Хадис

Дүниені адал жолмен тауып, тиісті жерлерге жұмсайтын шүкір етуші бақуатты адамның артықшылы

О достоинстве благодарного состоятельного человека, который приобретает имущество дозволенным путём и расходует его надлежащим образом

Риядус-салихин, 64-тақырып · 3 хадис · № 572–574

Хадистер

«فَأَمَّا مَنْ أعْطَى وَاتَّقَى وَصَدَّقَ بِالحُسْنَى فَسَنُيَسِّرُهُ لِليُسْرَى» «Кімде-кім мал-дүниесінен (Алла жолында) берсе және Аллаға қарсы келуден сақтанса, сондай-ақ ең абзал сөзді (кәлиманы) шын жүрегімен растаса, Біз де ол үшін мәңгілік бақытқа (пейішке) жеткізетін жолды (және ақыреттегі есебін) жеңілдетеміз». («Ләйл» сүресі, 5-7-аят).

«وَسَيُجَنَّبُهَا الْأَتْقَى الَّذِى يُؤْتِى مَالَهُ يَتَزَكَّى وَمَا لأَحَدٍ عِنْدَهُ مِنْ نِعْمَةٍ تُجْزَى إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ رَبِّهِ الْأَعْلَى وَلَسَوْفَ يَرْضَى» «Ал Аллаға қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар ол оттан аулақ әкетіледі. Мал-пұлын (Алла жолында және мұқтаж жандар үшін) жұмсап, (тәкаппарлықтан және күнә атаулыдан) арылып, тазаланған жан, бергенін өзіне жасалған жақсылықтың қарымтасы деп бермейді. Керісінше, ол бергенде, тек ұлы Раббысының разылығына бөленуді ғана көксейді. Міне, сондықтан да ол ақыретте, сөзсіз, «разылық мәртебесіне» көтеріледі, еңбегінің жемісі мен қарымтасына дән риза болады.» («Ләйл» сүресі, 17-21-аят).

«إِنْ تُبْدُوا الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِى وَإِنْ تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقراءَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ وَيُكَفِّرُ عَنْكُمْ مِنْ سَيِّئَاتِكُمْ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ» «Қайыр-садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы! Ал егер ешкімге көрсетпей, жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін әлдеқайда жақсы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар». («Бақара» сүресі, 271-аят).

«لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ» «Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілік пен кемелдікке қол жеткізе алмайсыңдар. Сондай-ақ қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны білуші!». («Әли Имран» сүресі, 92-аят).

«Посему, кто расходовал положенное и, поклоняясь всем сердцем, остерегался ослушаться Аллаха, и искренне признал истинность прекраснейшего, тому Мы облегчим путь к легчайшему» (сура «Ляйль», 92:5⁠–⁠7).

«И будут отдалены от этого огня богобоязненные люди, которые поклонялись Аллаху искренне и остерегались ослушания, которые расходовали свое имущество, отдалялись и очищались. И такой не дает то, что жертвует, как возмещение за добро. Напротив, когда он отдает, он стремится только к довольству своего Господа Великого. И посему, он непременно будет благодарен и удовлетворен воздаянием за свои усилия в вечной жизни» (сура «Ляйль», 92:17⁠–⁠21).

«Прекрасно то, что вы открыто даете милостыню! А если вы скроете то, что даете обездоленным, то это, конечно же, несравненно лучше для вас самих. Этим Аллах простит вам из ваших злодеяний. И Аллах полностью осведомлен о том, что вы делаете» (сура «Бакара», 2:271).

«Вам не достигнуть благочестия, покуда вы не станете расходовать на пути Аллаха из того, что вы любите. И что бы вы ни пожертвовали, поистине, Аллах знает об этом» (сура «Али Имран», 3:92).

572
Риядус-салихин, № 572Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِى اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَسَلَّطَهُ عَلَى هَلَكَتِهِ فِى الْحَقِّ، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ حِكْمَةً فَهُوَ يَقضِى بِهَا وَيُعَلِّمُهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алланың берген байлығын түгесілгенше Хақ жолында жұмсаған атымтай жомартқа және Алланың бойына дарытқан даналығымен (адамдар арасында туындаған дауларды оңтайлы шешуде) билік айтып, әрі өзгелерге даналық тәлім үйреткен данышпанға», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 73; Муслим: 1896; Ахмад: 4109).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Завидовать можно лишь двум людям: безмерно щедрому человеку, которому Аллах даровал богатство и который расходует его без остатка на пути Истины, и мудрецу, которого Аллах наделил мудростью и который, руководствуясь ею, выносит решения (должным образом разрешая возникающие между людьми споры), а также обучает мудрости других» (Аль-Бухари: 73; Муслим: 1896; Ахмад: 4109).

