Хадис

Азғындық пен арсыздық белең алған, діннің талаптарын орындауға жағдай болмаған қоғамнан оқшауланып өмір сүрудің артықшылығы жайында

О достоинстве уединённой жизни вдали от общества, в котором получили широкое распространение порочность и бесстыдство и нет возможности соблюдать предписания религии

Риядус-салихин, 69-тақырып · 5 хадис · № 598–602

Хадистер

«فَفِرُّوا إِلَى اللَّهِ إِنِّى لَكُمْ مِنْهُ نَذِيرٌ مبِينٌ» «(Уа, Мұхаммед, қауымыңа): «Ендеше, уақыт оздырмай, Аллаға жанұшыра бет алыңдар. Шүбәсіз, мен сендерге Оның тарапынан келген анық ескертушімін». («Зәрият» сүресі, 50-аят)

«Скажи: “Спешите же к Аллаху. Поистине, я являюсь предупреждающим и разъясняющим, пришедшим к вам от Него”» (сура «Зарият», 51:50).

598
Риядус-салихин, № 598

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وقاص قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْعَبْدَ التَّقِيَّ الْغَنِيّ الْخَفِيَّ»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алла Тағала тақуа, ешкімге алақан жаймайтын арлы, адамдар арасында елеусіз және құлшылығы мен игі істерін жасырын түрде жасайтын пендесін ерекше жақсы көреді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 7432; Ахмад: 1529).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, Аллах Всевышний особенно любит богобоязненного раба, который, сохраняя своё достоинство, ни у кого ничего не просит, остаётся незаметным среди людей и совершает поклонение и благие дела втайне”» (Муслим: 7432; Ахмад: 1529).

599
Риядус-салихин, № 599Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: أَيُّ النَّاسِ أَفْضَلُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «مُؤْمِنٌ مُجَاهِدٌ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: «ثُمَّ رَجُلٌ مُعْتَزِلٌ فِى شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَعْبُدُ رَبَّهُ»

وَفِى رِوَايَة: «يَتَّقِى اللَّهَ، وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бір кісі: «Уа, Расулалла! Адамдардың ең абзалы қайсысы?» – деп сұрағанда, ол ﷺ: «Алла жолында жанымен де, мал-дүниесімен де күресетін мүмін», – деді. Әлгі сахаба: «Сосын кім?» – дегенде: «Содан кейін тау шатқалдарының бірінде оқшауланып, Раббысына құлшылық етумен болған адам», – деді». Басқа бір риуаятта: «Аллаға қарсы келуден сақтанатын және адамдарды өзінің жамандығына душар етпейтін адам», – деп келген (Бұхари: 2786; Муслим: 4886; Ахмад: 11125).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Один человек спросил: “О Посланник Аллаха! Кто является лучшим из людей?” Он ﷺ ответил: “Верующий, который ведёт борьбу на пути Аллаха, жертвуя своей жизнью и имуществом”. Тот сподвижник спросил: “А кто после него?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “После него – человек, который уединился в одном из горных ущелий и посвятил себя поклонению своему Господу”».

В другой версии сказано: «Тот, кто остерегается ослушания Аллаха и ограждает людей от собственного зла» (Аль-Бухари: 2786; Муслим: 4886; Ахмад: 11125).

600
Риядус-салихин, № 600Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُوشِكُ أَنْ يَكُونَ خَيْرَ مَالِ الْمُسْلِمِ غَنَمٌ يَتَّبعُ بِهَا شَعَفَ الْجِبَالِ، وَمَواقعَ الْقَطْر يَفِرُّ بِدينِهِ مِنَ الْفِتَنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жақын келешекте мұсылманның қолындағы ең қайырлы дүниесі адамдардан оқшауланып тау-тастың арасы мен жауын-шашыны мол шүйгінді жерлерде жүріп баққан қойлары болады. Ол осылайша, дінін (иманын) сақтап қалу үшін қоғам ішінде белең алған азғындық пен бүліктен қашады», – деп айтты (Бұхари: 19; Ахмад: 11032).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Скоро настанет время, когда лучшим имуществом мусульманина станут овцы, которых он, удалившись от людей, будет пасти среди гор и на тучных, обильно орошаемых дождями пастбищах. Так он будет спасать свою религию (веру), убегая от распространившихся в обществе разложения и смуты» (Аль-Бухари: 19; Ахмад: 11032).

