Хадис

Мүміндерге кішіпейіл болу

О проявлении смирения по отношению к верующим

Риядус-салихин, 71-тақырып · 10 хадис · № 603–612

Хадистер

«وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ» «Соңыңнан ерген мүміндерге жанашырлықпен кішіпейіл бол!» («Шұғара» сүресі, 215-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا مَنْ يَرْتَدَّ مِنْكُمْ عَنْ دِينهِ فَسَوْفَ يَأْتِى اللَّهُ بِقَومٍ يُحِبُّهُم وَيُحِبُّونَهُ أَذِلَّةٍ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ أَعِزَّةٍ عَلَى الْكَافِرِينَ» «Уа, иман келтіргендер! Араларыңнан кімде-кім дінінен безетін болса, біліп қойсын, күндердің күнінде Алла олардың орнына басқа қауым әкеледі. Алла оларды, олар да Алланы жан-тәнімен жақсы көретін болады. Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кәпірлерге келгенде, намысын жібермейтін өктем болады.....» («Мәида» сүресі, 54-аят).

«يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ» «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың)!» («Хужурат» сүресі, 13-аят).

«فَلَا تُزَكُّوا أَنْفُسَكُمْ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنِ اتَّقَى» «Алла кімнің Өзіне лайықты түрде тағзым ететінін әрі қарсы келуден именетінін өте жақсы біледі». («Нәжм» сүресі, 32-аят).

«وَنَادَى أَصْحَابُ الْأَعْرَافِ رِجَالًا يَعْرِفُونَهُمْ بِسِيمَاهُمْ قَالُوا مَا أَغْنَى عنكم جَمْعُكُمْ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ أَهؤُلَاءِ الَّذِينَ أَقْسَمْتُمْ لَا يَنَالُهُمُ اللَّهُ بِرَحْمَةٍ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلَا أَنْتُمْ تَحْزَنُونَ» «Ағрафта тұрғандар ерекше белгілерінен танып қойған (бес күндік фәниде кәпірлердің көсемі болған) кейбір тозақыларға: «Міне, көрдіңдер ме? (Бұл күнде) жиған-терген дүние-мүліктеріңнің, жақтастарың мен нөкерлеріңнің және сонша көкірек керіп дандайсығандарыңның сендерге түк те пайдасы тимеді», – деп үн қатады. Сондай-ақ ағрафтықтар оларға дүниеде пақыр-міскін болған жұмақтықтарды нұсқап: «Кезінде, «Алла оларды әсте мейіріміне бөлемейді» деп, ант-су ішіп, өздеріңше қор көріп, менсінбеген адамдарың осылар емес пе?» – дейді. Сол кезде жұмақтықтарға: «Жұмаққа кіріңдер! Бұдан былай сендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ, һәм де бұдан былай әсте жабықпайсыңдар», – делінеді». («Ағраф» сүресі, 48-49-аят).

«И распростри свое крыло для верующих, последовавших за тобой!» (сура «Шуара», 26:215).

«О те, кто уверовал! Если кто-нибудь из вас отречется от своей веры, то знайте, что Аллах приведет взамен других людей, которых Он любит и которые любят Его. Они скромны с верующими, а к неверным сильны и полны достоинства» (сура «Маида», 5:54).

«О люди! Поистине, Мы создали вас из одного мужчины и одной женщины. И разделили вас на разные народы и племена, чтобы вы узнавали друг друга. Поистине, самые почтенные пред Аллахом из вас – самые богобоязненные» (сура «Худжурат», 49:13).

«Так не оправдывайте себя. Аллах лучше знает, кто Ему поклоняется достойным образом и остерегается ослушания» (сура «Наджм», 53:32).

«И стоящие на Преградах воззовут к тем из обитателей Огня, кого они узнали по их признакам: “Взгляните же! Ничуть не помогло вам все то, что вы наживали, ни ваши сторонники, ни то, чем вы надменно превозносились!” “Не об этих ли вы клялись, что Господь не проявит им Своего милосердия? Им будет сказано: ‘Войдите в Рай! Нет для вас впредь никакого страха и тревоги, и вы не будете опечалены!’”» (сура «А‘раф», 7:48⁠–⁠49).