573
Риядус-салихин, № 573Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِى اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْقُرْآنَ، فَهُوَ يَقُومُ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ، وَرَجُلٌ آتَاهُ مَالًا، فَهُوَ يُنْفِقُهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алла Тағала Құран ілімін нәсіп еткен соң, оны күндіз-түні оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған ғалымға және Алланың берген байлығын күн-түн демей игі жолға жұмсаған жомартқа», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 7529; Муслим: 1894).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Лишь двум людям можно завидовать доброй завистью: учёному, которого Аллах Всевышний наделил знанием Корана и который читает его днём и ночью, неукоснительно исполняя его предписания, и щедрому человеку, который днём и ночью расходует дарованное Аллахом богатство на благие дела» (Аль-Бухари: 7529; Муслим: 1894).

574
Риядус-салихин, № 574Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ فُقَراءَ الْمُهَاجِرِينَ أتَوْا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالُوا: ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُورِ بِالدَّرَجَاتِ الْعُلَى، وَالنَّعِيم الْمُقيم، فَقَالَ: «وَمَا ذَاك؟» فَقَالوا: يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّى، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَيَتَصَدَّقُونَ وَلَا نَتَصَدَّقُ، وَيَعْتِقُونَ وَلَا نَعْتِقُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أفَلا أُعَلِّمُكُمْ شَيْئًا تُدْرِكُونَ بِهِ مَنْ سَبَقَكُمْ، وَتَسْبِقُونَ بِهِ مَنْ بَعْدَكُمْ، وَلَا يَكُونُ أَحَدٌ أَفْضَلَ مِنْكُمْ إِلَّا مَنْ صَنَعَ مِثْلَ مَا صَنَعْتُمْ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «تُسَبِّحُونَ وَتُكَبِّرُونَ وَتَحْمِدُونَ، دُبُرَ كُلِّ صَلَاةٍ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ مَرَّةً» فَرَجَعَ فُقَرَاء الْمُهَاجِرِينَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: سَمِعَ إِخْوَانُنَا أَهْلُ الْأمْوالِ بِمَا فَعَلْنَا، فَفَعَلُوا مِثلَهُ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бірде мұһажырлардың пақыр-міскіндері Алла елшісіне ﷺ келіп: «Мал-дүниесі көп болғандар ең жоғары дәрежелер мен мәңгілік нығметтердің бәрін алып кетті!» – деп (наздарын айтты). Алла елшісі: «Не жайлы (айтып тұрсыңдар)?» – деп сұрағанда, әлгілер: «Олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, алайда олар садақа береді, ал біз бере алмаймыз, сондай-ақ олар құл азат етеді, ал біз азат ете алмаймыз!» – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі оларға: «(Олай болса) сендерге өздеріңнен озып кеткендерді қуып жетуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ өздеріңнен кейінгілерді озып кетулеріңе сеп болатын, һәм де дәл өздеріңдей істегендерден өзге ешкім сендерден асып түсе алмайтын бір нәрсе үйретейін бе?» – деді. Сол кезде олар (қатты қуанып): «Әрине, уа, Расулалла!» – деді. Алла елшісі оларға: «Әр намаздың соңында «Субханалла! (Алла күллі кемшілік атаулыдан ада!)», «Аллаһу әкбар! (Алла ұлық!)» және «Әлхамдулиллә! (Бар мадақ пен шүкіршілік бір Аллаға тән!)» деп, отыз үш реттен зікір айтыңдар», – деді. (Содан біраз уақыт өткен соң) пақыр-міскін мұһажырлар Алла елшісіне қайта келіп: «Ауқатты бауырларымыз біздің істеп жүргенімізді естіп алып, олар да дәл солай істейтін болды!» – дейді. Сонда Алла елшісі: «Енді бұл – Алланың қалаған пендесіне нәсіп ететін шарапаты!» – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 843; Муслим: 1347; Ахмад: 7243).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды бедные мухаджиры пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и посетовали: “Обладатели большого богатства достигли высочайших степеней и обрели все вечные блага!” Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Что вы имеете в виду?” Они ответили: “Они совершают намаз так же, как и мы, и постятся так же, как и мы. Однако они раздают милостыню, а мы не можем этого делать; они освобождают рабов, а у нас нет такой возможности”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Не научить ли вас тому, благодаря чему вы догоните опередивших вас, превзойдёте тех, кто следует за вами, и никто не сможет превзойти вас, кроме тех, кто будет поступать так же, как вы?” Они обрадованно ответили: “Конечно, о Посланник Аллаха!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “После каждого намаза по тридцать три раза произносите: ‘Субханаллах!’ (Аллах пречист от всякого недостатка!), ‘Аллаху акбар!’ (Аллах велик!) и ‘Альхамдулиллях!’ (Вся хвала и благодарность принадлежат одному Аллаху!)”.

Спустя некоторое время бедные мухаджиры вновь пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и сказали: “Наши состоятельные братья услышали о том, что мы делаем, и тоже стали поступать так же!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это – милость Аллаха, которую Он дарует тому, кому пожелает!” (сура “Джума”, 62:4)» (Аль-Бухари: 843; Муслим: 1347; Ахмад: 7243).