Хадис

Риядус-салихин, № 574

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
64. Дүниені адал жолмен тауып, тиісті жерлерге жұмсайтын шүкір етуші бақуатты адамның артықшылы
Нөмірі
№ 574 (қазақша басылым реті)
574
Риядус-салихин, № 574Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ فُقَراءَ الْمُهَاجِرِينَ أتَوْا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالُوا: ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُورِ بِالدَّرَجَاتِ الْعُلَى، وَالنَّعِيم الْمُقيم، فَقَالَ: «وَمَا ذَاك؟» فَقَالوا: يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّى، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَيَتَصَدَّقُونَ وَلَا نَتَصَدَّقُ، وَيَعْتِقُونَ وَلَا نَعْتِقُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أفَلا أُعَلِّمُكُمْ شَيْئًا تُدْرِكُونَ بِهِ مَنْ سَبَقَكُمْ، وَتَسْبِقُونَ بِهِ مَنْ بَعْدَكُمْ، وَلَا يَكُونُ أَحَدٌ أَفْضَلَ مِنْكُمْ إِلَّا مَنْ صَنَعَ مِثْلَ مَا صَنَعْتُمْ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «تُسَبِّحُونَ وَتُكَبِّرُونَ وَتَحْمِدُونَ، دُبُرَ كُلِّ صَلَاةٍ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ مَرَّةً» فَرَجَعَ فُقَرَاء الْمُهَاجِرِينَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: سَمِعَ إِخْوَانُنَا أَهْلُ الْأمْوالِ بِمَا فَعَلْنَا، فَفَعَلُوا مِثلَهُ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бірде мұһажырлардың пақыр-міскіндері Алла елшісіне ﷺ келіп: «Мал-дүниесі көп болғандар ең жоғары дәрежелер мен мәңгілік нығметтердің бәрін алып кетті!» – деп (наздарын айтты). Алла елшісі: «Не жайлы (айтып тұрсыңдар)?» – деп сұрағанда, әлгілер: «Олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, алайда олар садақа береді, ал біз бере алмаймыз, сондай-ақ олар құл азат етеді, ал біз азат ете алмаймыз!» – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі оларға: «(Олай болса) сендерге өздеріңнен озып кеткендерді қуып жетуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ өздеріңнен кейінгілерді озып кетулеріңе сеп болатын, һәм де дәл өздеріңдей істегендерден өзге ешкім сендерден асып түсе алмайтын бір нәрсе үйретейін бе?» – деді. Сол кезде олар (қатты қуанып): «Әрине, уа, Расулалла!» – деді. Алла елшісі оларға: «Әр намаздың соңында «Субханалла! (Алла күллі кемшілік атаулыдан ада!)», «Аллаһу әкбар! (Алла ұлық!)» және «Әлхамдулиллә! (Бар мадақ пен шүкіршілік бір Аллаға тән!)» деп, отыз үш реттен зікір айтыңдар», – деді. (Содан біраз уақыт өткен соң) пақыр-міскін мұһажырлар Алла елшісіне қайта келіп: «Ауқатты бауырларымыз біздің істеп жүргенімізді естіп алып, олар да дәл солай істейтін болды!» – дейді. Сонда Алла елшісі: «Енді бұл – Алланың қалаған пендесіне нәсіп ететін шарапаты!» – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 843; Муслим: 1347; Ахмад: 7243).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды бедные мухаджиры пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и посетовали: “Обладатели большого богатства достигли высочайших степеней и обрели все вечные блага!” Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Что вы имеете в виду?” Они ответили: “Они совершают намаз так же, как и мы, и постятся так же, как и мы. Однако они раздают милостыню, а мы не можем этого делать; они освобождают рабов, а у нас нет такой возможности”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Не научить ли вас тому, благодаря чему вы догоните опередивших вас, превзойдёте тех, кто следует за вами, и никто не сможет превзойти вас, кроме тех, кто будет поступать так же, как вы?” Они обрадованно ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “После каждого намаза по тридцать три раза произносите: ‘Субханаллах!’ (Аллах пречист от всякого недостатка!), ‘Аллаху акбар!’ (Аллах велик!) и ‘Альхамдулиллях!’ (Вся хвала и благодарность принадлежат одному Аллаху!)”.

Спустя некоторое время бедные мухаджиры вновь пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и сказали: “Наши состоятельные братья услышали о том, что мы делаем, и тоже стали поступать так же!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это – милость Аллаха, которую Он дарует тому, кому пожелает!” (сура “Джума”, 62:4)» (Аль-Бухари: 843; Муслим: 1347; Ахмад: 7243).