603
Риядус-салихин, № 603Риуаят етуші: Ияд ибн Химар

عَنْ عِيَاضِ بْنِ حمارٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ أوْحَى إِلَيَّ أَنْ تَوَاضَعُوا حَتَّى لَا يَفْخَرَ أَحَدٌ عَلَى أَحَدٍ، وَلَا يَبْغِى أَحَدٌ عَلَى أَحَدٍ»

Қазақша аудармасы

Ияд ибн Химар (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Алла Тағала маған: «Біреу біреудің алдында дандайсып және біреу біреуге озбырлық көрсетпес үшін, бір-бірлеріңе кішіпейіл болыңдар» деп уахи етті», – деп айтты», – делінген (Муслим: 7210; Ахмад: 17484).

Орысша аудармасы

Ияд ибн Химар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний ниспослал мне откровение: “Проявляйте смирение друг к другу, чтобы никто не превозносился над другим и никто не притеснял другого”» (Муслим: 7210; Ахмад: 17484).

604
Риядус-салихин, № 604Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَالٍ،وَمَا زادَ اللَّهُ عَبْدًا بعَفْوٍ إِلَّا عِزًّا، وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ لِلَّهِ إِلَّا رَفَعَهُ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Садақа дүниені кемітпейді. Алла Тағала өзгелерге кешірімді болған пендесінің абыройын өсіреді. Һәм Алла үшін кішіпейіл болғанның дәрежесін көтереді», – деп айтты», – деген (Муслим: 6592; Ахмад: 9008).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Садака не уменьшает богатства. Аллах Всевышний возвышает достоинство раба, прощающего других, и дарует более высокую степень тому, кто проявляет смирение ради Аллаха» (Муслим: 6592; Ахмад: 9008).

605
Риядус-салихин, № 605Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّهُ مَرَّ عَلَى صبيَانٍ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِمْ، وَقَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يفعله

Қазақша аудармасы

Бірде Әнәс (р.а.) кішкентай балалардың қасынан өтіп бара жатып оларға сәлем берді және: «Пайғамбарымыз ﷺ осылай істейтін еді», – деп айтты (Бұхари: 6247; Муслим: 5663; Ахмад: 12896).

Орысша аудармасы

Однажды Анас (да будет доволен им Аллах), проходя мимо маленьких детей, поприветствовал их и сказал: «Так поступал и Пророк ﷺ» (Аль-Бухари: 6247; Муслим: 5663; Ахмад: 12896).

606
Риядус-салихин, № 606Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ، قَالَ: إِن كَانَتِ الْأَمَةُ مِنْ إِمَاءِ الْمَدِينَةِ لَتَأْخُذُ بِيَدِ النَّبِيِّ ﷺ، فَتَنْطَلِقُ بِهِ حَيْثُ شَاءتْ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Мәдинаның кез келген кішкентай күң қызы Пайғамбарымыздың ﷺ қолынан ұстап, қалаған жағына жетектеп кете алатын», – деген (Бұхари: 6072; Ахмад: 11941).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Любая маленькая рабыня в Медине могла взять Пророка ﷺ за руку и повести его туда, куда ей хотелось» (Аль-Бухари: 6072; Ахмад: 11941).

607
Риядус-салихин, № 607

عَنْ الْأَسْوَدِ بْنِ يَزيدَ، قَالَ: سُئِلَتْ عَائِشَةُ مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَصْنَعُ فِى بَيْتِهِ؟ قَالَتْ: كَانَ يَكُون فِى مِهْنَةِ أَهْلِهِ – يعني: خِدمَة أَهْلِه – فإِذا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ، خَرَجَ إِلَى الصَّلَاةِ

Қазақша аудармасы

Әсуәд ибн Язид: «Бірде Айшадан (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ үйінде не істейтін еді?» – деп сұралғанда, ол: «Отбасының шаруаларымен шұғылданатын. Ал намаз уақыты кіргенде, намазға шығатын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 676; Ахмад: 24226).

Орысша аудармасы

Аль-Асвад ибн Язид рассказывал: «Однажды Аишу (да будет доволен ею Аллах) спросили: “Чем занимался Пророк ﷺ дома?” Она ответила: “Он помогал своей семье по хозяйству, а когда наступало время намаза, выходил совершать намаз”» (Аль-Бухари: 676; Ахмад: 24226).