601
Риядус-салихин, № 601Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّهُ نَبِيًّا إِلَّا رَعَى الْغَنَمَ» فَقَالَ أَصْحَابُهُ: وأَنْتَ؟ قَالَ: «نَعَمْ، كُنْتُ أرْعَاهَا عَلَى قَرَارِيطَ لأَهْلِ مَكَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Алла жіберген әрбір пайғамбары міндетті түрде қой баққан», – дегенде, сахабалары: «Сізде ме?» – деп сұрады. Сонда ол: «Иә, мен де бір кездері бірнеше қараттық1 ақыға Меккеліктердің қойларын баққан едім», – деп жауап қатты», – деген (Бұхари: 2262).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Каждый пророк, которого посылал Аллах, непременно пас овец”. Сподвижники спросили: “И вы тоже?” Он ответил: “Да, когда-то и я пас овец мекканцев за несколько киратов1”» (Аль-Бухари: 2262).

  1. 1Динар деп аталатын алтын ақшаның жиырмадан бір бөлігі.
  1. 1Одна двадцатая часть золотой монеты, называемой динаром.
602
Риядус-салихин, № 602Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مِنْ خَيْرِ مَعَاشِ النَّاسِ لهم رَجُلٌ مُمْسِكٌ عِنَانَ فَرَسِهِ فِى سَبِيلِ اللَّه، يَطيرُ عَلَى مَتْنِهِ كُلَّمَا سَمِعَ هَيْعَةً أَوْ فَزعَةً، طَارَ عَلَيْهِ يَبْتَغِى الْقَتْلَ، أَوْ الْمَوْتَ مَظَانَّه، أَوْ رَجُلٌ فِى غُنَيمَةٍ فِى رَأسِ شَعَفَةٍ مِنْ هَذِهِ الشَّعَفِ، أَوْ بَطنِ وَادٍ مِنْ هَذِهِ الْأَوْدِيَةِ، يُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَيُؤتِى الزَّكَاةَ، وَيَعْبُدُ رَبَّهُ حَتَّى يأتِيَهُ الْيَقِينُ، لَيْسَ مِنَ النَّاسِ إِلَّا فِى خَيْرٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Адамдарға үлгі боларлық мәнді ғұмыр кешкен екі адамның бірі: Алла жолында ат тізгінін ұстап, Алла жолына аттан салған әрбір ұранға құлақ түріп, ат үстінде ұшуға дайын тұрған, хақ жолда аянбай күресуге немесе ажал аңдыған қай жерге болмасын баруға жаны құмар жауынгер. Енді бірі: мына жоталардың немесе сайлардың бірінде азын-аулақ қойын бағып, намазын оқып, зекетін беріп, ажалы келгенше Раббысына құлшылық жасап, елмен тек қана игі істерде бірге болған адам», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4889; Ахмад: 9142).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Два человека подают людям пример достойной и наполненной смыслом жизни. Один из них – воин, который держит поводья своего коня на пути Аллаха и, едва услышав призыв выступить на Его пути, готов стремглав помчаться верхом, желая самоотверженно сражаться за истину или устремиться туда, где его подстерегает смерть. Другой – человек, который пасёт немногочисленных овец на одном из этих горных хребтов или в одной из долин, совершает намаз, выплачивает закят, поклоняется своему Господу до самой смерти и общается с людьми лишь ради благих дел» (Муслим: 4889; Ахмад: 9142).