عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أيُّوبُ تَعَالَى يَغْتَسِلُ عُرْيَانًا، فَخَرَّ عَلَيْهِ جَرَادٌ مِنْ ذَهَبٍ، فَجَعَلَ أيُّوبُ يَحْثِى فِى ثَوْبِهِ، فَنَادَاهُ رَبُّهُ تَعَالَى: يَا أيُّوبُ، ألَمْ أكُنْ أغْنَيتكَ عَمَّا تَرَى؟! قَالَ: بَلَى وَعِزَّتِكَ وَلَكِنْ لَا غِنى بي عَنْ بَرَكَتِكَ»
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бірде Әйюб (а.с.) пайғамбар жалаңаш күйде жуынып жатқанында, кенет төбесінен алтын шегірткелер жауа бастайды. Ол дереу алтын шегірткелерді киіміне жинауға кіріседі. Сол сәтте Ұлы Раббысы оған: «Уа, Әйюб! Мен сені осы көз алдыңдағыларға зәру болмайтындай етіп дәулетіңді арттырмап па едім?» – дейді. Сонда Әйюб (а.с.) пайғамбар: «Уа, Раббым! Ұлылығыңмен ант етейін! Әрине, айтқаның рас! Алайда мен Өзіңнің жіберген берекеңе (сыйыңа) бәрібір мұқтажбын»,1 – деп жауап қатты», – деген (Бұхари: 3391; Ахмад: 8038).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды, когда пророк Айюб (мир ему) купался обнажённым, на него внезапно посыпалась золотая саранча. Он тотчас принялся собирать её в свою одежду. Тогда его Великий Господь сказал ему: “О Айюб! Разве Я не одарил тебя таким достатком, чтобы ты не нуждался в том, что видишь перед собой?” Айюб (мир ему) ответил: “О Господь мой! Клянусь Твоим величием, это так! Однако я всё равно нуждаюсь в ниспосылаемой Тобой благодати (даре)1”» (Аль-Бухари: 3391; Ахмад: 8038).
- 1Яғни, қанша жерден дәулетті болсам да, Өзіңнің сыйыңды тәбәрік ретінде қабыл аламын.
- 1То есть: «Каким бы богатым я ни был, я всё равно принимаю ниспосланное Тобой как благословенный дар».