Хадис

Ақыреттік істерді істеуде өзара жарысу және шапағаты тиетін істерді көп жасау жайында

О состязании друг с другом в делах ради Последней жизни и стремлении совершать как можно больше благодатных деяний

Риядус-салихин, 63-тақырып · 2 хадис · № 570–571

Хадистер

«وَفِى ذَلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ الْمُتَنَافِسُونَ» «Адамдар өзара жарысатын болса, осынау мәңгілік жаннат мекен үшін жарыссын!» («Мутаффифин» сүресі, 26-аят).

«Пусть же за это соревнуются люди, коль соревнуются меж собой!» (сура «Мутаффифин», 83:26).

570
Риядус-салихин, № 570Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعدٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِشَرابٍ، فَشَرِبَ مِنْهُ وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ، وَعَنْ يَسَارِهِ الْأشْيَاخُ، فَقَالَ لِلغُلَامِ: «أتَأذَنُ لِى أَنْ أُعْطِيَ هؤُلاء؟» فَقَالَ الْغُلَامُ: لَا وَاللَّهِ يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَا أُوْثِرُ بِنَصِيبـي مِنْكَ أَحَدًا. فَتَلَّهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى يَدِهِ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісіне ﷺ сусын әкелініп, ол одан аздап ішті, сонда оң жағында бір жас бала, ал сол жағында жасы үлкен кісілер отырған еді. Алла елшісі әлгі баладан: «Сусынды мына кісілерге беруіме рұқсат етесің бе?» – деп сұрап еді, ол: «Жоқ, уа, Расулалла! Уаллаһи, сізден бұйырған несібемді ешкімге қимаймын», – деді. Содан Алла елшісі сусынды оның қолына ұстатты», – деп келген (Бұхари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).

Хадисте аталған бұл бала Абдуллаһ ибн Аббас еді. وَهذَا الْغُلَامُ هُوَ ابنُ عَبَّاسٍ

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланнику Аллаха ﷺ принесли напиток, и он немного отпил из него. Справа от него сидел мальчик, а слева – люди старшего возраста. Посланник Аллаха ﷺ спросил мальчика: “Разрешишь ли ты мне передать напиток этим людям?” Тот ответил: “Нет, о Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я никому не уступлю свою долю, доставшуюся мне от вас”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ вручил ему сосуд с напитком» (Аль-Бухари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).

Упомянутым в хадисе мальчиком был Абдуллах ибн Аббас.

571
Риядус-салихин, № 571Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أيُّوبُ تَعَالَى يَغْتَسِلُ عُرْيَانًا، فَخَرَّ عَلَيْهِ جَرَادٌ مِنْ ذَهَبٍ، فَجَعَلَ أيُّوبُ يَحْثِى فِى ثَوْبِهِ، فَنَادَاهُ رَبُّهُ تَعَالَى: يَا أيُّوبُ، ألَمْ أكُنْ أغْنَيتكَ عَمَّا تَرَى؟! قَالَ: بَلَى وَعِزَّتِكَ وَلَكِنْ لَا غِنى بي عَنْ بَرَكَتِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бірде Әйюб (а.с.) пайғамбар жалаңаш күйде жуынып жатқанында, кенет төбесінен алтын шегірткелер жауа бастайды. Ол дереу алтын шегірткелерді киіміне жинауға кіріседі. Сол сәтте Ұлы Раббысы оған: «Уа, Әйюб! Мен сені осы көз алдыңдағыларға зәру болмайтындай етіп дәулетіңді арттырмап па едім?» – дейді. Сонда Әйюб (а.с.) пайғамбар: «Уа, Раббым! Ұлылығыңмен ант етейін! Әрине, айтқаның рас! Алайда мен Өзіңнің жіберген берекеңе (сыйыңа) бәрібір мұқтажбын»,1 – деп жауап қатты», – деген (Бұхари: 3391; Ахмад: 8038).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды, когда пророк Айюб (мир ему) купался обнажённым, на него внезапно посыпалась золотая саранча. Он тотчас принялся собирать её в свою одежду. Тогда его Великий Господь сказал ему: “О Айюб! Разве Я не одарил тебя таким достатком, чтобы ты не нуждался в том, что видишь перед собой?” Айюб (мир ему) ответил: “О Господь мой! Клянусь Твоим величием, это так! Однако я всё равно нуждаюсь в ниспосылаемой Тобой благодати (даре)1”» (Аль-Бухари: 3391; Ахмад: 8038).

  1. 1Яғни, қанша жерден дәулетті болсам да, Өзіңнің сыйыңды тәбәрік ретінде қабыл аламын.
  1. 1То есть: «Каким бы богатым я ни был, я всё равно принимаю ниспосланное Тобой как благословенный дар».