку есть правой рукой. С тех пор до конца жизни он так и не смог поднести правую руку ко рту. (Муслим: 5268; Ахмад: 16499).

615
Риядус-салихин, № 615

عَنْ حارثة بْنِ وهْبٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بأَهْلِ النَّار: كلُّ عُتُلٍ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبرٍ»

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Сендерге кімдердің тозаққа баратынын айтайын ба? Әрбір озбыр, дөрекі, сараң және тәкаппар адам тозаққа кіреді», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 4918; Муслим: 7187; Ахмад: 18768).

Орысша аудармасы

Хариса ибн Вахб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ произнёс: “Не сказать ли вам, кто войдёт в ад? В ад войдёт каждый, кто притесняет других, груб, скуп и высокомерен”» (Аль-Бухари: 4918; Муслим: 7187; Ахмад: 18768).

616
Риядус-салихин, № 616Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «احْتَجَّتِ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَقَالَت النَّارُ: فيَّ الْجَبَّارُونَ والمُتَكَبِّرُونَ. وَقَالَتِْ الْجَنَّةُ: فيَّ ضُعَفَاءُ الناس ومَسَاكينُهُم، فَقَضَى اللَّهُ بَينَهُمَا: إِنكِ الْجَنَّةُ رَحْمَتِى أَرْحَمُ بِكَ مَنْ أَشَاءُ، وَإِنَّكِ النَّارُ عَذَابِى أُعَذِّبُ بِكِ مَنْ أَشَاءُ، وَلِكِلَيْكُمَا عَلَيَّ مِلْؤُهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннат пен тозақ бір-бірімен дауласып, тозақ: «Маған озбырлар мен өркөкірек тәкаппарлар кіреді», – десе, жаннат: «Маған адамдардың әлжуаздары мен пақыр-міскіндері ғана кіреді», – дейді. Сонда Алла екеуінің арасына үкім айтып: «Расында, уа, жаннат, сен Менің рақымымсың, сенімен қалағаныма мейірім танытамын. Расында уа, тозақ, сен Менің азабымсың, сенімен қалағанымды азаптаймын. Екеуіңді де Мен толтырамын!» – деп айтады (Муслим: 7176; Ахмад: 11754).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Рай и ад вступили в спор друг с другом. Ад сказал: “В меня войдут притеснители и надменные гордецы”, а рай сказал: “В меня войдут лишь слабые и неимущие люди”. Тогда Аллах рассудил их, сказав: “Поистине, о рай, ты – Моя милость, и тобою Я милую того, кого пожелаю. Поистине, о ад, ты – Моё наказание, и тобою Я караю того, кого пожелаю. И вас обоих Я наполню!”» (Муслим: 7176; Ахмад: 11754).

617
Риядус-салихин, № 617Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَنْظُرُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِلَى مَنْ جَرَّ إِزَارَهُ بَطَرًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла қиямет күні изарын1 тәкаппарлықпен сүйретіп жүрген адамға назар салмайды», – деп айтқан (Бұхари: 5788; Муслим: 5423; Ахмад: 9004).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах не взглянет на того, кто из высокомерия волочит по земле свой изар1» (Аль-Бухари: 5788; Муслим: 5423; Ахмад: 9004).

  1. 1Дамбал, шалбар сынды белден төмен киілетін киім.
  1. 1Одежда, которую носят ниже пояса, например шаровары или брюки.
618
Риядус-салихин, № 618Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَة، وَلَا يُزَكِّيهِمْ، وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ، وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ: شَيْخٌ زَانٍ، وَمَلِكٌ كَذَّابٌ، وَعَائِلٌ مُسْتَكْبِرٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алла Тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді, оларды күнәларынан тазартпайды және оларға мейіріммен қарамайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады. Олар: зинақор шал, кәззап патша және тәкаппар кедей», – деп айтты» – делінген (Муслим: 296; Ахмад: 7442).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах Всевышний не заговорит с тремя категориями людей, не очистит их от грехов и не взглянет на них с милостью, и их постигнет мучительное наказание. Это старик-прелюбодей, лживый правитель и высокомерный бедняк» (Муслим: 296; Ахмад: 7442).

619
Риядус-салихин, № 619Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: الْعِزُّ إِزَارِى، وَالكبرِيَاءُ رِدَائي، فَمَنْ يُنَازِعُنِى فِى وَاحِدٍ منهمَا فَقَد عَذَّبْتُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: «Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала: «Айбындылық, ұлылық – Менің изарым. Асқақтық (тәкаппарлық)1 – Менің шапаным. Кімде-кім Менімен осы екеуінің біріне таласса, оны аямай азаптаймын»,2 – деп айтты» (Муслим: 6680; Ахмад: 7382).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Великий Аллах Всевышний сказал: “Могущество и величие – Мой изар, а превознесённость (гордость)1 – Моя накидка. Того, кто станет оспаривать у Меня хотя бы одно из них, Я подвергну беспощадному наказанию2”» (Муслим: 6680; Ахмад: 7382).

  1. 1«Ешкімге бас имейтін асқақ» дегенді білдіретін Аллаға ғана тән ұлылық сипаты.
  2. 2Яғни, шамасына қарамай тәкаппарланып, көкірек керген пенде осы қылығы арқылы Аллаға ғана тән нәрсеге таласқан болады. Бұл, әрине, үлкен күнә.
  1. 1Имеется в виду присущий одному Аллаху атрибут величия, означающий: «Превознесённый, ни перед кем не склоняющийся».
  2. 2То есть человек, который, не ведая меры, кичится и проявляет высокомерие, тем самым претендует на то, что присуще одному лишь Аллаху. Это, несомненно, тяжкий грех.
620
Риядус-салихин, № 620Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمشِى فِى حُلَّةٍ تُعْجِبُهُ نَفْسُهُ، مُرَجِّلٌ رَأسَهُ، يَخْتَالُ فِى مَشْيَتهِ، إِذْ خَسَفَ اللَّهُ بِهِ، فَهُوَ يَتَجَلْجَلُ فِى الْأَرْضِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бір күні өзіне ұнайтын киімін киіп, шашын жақсылап тарап алған тәкаппар біреу теңселе басып, кердеңдеп келе жатқанда, кенет Алланың әмірімен оны жер жұтып қояды. Содан бері ол қияметке дейін жердің түбіне батқан сайын бата береді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5789; Муслим: 5465; Ахмад: 9065).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Однажды высокомерный человек, облачённый в одежду, которая ему нравилась, и тщательно причесавший волосы, шёл, горделиво покачиваясь и важничая. Внезапно по велению Аллаха земля поглотила его, и с тех пор он всё глубже погружается в её недра и будет погружаться до самого Дня воскресения» (Аль-Бухари: 5789; Муслим: 5465; Ахмад: 9065).

621
Риядус-салихин, № 621

عَنْ سَلَمةَ بْنِ الْأكْوَعِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَذْهَبُ بِنَفْسِهِ حَتَّى يُكْتَبَ فِى الْجَبَّارِينَ، فَيُصيبَهُ مَا أَصَابَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Сәләма ибн Акуағ (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Пенде дандайсып, тәкаппарлана келе, ақырында (Жаратқанның дәргейінде) тәкаппар озбырлардың қатарына жазылады да, солардың бастарына келген азап оның да басына келеді», – деп айтты» (Тирмизи: 2000).

Орысша аудармасы

Салама ибн аль-Аква (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Человек продолжает кичиться и превозноситься, пока в конце концов не будет записан (пред Создателем) в число высокомерных притеснителей. Тогда его постигнет то же наказание, которое постигло их”» (Ат-Тирмизи: 2000).