608
Риядус-салихин, № 608

عَنْ أَبِى رِفَاعَةَ تَميم بْنِ أُسَيْدٍ قَالَ: انْتَهَيْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّه ﷺ وَهُوَ يخطب، فقلت: يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَجُلٌ غَرِيبٌ جَاءَ يَسْألُ عَنْ دِينهِ لَا يَدْرِى مَا دِينُهُ؟ فَأقْبَلَ عَليَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وتَرَكَ خُطْبَتَهُ حَتَّى انْتَهَى إِلَيَّ، فَأُتِيَ بِكُرْسيٍّ، فَقَعَدَ عَلَيْهِ، وَجَعَلَ يُعَلِّمُنِى مِمَّا عَلَّمَهُ اللَّهُ، ثُمَّ أَتَى خُطْبَتَهُ فَأتَمَّ آخِرَهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Рифаға Тәмим ибн Усәйд (р.а.): «Бірде мен Алла елшісіне ﷺ тура құтба оқып тұрған кезінде келдім де: «Уа, Расулалла! Жат жерлік бір кісі1 діні жайлы сұрайын деп келіп тұр, діні жайлы ештеңе білмейді», – дедім. Сонда Алла елшісі маған бұрылды да, құтбасын тоқтатып, қасыма келді. Сөйтіп (өзіне) әкелінген орындыққа отырды да, Алланың өзіне үйреткенін маған үйретуге кірісті. Сонан соң құтбасына қайта оралды да, соңына дейін жеткізіп тәмамдады», – деген (Муслим: 2025; Ахмад: 20753).

Орысша аудармасы

Абу Рифаа Тамим ибн Усайд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ, когда он произносил хутбу, и сказал: “О Посланник Аллаха! К тебе пришёл чужеземец1, желающий спросить о своей религии, ибо он ничего о ней не знает”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ повернулся ко мне, прервал хутбу и подошёл. Затем он сел на принесённое ему сиденье и принялся обучать меня тому, чему научил его Аллах. После этого он вернулся к хутбе и завершил её» (Муслим: 2025; Ахмад: 20753).

  1. 1Жат жерлік кісі дегені – сұрақ қоюшының өзі
  1. 1Чужеземцем он назвал самого себя.
609
Риядус-салихин, № 609Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أكَلَ طَعَامًا، لَعِقَ أَصَابِعَهُ الثَّلَاثَ. قَالَ: وَقَالَ: «إِذَا سَقَطَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيُمِط عَنْهَا الْأَذى، وليَأكُلْها وَلَا يَدَعْها لِلشَّيْطان» وأمرَ أن تُسلَتَ الْقَصْعَةُ، قَالَ: «فَإِنَّكُمْ لَا تَدْرُونَ فِى أيِّ طَعَامِكُمُ الْبَرَكَة»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте, Алла елшісінің ﷺ тамақтанғаннан кейін үш саусағын (әдеппен) жалайтындығы жайлы айтылады. (Әнәс (р.а.)) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбіріңнің (тамағынан) бір үзім ас түсіп қалса, оны алып, ондағы кірді кетірсін де, жеп қойсын. Оны шайтанға қалдырмасын», – деді. Сосын ыдысты (нанмен) сүртіп (жеп қоюды) бұйырып: «Шынында алдыларыңдағы астың қай жерінде береке бар екенін білмейсіңдер ғой», – деді» (Муслим: 5306; Ахмад: 14089).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что после еды Посланник Аллаха ﷺ облизывал три пальца (соблюдая при этом этикет). Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если у кого-нибудь из вас упадёт кусок (пищи), пусть он поднимет его, очистит от грязи и съест. И пусть не оставляет его шайтану”. Затем он велел вытереть блюдо (кусочком хлеба, чтобы съесть оставшуюся на нём пищу) и сказал: “Поистине, вы ведь не знаете, в какой части лежащей перед вами пищи заключена благодать”» (Муслим: 5306; Ахмад: 14089).

