وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مِنْ خَيْرِ مَعَاشِ النَّاسِ لهم رَجُلٌ مُمْسِكٌ عِنَانَ فَرَسِهِ فِى سَبِيلِ اللَّه، يَطيرُ عَلَى مَتْنِهِ كُلَّمَا سَمِعَ هَيْعَةً أَوْ فَزعَةً، طَارَ عَلَيْهِ يَبْتَغِى الْقَتْلَ، أَوْ الْمَوْتَ مَظَانَّه، أَوْ رَجُلٌ فِى غُنَيمَةٍ فِى رَأسِ شَعَفَةٍ مِنْ هَذِهِ الشَّعَفِ، أَوْ بَطنِ وَادٍ مِنْ هَذِهِ الْأَوْدِيَةِ، يُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَيُؤتِى الزَّكَاةَ، وَيَعْبُدُ رَبَّهُ حَتَّى يأتِيَهُ الْيَقِينُ، لَيْسَ مِنَ النَّاسِ إِلَّا فِى خَيْرٍ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Адамдарға үлгі боларлық мәнді ғұмыр кешкен екі адамның бірі: Алла жолында ат тізгінін ұстап, Алла жолына аттан салған әрбір ұранға құлақ түріп, ат үстінде ұшуға дайын тұрған, хақ жолда аянбай күресуге немесе ажал аңдыған қай жерге болмасын баруға жаны құмар жауынгер. Енді бірі: мына жоталардың немесе сайлардың бірінде азын-аулақ қойын бағып, намазын оқып, зекетін беріп, ажалы келгенше Раббысына құлшылық жасап, елмен тек қана игі істерде бірге болған адам», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4889; Ахмад: 9142).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Два человека подают людям пример достойной и наполненной смыслом жизни. Один из них – воин, который держит поводья своего коня на пути Аллаха и, едва услышав призыв выступить на Его пути, готов стремглав помчаться верхом, желая самоотверженно сражаться за истину или устремиться туда, где его подстерегает смерть. Другой – человек, который пасёт немногочисленных овец на одном из этих горных хребтов или в одной из долин, совершает намаз, выплачивает закят, поклоняется своему Господу до самой смерти и общается с людьми лишь ради благих дел» (Муслим: 4889; Ахмад: 9142).