610
Риядус-салихин, № 610Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّه نَبِيًّا إِلَّا رَعَى الْغَنَمَ» قَالَ أَصْحَابُهُ: وَأَنْتَ؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، كُنْتُ أرْعَاهَا عَلَى قَرَارِيطَ لأَهْلِ مَكَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Алла жіберген әрбір пайғамбары міндетті түрде қой баққан», – дегенде, сахабалары: «Сізде ме?» – деп сұрады. Сонда ол: «Иә, мен де бір кездері бірнеше қараттық1 ақыға Меккеліктердің қойларын баққан едім», – деп жауап қатты», – деген (Бұхари: 2262).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Каждый пророк, которого посылал Аллах, непременно пас овец”. Сподвижники спросили: “И вы тоже?” Он ответил: “Да, когда-то и я пас овец мекканцев за плату в несколько киратов1”» (Аль-Бухари: 2262).

  1. 1Динар деп аталатын алтын ақшаның жиырмадан бір бөлігі.
  1. 1Одна двадцатая часть золотой монеты, называемой динаром.
611
Риядус-салихин, № 611Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَوْ دُعِيتُ إِلَى كُراعٍ أَوْ ذِرَاعٍ لأَجَبْتُ، ولو أُهْدِيَ إِلَيَّ ذراعٌ أَوْ كُراعٌ لَقَبِلْتُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан ﷺ: «Егер мені сирақ асып шақырса да, қол етін асып шақырса да, шақырған жерге барамын. Сондай-ақ егер маған қол еті тартылса да, сирақ тартылса да, қабыл аламын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2568; Ахмад: 10212).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если меня пригласят на угощение, пусть даже подадут лишь голяшку или мясо с передней ноги, я непременно приму приглашение. И если мне преподнесут в дар мясо с передней ноги или голяшку, я приму этот подарок» (Аль-Бухари: 2568; Ахмад: 10212).

Түсіндірме (қазақша)

Арабтарда «Құлға сирақ берсең, сенен қол етін сұрайды» деген мақал бар. Арабтар сыйлы қонағына қол етін тартатын болған. Алла елшісі ﷺ бұл хадисі арқылы қонаққа шақырған бай да болса, кедей де болса, меселін қайтармай шақырған жерге бару керектігін және аз да болса, шын көңілмен сыйға тартылған дүниені кері қайтармау керектігін білдірген. Әрине, бұдан біз Пайғамбарымыздың өте кішіпейіл болғанын көреміз.

Түсіндірме (орысша)

У арабов есть пословица: «Дашь рабу голяшку – он попросит у тебя мясо с передней ноги». Почётным гостям арабы обычно подавали мясо с передней ноги. Этим хадисом Посланник Аллаха ﷺ дал понять, что следует принимать приглашение, не отвергая его, независимо от того, богат пригласивший или беден, а также не отказываться от искренне преподнесённого дара, каким бы малым он ни был. Всё это, несомненно, свидетельствует о великой скромности нашего Пророка ﷺ.

612
Риядус-салихин, № 612Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَتْ نَاقَةُ رَسُول اللَّهِ ﷺ الْعَضْبَاءُ لَا تُسْبَقُ، أَوْ لَا تَكَادُ تُسْبَقُ، فَجَاءَ أَعْرَابيٌّ عَلَى قَعودٍ لَهُ، فَسَبَقَهَا، فَشَقَّ ذَلِكَ عَلَى الْمُسْلِمِينَ حَتَّى عَرَفَهُ، فَقَالَ: «حَقٌّ عَلَى اللَّهِ أَنْ لَا يَرْتَفِعَ شَيْءٌ مِنَ الدُّنْيَا إِلَّا وَضَعَهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ Адба атты түйесі бәйгенің алдын бермейтін еді. Бір күні әлдебір бәдәуи алты жасқа да толмаған түйемен Адбаны басып озды. Бұл оқиға мұсылмандарды жабырқатып тастады. Мұны байқаған Пайғамбарымыз оларға: «Бұл дүниеде шыңның ең ұшар биігіне шыққанды Алла (бір күні) міндетті түрде төмен қарай құлдилатады», – деп айтқан еді», – деген (Бұхари: 2872; Ахмад: 12010).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Верблюдица Посланника Аллаха ﷺ по кличке аль-Адба всегда побеждала в скачках. Но однажды какой-то бедуин на верблюде, которому ещё не исполнилось шести лет, обогнал её. Это сильно опечалило мусульман. Заметив их огорчение, Пророк ﷺ сказал: “Всё, что в этом мире поднимается на самую вершину, Аллах однажды непременно низводит”» (Аль-Бухари: 2872; Ахмад: 12010).